Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ақтабан Шұбырынды
[ Скачать с сервера (23.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
20.11.2013, 20:16
XVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
XVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай император(боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар билеушілері Еділ бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты.Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді.
1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.

Аңырақай шайқасы
XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.
Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, казақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара кырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті. Мұның бәрі қазақ елінің сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, ежелгі жауының күшін әлсіретуге көмектесті.
XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.
Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 9856 | Загрузок: 263 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]