Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін айқындайтын белгілер
[ Скачать с сервера (121.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
02.08.2014, 11:49


Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін айқындайтын белгілер (нышандары)
Жалпы мақсаты Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер –рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.
Ресурстар
Сабақта туындаған негізгі идеялар Алған білімдерін практикада ұштастыра біледі.
Тапсырма Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, себебін анықтау
Б) Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару
Амандасады, тіркеу журналына тіркеледі, топқа бөлінеді.
Сұрақ –жауап Жетекші сұрақтары бар парақшалар таратылады.
- Қазақстанның туының түсі қандай?
- Қазақстанның туын қай жерлерден көресің?
- Қазақстанның елтаңбасы қандай?
- Қазақстанның елтаңбасында қандай белгілерді көрдің?
- Қазақстан Республикасының әнұраны қай кезде орындалады Жетекші сұрақтарға өз ойларын ойланып, жауап жазады, жеке – жеке оқып шығады.
Мағынаны ашу Түрткі сұрақтар қойылады
Сендердің ойларынша мемлекеттік рәміздерге өзгеріс енгізу керек пе? Топпен жұмыс жасайды. Постер жасап, қорғау

Жаңа тақырыпты түсіндіру Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында мемлекеттігінің белгілері рәміздері бар.Рәміз дегеніміз-белгілі бір нәрсені сипаттап көрсетуден туатын сыр- таңба,шартты белгі. Қазақстан Республикасы,тәуелсіз мемлекет.Сондықтанда, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді
Әнұран-жар салу деген мағынаны білдіреді.
Әнұран адамға зор рухани әсер ететін күш береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары:
Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.
Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов
Елтаңба – көгілдір түс, негізінде – шаңырақ бейнесі, аспан күмбезіндегі күн бейнесі, уықтары күн сәулесін елестетеді. Елтаңбада арғымақ бейнесін алтын пырақты ай мүйізді етіп келтірген. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған. Жұлдыз – еліміздің жұлдызы жарық болсын деген мағына береді.
Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
Ту – тік төртбұрышты,көгілдір түсті мата ортасында күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнек жолақ бейнеленген.
Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған
Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері да сондай әсем.
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақьа ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Есте сақта!
• Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларын білу;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің түсінің,пішінінің, элементінің мәнін білу;
• Қазақстан Республикасының мелекеттік әнұранын мемлекеттік тілде орындай білуі;
Әрбір оқушы міндетті түрде осы 3 қағиданы біліп есіңде сақтау керек.
Қорытынды: Сендер бүгінгі сабақтан кейін Қазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын . Келешекте Қазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдерінді сенімдімін.
Сергіту сәті 1. 1992 жылды… 4 маусымы – тарихи күн, себебі Қазақстан Республикасыны… Мемлекетті… туы мен елтаңбасы бекітілді.
2.Елтаңбад...сол елді... тарихы және дәстүрі толық танылуы керек.
3. Біз Қазақстанд...тұратынымызды, әрі азамат... екенімізді мақтан етеміз.
(ң, ң, к, а, ң, а, ы) Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып , сергіп алады.
Бекіту.
Рефлекция Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?
Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
Тудың авторы кім ?
Ту неліктен көк түсті ?
Туда нелер бейнеленген ?
Елтаңбаның авторлары кімдер ?
Елтаңбада нелер бейнеленген ?
Әнұранның сөзін жазған кімдер ?
Әнұранның әнін жазған кім? Стикерлерге жазу

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 5661 | Загрузок: 261 | Рейтинг: 2.5/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]