Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Көне дүниелер-ғасырлар куәсі
[ Скачать с сервера (17.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
12.03.2015, 14:01

Көне дүниелер-ғасырлар куәсі

Атамекен-туып өскен жерің,кіндік қаның тамған жер.Құтты қоныстың қасиетіне тәңірден табынып,бас иген бабаларымыздың ақын жанды болуы заңды.Туған жердің кереметтілігін кез- келген адам өзінше пайымдайды.Ата-қоныстың ата-бабамызға тым қымбатқа түскенін әр кез қатерде ұстауымыз қажет.Жер тарихы кешегінің бүгінге қалдырған,бүгінгінің ертеңге енші болар жылнамасы.

Ауылым-құба құмдар аясында,

Жайқалған көк құрақтар саясында.

Қараөзен, Мұқырымнан самал ессе,

Шіркін-ай,жұпарына тоясын ба? - деп Закария Жүсіпқалиұлы Сисенғали жырлағандай, қойнауы тарихқа толы мекендердің бірі - Мұқыр ауылы. Мен де ауылымды өзімше сүйіп, құрметтеймін. Жергілікті тұрғындар үшін бұл өңірдің екі атауы бар. Ауылдың жағрафиялық атауы бойынша Ақжайықтан тартқан Мұқыр өзенінің атымен аталса, ауызекі әңгімеде Казарма депте айтыла береді. Соңғысы сонау аласапыран ақ-қызылы бар әскерлердің бекеті болған жалғыз үйге байланысты аталды деседі. Ауылымыздың аймағында өткенн заманды еске түсіретін тарихи жәдігерлер көп кездеседі. Өлкеміздің өткен тарихын зерттеуде жетекшілік етіп жүрген Мөлдір Асқарқызы екеуміз бірігіп, ауылдың тарихы туралы көнекөз қариялардан сұрастырдық және газет-журналдардан мағұлмат жинастырдық.

Көне дүниелер куәсін зерттеуімнің мақсаты: Өлкеміздің тарихының терең қатпарларына үңіліп, табылған жәдігерлер сырын ашу. Алайда тарихтың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай, сан құпияны құм басып жатса, кейбірі ашылғанымен  де өткенімізбен толық таныстыра алмайды.

Әсіресе, туып-өскен жеріміздің сырын ақтарып, ежелгі дүниені танып білу аса маңызды мәселе болып табылады. Мұқыр елі жайлы ешбір авторлардың еңбектерінде кездеспейді, ғылыми зерттеу жұмыстарыда мүлдем жүргізілмеген. Халық арасындағы ауызша мәліметтер мардымсыз.Мөлдір Асқарқызы жүргізетін  «Атажұрт» үйірме оқушыларымен Мұқыр ауылына археологиялық барлау кезінде ғасырлар сырын ішіне бүккен бірнеше жәдігерлер табылды. Оларды атап айтсақ:  тас жебелер, қола жебелер, қола айна ,күміс жапсырмалар,әртүрлі қыш құмыралардың сынықтары, шаңылтырлы ыдыс сынықтары, тас құралдар. Керамикалық ыдыстар.Мұқыр керамикасы екі түрлі саздан жасалған .Біріншісі –қызыл түсті сазды балшық,екіншісі сұр түсті балшық,қыштан жасалған ыдыстар оюланып,әр түрлі геометриялық фигуралармен бедерленген.Бірінші қызыл түсті балшықтан жасалған құмыра:Қазақстанның ежелгі қалалары авторы:К.Байпақов Алматы «Аруна » оқулығындағы 31 беттегі суретте

Қаңлы керамикасы III-IV ғғ.Оңтүстік Қазақстаннан табылған құмыраға қатты ұқсайды.Себебі біздің құмырамызда қызыл түсті сазды  балшықтан жасалған,әрі ондағы су толқыныңдай бейне біздің құмырамызда да бейнеленген.Осындай құмыралар «Білән шағылынан »  табылды. Екінші қыштан жасалған ыдыс  «Бұзаутүбек»  жерінен табылған сұр түсті құмыра Қазақстан тарихы 6-сынып авторы:Т.С.Садықов,Ғ.Сәрсекеев Алматы:Атамұра ,2006 жылы шыққан кітаптағы      35 беттегі Андрон мәдениетінің қыш ыдыстарына өте ұқсас. Сазды балшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді.Тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пеште күйдірілген.Ыдыстар әр түрлі пішінде жасалған.Біздің құмырамызда тарақ тәрізді,тегіс сызықтар бейнеленген,осы дәуірдегі құмыраларға ұқсас.«Тас жебелер» Орта тас ғасыры «Мезолит» б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды. Мезолит заманының басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.Мезолиттік аңшылар Ертіс,Есіл,Тобыл,Торғай,Жайық өзендерінің жағалауын мекендеген. Мезолиттік аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен баспаналарыда тұрақты болмаған.Қызыл шағыл аталып жүрген «Білән» жерінен «мезолит»  заманына жататын «жебе ұштары»  мен бірнеше тас құралдары,кескіш,ұсақ жаңқа тастар табылды.Осы табылған заттарға қарап,біздің жерімізде де,мезолит заманының адамдары мекендеген деген болжамға келдік.Сонау тас ғасыры еңбек құралдары табылған жерімнің тұңған тарих екеніне көзім жетті.Көптеген жәдігерлер құм жұтып,тек санаулы деректер бізге жетіп отыр.Әйелдерге ,қыздарға арналған зергерлік бұйымдар.Ромбик тәріздес сырға,тасбақа пішінде жасалған алқа,моншақ тастары табылды.Көптеген  «қола жебелер»  табылды. «Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы» атты Ахметжан Қалиолла Саматұлының оқулығындағы жебелермен салыстырып көрдік. Жергілікті жерден табылған 3 түрлі жебелар бар. Олар тастан және қоладан , темірден жасалған.Сақтардың  б.з.дейінгі V-III ғғ үш қырлы ұңғылы, және үш қырлы жетелі жебелер жасалына бастаған. Біздің жебеміздің ұшы,қыры,күмбезі,сағағы бар және ол қоладан жасалған.Қоладан жасалған жебе ұштарының сегізін «Білән» құмынан таптық, біреуін  «Екпінді»  жерінен табқан болатынбыз,олардың екеуінде дыбыс шығаратын тесігі бар.

Қимақтардың найза жебелері.Археологиялық қазбаларда табылған қару-жарақ заттары қимақ-қыпшақтарда қару-жарақ ісі биік деңгейде болғандығын көрсетеді.Қимақтардың оқтарының,жебелерінің жасалу әдісі де түркілерге ұқсас болды. X-XI ғғ  көшпелі халықтарда жебелер жалпақ болып келген,сопақша ромб түрлері пайда болды.Біздің жерімізден табылған темірден жасалған жебе сопақша ромб түрінде жасалған,екіншісі пышақтың басына ұқсайды яғни бір жағы ғана ұшты болып келген,осы жебелерді оқулықтағы суреттердегі жебелерге ұқсатамыз.Шаңылтырлы ыдыстың екі сынығы құм қойнауынан  табылды.Геометриялық өрнектермен безендірілген шамамен  XIV –XV ғғ.Сарайшықтан табылған ыдыстардың сынықтарымен байланыстырдық.Ауыл маңындағы Бұзаутүбек жерінен көне жәдігер XIV-XV ғғ жататын «қола айна» табылды.Қола айнаның ернеуі сыртына қарай қайырылған.Оның салмағы 100 гр, шеңбер ішінде төрт жағында қазмойын ою-өрнегіне ойшықталып бейнеленген оның ішінде дөңгелектеп қоланы құйған.Жез,мыс,қоладан жасалған мүлік жылдам тотығып,қарайып кетеді.Біздің айнамызда тотығып,қарайғанға ұқсайды.XIII-XIV ғғ.Қытайдан,Ираннан қола айналар Ұлы Жібек жолы арқылы жеткізілген.Содан кейін айналардың қалыбы құйылып алынып,олардың бір бөлігі Отырарда жасалына бастады.«Жапсырмалар»  болжамымыз бойынша б.з.б. VII ғ жататын қоладан  жасалған. «Аң стилі» б.з.б. VII ғ  бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу аңдық стиль пайда болды.Оның негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар,құрбандық заттары,қару-жарақтар,киімдерді  әдемі жапсырмалармен әшекейлеген. Жануарлар мен аң-құстардың жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, бүркіт,қасқыр бейнелерімен бейнелеген. «Қола жапсырмада» бүркіт бейнесі бейнеленген.Жапсырманың екеуі бір жерден табылды, жан жағында бекіткен  жіптері бар.Дәл осындай жапсырмалар Бұзаутүбек жерінен табылды жасалған жапсырмалар, ою өрнектермен безендірілген.Бірінші  жапсырма «қызғалдақ» пішіндес болса, екіншісі «ұшып келе жатқан құсқа» ұқсайды.Арнайы бекітетін орындары және ұстатылған жіп қалдықтары бар.Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында » атты кітабында : «Егер  біз ел болғымыз келсе және өз елдігіміз ұзақ сақталсын десек, халықтың рухани бастауын түсінуіміз керек»-дейді.Мұқыр жерінің ескерткішін болашақта жан-жақты зерттеу  Қазақстан мәдениет тарихында лайықты орын дәйектеп, тұрғындардың ұлттық тарихи танымын қалыптастыратыны сөзсіз. Сондықтан да,жоғардағы мәселелерді шешу үшін археологиялық экспедиция ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.Мұқыр жұртынан табылған әрбір заттар ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз екенін мақтанышпен айта аламыз.Баға жетпес асыл мұраларымызды зерттеу мен қорғау,оны ұлттық мәдениетіміздің алтын қазынасына айналдыруға атсалысу баршамыздың борышымыз.

 

 

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 2715 | Загрузок: 39 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]