Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан І-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
02.02.2012, 13:54

Қазақстан  І  Дүние жүзілік соғыс жылдарында

 

     Н. Темиров

 

      ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты.   Автро-Герман блогының құрамында Германия,Австрия-Венгрия,Түркия және Италия болды. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басты себебі: империалистік державалар арасында, ең алдымен Германия мен Англия арасындағы  отарлар мен ықпал ету аймағы үшін күрес болды. Соғысты бастаған герман империалистері, ал соғысқа кінәлі барлық елдің империалистері  болатын. Негізі соғыс екі жақтан да басқыншылық  сипатта болды. Ресей соғысқа 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамыз) кірісті. Австро –Герман блогының ойлаған жоспары - Францияға соққы беріп, Париж арқылы Англияны, содан кейін бар күшті Ресейге жұмсау еді. Бірақ Ресей соғысқа өте қызу араласты.

 

 Осы кезде Ресей империасының жалпы жағдайы мүшкіл еді. Соғыс күн сайын өрши түсті, аса ауыр қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек, азық-түлік беруді талап етті.1915 жылы армияны жабдықтауда қиыншылық, дағдарыс басталды. Әскери бөлімдерде мылтық пен оқ жетіспеді.1915 жылы өнеркесіптер армияны жабдықтауды біршама жақсартты. Дегенмен, бұл оң өзгерістер майдан қажеттіліктеріне бұрынғысынша ілесе алмады. Ресейде болаттың, шойынның нашар өндірілуінен қажетті мөлшерде өнімін бере алмады. Отын мен электор қуатының тапшылығынан көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Мұнай мен көмірдің өндірілуі мүлде  нашар еді. Азық-түлік азайып, 5-8 есе қымбаттады. Елді аштық жайлай бастады. Тек Петроградта 50 кәсіпорын тоқтап, істен шықты. Әсіресе, Петроград пен Москвада  жағдай өте ауыр еді. Дүкендерде таңертеннен-ақ: <Нан жоқ, болмайды>деген жарнамалар жиі-жиі ілулі тұратын.

 

   Міне, осындай қиын  жағдай  және соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І Дүние жүзілік  соғыс елді тығырыққа тіреп қойды. І Дүние жүзілік соғыс тек Петроградпен Ресейде ғана ауыр болған жоқ, Ресей империясының құрамындағы отарланып отырған барлық елдердің жағдайы қиын еді. Соғыс Қазақстанды да жалмап жатты. Сонымен  қоймай, бай-феодалдар, шенеуніктер қазақтарды ұрып-соғып, жерлерін тартып алып, шөл, таулы жерлерге тықсырды. Өйткені, олар патшаның сойылын соғып, отаршылдармен ауыз жаласып, бірігіп басқыншылық қимылдар көрсетті және патшаның отарлау, тонау саясатын қолдады.

 

Қазақ елі І Дүние жүзілік соғыс қарсанында Ресейдің азық-түлік, шикізат, киім-кешек көзі болды. Осыған дәлел 1916 жылы Түркістан өлкесінен осыншама  азық-түлік әкетілді. Жергілікті халыққа салынатын салык 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15есе өсті. Жергілікті әкімшілік әрбір үйден әскери салықты, земостволық, жолдық және болыстар алатын, тағы  басқа салықтарды қадағалап отырды. Осы Қазақстаннан қанша түйе, ет, балық, киім-кешек, оқ-дәрі, шикізат алып жатса да, көрсе көзі тоймайтын үстем тап өкілдері салықты да жинады. Салықты төлемеу былай тұрсын, егер сәл ғана кешеуілдесе дүре соғып, салықты алатын еді. І Дүниежүзілік соғыс жылдарында старшиналар, шенеуніктер, байлар қазынаны тонап, үйлеріне барлық керек заттарды тасыды. Жұмысшы, шаруа халық қанша рет арыз жазса да ешқандай пайда тимеді. Керісінше, ұрып-соғып, салықтар салды. Халықтан тым ауыр салықтар ғана жинап қоймай, түрлі «ерікті қаржы жинау» дейтіндерді де жинап отырды. Міндетті салықты төлей алмай отырған халық енді не істерін білмеді. Бірақ, шенеуніктер халықтың бар малын, үй-жиһазын алып кетіп отырды. Бұл жағдай сонау XVIII ғасырдағы жоңғарлардан қашып, ит-құсқа жем болған халықтың тағдырымен тұспа-тұс келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

атын Америка елдері.

 

                              Жоспар:

Америка

Америка аралық конферециялар

Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік үшін соғыс.

Америка Испания келісімдігі.

Латын Америкасы елдерінің 1929-1939 жылдардағы даму.

Латын Америкасы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда.

Латын Америкасы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, І-ші, Қазақстан, соғыс, Дүниежүзілік, жылдарында
Просмотров: 9340 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]