Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақ халқының әшекей бұйымдары.
[ Скачать с сервера (18.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
13.03.2016, 22:15

Қазақ халқының әшекей бұйымдары.

Қолөнер –ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен  дәстүрлі де  халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да  оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейді.

Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше  таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.

Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің  өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай  сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде  жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің  ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Зергер- сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері. Әсіресе, зергерлік бұйымдардың ішінде  қазақтың қыз-келіншек, әйелдердің тағатын әшекей бұйымдардың орны ерекше.

«Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген, қазірде қыз келіншектердің барлығы дерлік мойын қодарына әшекейлерін күнделікті өмірде тағып жүреді. Бірақ бір әттеген-ай дейтін жеріміз өзіміздің ұлттық нақыштағы әшекейлерімізді емес Еуропа стилиндегі бұйымдарды күнделікті өмірде қолданады. Менің бұл тақырыпты таңдаған мақсатым ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарымыздың тек сәндік ретінде ғана емес емдік қасиеттері жөнінде де мағлұмат беру. Менің ойымша біз өз ұлттық киімізді, сәндік қолданбалы өнерімізлі, әшекей бұйымдарымызды күнделікті өмірде қолданып жүрсек, басқа ұлт өкілдері де қызығып, одан әрі қазақтың әшекей бұйымдарының таралуына, ұмыт болмауына оң әсерін тигізер еді.

Енді әшекей бұйымдарымызды саралап олардың емдік қасиеттерін адамға тигізетін пайдасын жазсам.     

Зергерлер көбіне бағалы металлдың ішіндегі  ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі  техникалық тәсілдерге  икемділігін, жұмсақтығын  және  тазалығын жоғары бағалаған. Сонымен қатар күмістің адам баласына тигізетін пайдасы көп екен. Адам бойындағы ауыруларды күміс тартады дейді, сол кезде ол қарайып кетеді екен.

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау т.б. әсем жасай білген.     Қазақтың қыз-келіншектерін  ажарландыра  түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – саукеле.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Тағы да әсем бұйымдардың бірі жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан  не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық  жүзік  деп аталады.

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті қоңыраулы, күмбезді  т.б. түрлері болған. Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шығара салып, құлағының сырғалығын тары дәнімен ұқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп қалмау үшін кейінірек кішігірім күміс сырға тағатын. Ол «жас нәрестеге тіл- көз тимесін» деген тілектен туындаса керек. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген  немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда  көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әр түрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен оны ұл емес қыз, деп құлағына сырға тағып қоятын болған. Баланың буыны бекіп ер  жете бастағанда ғана оны құлағынан шешіп алған. Ал қазір бұл ғұрып өкінішке орай  ұмыт болған.  

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан  тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды.

Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не  не кестелі бауға тағып, шашпен бірге тағып қойған. Ол өрілген бұрымның  ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік  бұйым. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын жөндеу үшін қоңыраулы шолпыны қолданған. Бұл да тәрбиелеудің  бір әдісі деп ұққан  дұрыс. Ал екіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайды. Сонда шолпының емдік қасиетінің бар екенін байқаймыз. Ерте заманда «шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды  қашырады» деп сенген.

Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты- түйреуіш. Түйреуішті көбінесе көз тимесін деген ниетпен жаңа туған сәбилердің киімдеріне тағып қоятын болған.

Алқа – әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Мойынға тағатын өңір әшекейлері  тобына алқадан басқа моншақ, тұмар сиақты бұйымдар жатады. Бұл әшекейлерді емдік тәжірбиеде де пайдаланылған. Егер баланың құлағынан бұлақ ағып ауырса, анасы оны бұлаққа әкеліп, үш рет ауырған жерін сумен жуып, суға міндетті түрде моншақты тастаған. Содан кейін «Бұлағыңды алып, құлағымды бер!» деген қасиетті сөздерді үш рет айтқан. Бұл жағдайда моншақ баланы ауыруынан айықтыру үшін өтемақы және бұлақтың тазартушылық магиялық күшімен байланыстырушы ретінде қолданылады. Сонымен қатар эпилепсия ауыруына да қолданылған. Моншақтардың «көз моншақ», «қараңғылық моншақ», «чашми» т.б. әшекейлерді таққан балалар, ересек адамдар тіл-көзден, бәле-жаладан , ауру –сырқаудан  аман болады деген түсінік ел арасында қазір де кездеседі.

Айта берсек қазақтың әшекей бұйымдары өте көп. Қорыта айтқанда, қазақтың халық өнерінің  жете дамыған түрлерінің бірі  қазақтың әшекей бұйымдары арқылы  халық педагогикасының  зергерлік өнері жайлы насихаттау және оны дамыту ұлттық мәдениетіміздің  тарихында өзгеше орын алады. 

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Сункар
Просмотров: 10251 | Загрузок: 112 | Рейтинг: 4.0/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]