Главная » Файлы » Рефераты » Қазақстан тарихы



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әндердің тәрбиелік мәні
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 04.02.2012, 10:00

Ұлы Отан соғысы  кезіндегі  патриоттық Әндердің тӘрбиелік мӘні

 

С.Т.Нұрманова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Ән-ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі , заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы.

Әннің жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде, қуанышында да, демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады.

«Жас шақта берілген тәрбие өмірлік азық»- дейді халқымыз. Осыған орай қазіргі таңда жастарымызды патриоттық әндермен жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі, еңбек сүйгіш адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет.

Жастарды өскен ортасын сүюге, халықтар достығы рухында тәрбиелеу деген-жеткіншектердің бойына қазақ халқының дүниежүзілік мәні бар тарихи жеңісін, халықтар достығының саяси әдісін, өскелең күшін халықаралық ынтымақтастық принциптерін түсініп,бойға сіңіре білу, ұғындыра білу сияқты педагогикалық жайлар мен әдістерге баулу керек деген сөз.

«Ерлік табиғат сыйы емес,-дейді Бауыржан Момышұлы, -ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтық қасиетті абыройыңды ұлтқа қалу, опасыздықпен масқара болу сезімнен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімі, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен-өзің сайысқа түсе отырып, тұтас өміріңнің игілігін ғана емес, сонымен қатар қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жан, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр ету,» -деп, Отан алдындағы азаматтық парызды орындауда, халықтың тұрмыс тіршілігі үшін жан аямай күресуді көздеді.

Ұлы Отан соғысына арналған патриоттық әндерді біздің барлық ақын жыршыларымыз жырлады. Ән мен жыр арқылы елімізді жаудан қорғаған батырларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа мәңгі  мұра етіп қалдырды.

Ұлы Отан соғысы кезінде халықтың ұлы әнші-ақыны Нартай Бекежановтың жетекшілігімен «Нартай ансамблі», творчествалық құлашын кең жайды. Ол Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарын аралап, үлкен творчествалық табыстармен концерттер беріп жүрді.Ансамбль Қазақстан жерін аралап ғана қоймай, Қырғызстанның Ош, Жалалабад облыстарын аралап, тылда ерлік жасап жүрген батырлардың рухтарын үнемі көтеріп жүрді. Нартайдың сегізқырлы өнерпаздығымен, жан-жакты орындаушылығы бейбітшілік ұранын жырлады.

Сондай-ақ ұлы әнші Манарбек Ержанов соғыс кезінде совет халқын жаудан жеңуге шақыратын, жауға деген кекті арттыртатын жарқын шығамалар берді. Олардың ішінде «Отан үшін», «Партизан жыры »,әндерін айтуға болады. Ал жау жеңіліп, халық еңбекке жаппай көшкен кезде ол «Алтын өлке», «Қазақстан», «Бейбітшілік жыры», «Сайра бұлбұл», сияқты бейбіт еңбегін қорғауда жер жүзінде бейбітшілік орнатуда әлемде бірінші болып даусын көтерген совет елінің саясатын мадақтап жырлады.

1941 жылы 22 июньде Фашистік Германия Мемлекеттік шекараны бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды ақын жыршы Жамбыл Жабаев үкімет емханасында жатқанда естіп, дереу туған жерге оралды. Отанды қайткенде де қорғап қалуға шақыратын көптеген әндер шығарды.

1941 жылы «Леннинград жаудың қоршауында қалды сақтаныңыздар», деген хабар таратылады. Фашистер 6-сентябрьде қалаға бірінші бомба тастады, дәл сол күні «Ленинградская правда» газетіне қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың «Ленинградцы, дети», деген жалынды өлеңі жарияланады.

1941жылы ноябрь айында генерал-майор В.И.Панфилов басқарған 316-дивизиясы, 8-гвардия дивизиясы деген атақ берілген хабарды естіп, «Совет гвардеецтеріне» деген әнін шығарды.

1943жылы Отанды неміс-фашист басқыншыларынан қорғаудың жеңістерінің кұрметіне арналған халық ақындарының республикалық айтысы өтеді. Айтыстың салтанатты мәжілісін халық поэзиясының классигі Жамбыл Жабаев ашады.

Совет одагының батыры Төлеген Тоқтаровтың өлмес ерлігіне арнап, «Ер Төлеген» әнін шығарды. «Темір тұлпар мінген қыз» әнін майданға кеткен жігіттердің орнын басып, техника тетігін меңгерген қыз-келіншектерге арнады. «Қаһарман халық достығы», әні Украина жерінің фашист басқыншылардан азат етілуіне арнады. «Балама хат»- әнін баласы Алғадайдан және командирлерінен келген хаттардың біріне жауабы. Совет жауынгерлерінің көктемгі шабуылы нәтежиесінде көптеген қалалар мен селолар жау қолынан азат етілді, осы уақиғаның әсерімен «Той күні таяу» әнін шығарды.«Жау ажалы жақын»-әнін 1943жылы 1-май мерекесіне арнады. « Алатауды айналсам » әні-үлкен үлы Алғадайдың майданда ерлікпен қаза болғаны қайғылы хабарын естіртуге келген Кенен Әзірбаев және оның қасына еріп келген кісілерге айтқан жауабы.

«Батырлары халықтың, Қан майданнан таймаған. Жауға атылған оқтары, Найзағайдай ойнаған. Ердің  көрдім ерлігін, Елдің  көрдім  бірлігін,

Ту астында таймаған.

Жамбыл Жабаев.

Орыстың ұлы компазиторы В.В.Великанов Ұлы Отан соғысының қызу кезеңінде батырлардың ерліктеріне арнап, шығармашылық қызметін тоқтатпай, бірнеше шығармалар жазды. Соның ішінде қазақ халқының үлы ақыны Жамбыл Жабаевтің белгілі «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңге жазылған музыкасы 1941жылы жарияланады. 1942 жылы В.В.Великанов Алматыға келіп, «Саған соғыс» деген кинофильмге музыка жазады. Соғыс жылдары ол, М. Алигердің  «Шындық туралы ертегі»,  Ш. Құсайыновтың  «Аманкелді» және  А. Толстойдың «Иван Грозный» атты спектакльдеріне музыка жазады.Ол ұлы композитор Л.Хамидимен бірлесіп, Т. Токтаровтың ерлік істерін баяндайтын «Бес дос» атты опера жазды.

Өнер мәдениет саласының тұңғыш академигі, халыктың сарқылмас өнерінің дарынды нұрына бөленген Ахмет Жұбанов ұлы батырларымызға арнап, «Отан туралы жыр», «Жастар әні», «Ақ көгершін», Латиф Хамидимен бірлесіп, «Ақ желкен», «Біздің ел», «Серт», «Майданға хат» және басқа көптеген әндерді хорға арнап жазды.

Ұлттық мәдениетіміздің өркендеуіне көп еңбек сіңірген үлы композитор Мұқан Төлебаев 1941 жылы Ұлы Отан соғысына өзі сұранып, Москва жасақшыларымен бірге майданға аттанады. Денсаулығының нашарлығынан, 1941жылы күзінде Мұқан Алматыға қайта оралып, өзінің сүйген мамандығына қызыға кіріседі. Композитордың жан-жақты шығармашылығы, құлашын кең жайып, өнері арта береді. 1944 жылы Е.Г.Брусшювскиймен бірлесіп, «Аманкелді», ал 1946жылы «Біржан мен Сара» операсын, «Қазақстан» атты симфониялық поэмасын, «Қазақстан оттары» атты кантатасы, романстар,«Кестелі орамал» әні және басқа көптеген шығармалары жарық көріп,бейбітшілік туын жоғары көтерді.

«Есіңе ал, еркетай жазғы таң,

 Қол қысып, құшақтап аттанған.

 Қас дұшпан мейірімсіз жауыздан,

 Аяма деп едің қасық қан ».

Мұқан Төлебаев.

Отанды сүю, патриоттық сезімді тәрбиелеу адамгершілік, қоғамдық саясат пен музыкалы-эстетикалық тәрбие ерте бастан баланың санасынан орын алып,  оны кандай қиындыктар болмасын, төзімділікке, іскерлікке,  батылдыққа, білім мен еңбекке,  өз заманының жан-жақты дамыған ерекше тұлға болуға бағыттайды және жетелейді. Қазіргі уақытта халқымыздың аяулы дарынды ұл - қыздарының ақындык , әншілік,  күйшілік,  жыршылық дәстүрі жастар арасында өнерлі өзегін кеңінен тауып, жұртшылықты қуантып отыр. Болашақ қазақ жастары ескелең және жаңарған коғам талаптарына сай, бүкіл әлем жастарымен терезесі тең, олардан артық көрініп жатса деген арманды айтқымыз келеді.

Қорыта келе бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен максат тілегі ол-«Бейбітшілік». Сондықтан музыка тілі - барлық ұлтқа ортақ тіл Дүниежүзіндегі барлық ақын жыршылар мен композиторлар ел корғаған ерлердің, ержүрек батырлардың, кешегі Ұлы Отан соғысы кезіндегі көрсеткен ерліктерін жырлады. Бейбітшілік таңы атып, тәуелсіз егеменді ел болып,  Ұлы Отан соғысы жеңісіне - 60 жыл толып отыр. Әркашанда елімізде тыныштық, ынтымақ достығымыз жоғары артып,  әлемде әрқашан бейбітшіл болсын.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, әндердің, кезіндегі, мәні, патриоттық, соғысы, Отан, тәрбиелік, Ұлы
Просмотров: 4492 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]