Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 12:31
Әсет Найманбаев


Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда ( қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы ) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған.
Әсет жеті-сегіз жасында Көктума да ( қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы ) Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 - 15 жасында - ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған. Әсет - ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну, дінді уағыздау сарыны байқалады.
Әсет - асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т.б. Әнші - композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем - ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені сезіледі.
1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды. Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.
Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегі әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында «кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір ерекшелігі күрделі сюжетті поэмалар жазуды да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.

Болжаусыз осы екен ғой өлім деген
Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,
Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.
Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,
Айғайға қайран даусым ерінбеген.
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай өлу деген.
Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп,
Баянсыз тіршілікке сенуменен,
Қатын, бала асырау амалында
Кеттім-ай үнемі көңіл бөлуменен.
Менен сорлы ақын да өтті ме екен,
Бір сөзі баспа орнына берілмеген?!
Осымен өмір бітті, дәм таусылды,

Ішімде көп сөз кетті-ау терілмеген.
Тіршілікте әрекет етпеген соң,
Сүйектен не шығады кебіндеген?
Жолықтым дем таусылар уақытысына,
Өлімнің мейірімсіз қаттысына.
Азалды ақша беріп сатып алып,
Кездестім надан елдің бақсысына.
Ажал ма, арманда ма, қалайша өлем,
Білетін дәрігердің жоқ жақсысы да.
Алмасты мұсәтір деп татып алдым,
Дерт шалды өне-бойды, жатып алдым.
Құдайдан тура келсе арманым не,
Ажалды ақша беріп сатып алдым.
Алашқа атым шыққан Әсет ақын,
Өлеңім - жан жолдасым маған жақын.
Аңраған аспан-көкке асқақ үнім,
Саған да уақыт жетті қарлығатын.
Бозбала осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.
Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің.
Ішінде өсіп-өндім Қызай елдің,
Жерлерін Күнес, Текес мекендедім.
Дүниенің қызығына тоямын деп,
Көз жұмдың, бақыр Әсет, бітті демің.
Өлеңмен атақ жайдым оң мен солға,
Бір алла сапарымды өзің оңда.
Дертке дәрмен, көңілімнің гүлі болған,
Осы өлең адастырды-ау ақтық жолда.
Ел-жұртым, аға-інім, көңіл қосым,
Бәрібір мейлі дұшпан, мейлі досым.
Артымда тірі қалған үлкен-кіші
Бәріне ақтық рет айтқан қошым.



Ән басып, мейір қандыра салғандай қып
Ән басып, мейір қандыра салғандай қып,
Үйреніп жастар ғибрат алғандай қып,
Тәтті әннің арасына асыл сөзді,
Тоқысаң меруерт пен маржандай қып.
Сөйлеген грамафон табағындай,
Мирас боп бозбалаға қалғандай қып.
Бір сағат сандуғаштай сайрап берсең,
Құлаққа қайта есіту армандай қып.
Бесмилла сөз сөйлейін тыңда жұртым,
Көңілдің әңгіме ашар, қайғы бұлтын.
Жарасты жақсы сөзден өлең өріп,
Келтірсе ашуына сөздің кілтін.
Бұрын да тақ Сүлеймен, Зұлқарнайын,
Тастаған талай ғазиз дүние мүлкін.
Болмайды көрген түстей көз жұмылса,
Тірлікте қанша қызық ойын-күлкің.
Бесмилла сөз сөйлейін тыңда қауым,

Сұралық ер азамат, деннің сауын.
Қырандай тоят іздер шіркін көңіл,
Тартқандай томағасын, аяқ бауын.
Аспанға тірі ғайып қазірет Ғайса,
Әзелде оған тағдыр осылайша.
Көп іздеп, аш құландай жаһан кездің,
Көк шалғын табылар деп қайдан майса.
Дүниенің аз тоятын көптей көріп,
Қызығын торғай қуған тұрымтайша.
Кеудемде асыл сөзім шірімесін
Бермеген малдан зекет сараң байша.
Көзден нұр, мидан ақыл, бойдан қуат,
Дәурен жоқ жастық мөлшер бізден тайса.
Күнқақты сұр шолақсың шыр бітпеген,
Кісідей өрт өшірген түр бітпеген.
Араққа апиынды езіп ішіп,
Бір қусың мал-басыңды өрбітпеген.
Асаудай аптық басып арындайсың,
Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың.
Терідей сабын жаққан жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай қойған жерден табылмайсың.
Жігітке қисық мінез мінменен тең,

Жараспас жас бойына сынменен тең.
Қолы сараң надан бар, көңілі қарау,
Ақ жүрегі қараңғы түнменен тең;
Күлдіргіш қалжыңға ұста тәуір жігіт
Көңілдің бақшасында гүлменен тең,
Сасқан жерде ойланып тапқан ақыл,
Заты жалған болғанмен шынменен тең;
Ақылыңда жарасқан жақсы жолдас,
Кіндігіңнен тараған ұлменен тең;
Ойыншыл, қалжың сықақ көтерген ер
Терісі жуан елі пілменен тең;
Жақсы атадан жарым ес бала туса,
Қайырымсыз, қайғылы - суменен тең;
Ойсыз, мисыз болады кейбір жігіт,
Жігеріңді қылады құмменен тең;
Біреуден пайдаланған ақыл, білім
Жаңбырмен араласқан нұрменен тең.
Қазағым қараңғыда өмірі өткен,
Еңбексіз әр нәрседен көңіл еткен.
Қояндай көлеңкеден босқа қорқып,
Біле алмай барар жолын зеңгіп өткен.
Үш жылда бір келетін сайлау болса,
Бар малын ысырап қылып төгіп өткен.
«Малдының беті жарық» мақал болып,
Малсыздың тіршілігі кеміп өткен.
Қырық жеті қызға берсе шал алады,
Қисапсыз көп мал беріп бөгіп өткен.
Талқан боп тас ошағы шағылса да
Қыз алған қылмысты боп көніп өткен.
Шығарған төре билеп заң, өнеге,
Жоқ жұмыс шариғатта, ол немене?
Төренің қатынынан бір ұл туса,
Онысын ие қылып әр төбеге.
Теңдесіп қара қазақ келе алған жоқ,

Төренің аулы қонған керенеге.
Төре өлсе бір қазақты бәйге тігіп,
Іс қылған есебі жоқ ережеге.
Төрені түк білмейтін сұлтан қойып,
Көргендер білгендермен тең келе ме?
Қабарсыз қара көңіл қазағым-ай,
Еріксіз билік беріп, сол немеге?
Сарт, ноғай саудагер бар базардағы,
Ол-дағы қараңғы елге тажал-дағы.
Ойламай бір теңгеге бір қой алып,
Халықтың ебін тапты олар-дағы.
Бір теңгеге он теңге бексол жасап,
Халықтың қанын сорды-ау бұлар-дағы.
Біркәшік сұлу ат пен әсем киім,
Түрі жат қойға қара шабардағы.
Қазақтың бір сиырын қуа қашып,
Борышын үлестіріп замандағы.
Мал шашып қазақ құмар шен алмаққа.
Тақытта үш жыл жатып демалмаққа.
Аз малын арам жолға ысырап қылып,
Пәледен ұрлық жасап жем алмаққа.
Әкесі олай, баласы бұлай тартып,
Сатады қарындасын он жармаққа.
Сайлауға ат таппаса, өгіз мініп,
Бай түгіл, кедей құмар бір бармаққа.
Би қиқайса тартады мұрындарын,
Білгенсіп әр нәрсенің орындарын.
Ақиқаттан хабарсыз шартақ билер,
Бұзды ғой әділеттің формыларын.
Қаңғыртып қара жұрттың қанын сорып,
Сипаған қазандай қып қарындарын.
Нақақты әділетсіз күйдірдің ғой,
Биеке - ау, мұның қалай қағынғаның?
Бірде кей қателесіп жолға түссе,
Дұрыс па соған қарай сойылыңды.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: (1867, Найманбайұлы, 1923), Әсет, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Просмотров: 13641 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]