Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 14:49


Нәжімеденов Жұмекен (1935-1983)

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы қараша айының 28 жұлдызында қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.
  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде (1956-1959) оқыған. Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.
  Еңбек жолын 1955 жылы Қарағанды шахтасында қарапайым жұмысшы болып істеуден бастаған. 1959-1965 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965-1966 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974-1978 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте редактор, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген.
  Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді: «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997), «Мен – тамырмын» дастандар, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық».
1967 жылы «Жоқ,ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
  Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.
  «Жұмекен сабақты жақсы оқыды. Әрі мектепке баруы мұң екен, домбыраға төселіп жүре берді. Ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін. Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын»,- деп еске алады балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла Қабдешов.
  Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен , негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.
  Жұмекен Нәжімеденов өмірден ерте кетті. Қазір оның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілді.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: (1935-1983), ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, Нәжімеденов, Жұмекен
Просмотров: 5615 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]