Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Майдангерлер ұрпағы-ерлікті құрмет тұтады
[ Скачать с сервера (55.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
17.04.2015, 14:49

"Майдангерлер ұрпағы-ерлікті құрмет тұтады»

«Майдангерлер ұрпағы-ерлікті құрмет тұтады»

Менің атам Иманғалиев Өтеш Ұлы Отан соғысының  II –топтағы мүгедегі, еңбек және соғыс ардагері.Атам Қамыс-Самар мен Нарын  құмы аймағындағы Орал казактарының бес қаласының бірі атанған Фокей селосына таяу жердегі Курорт деген жерде1914 жылы  дүниеге келіпті.Ол жердің  «Курорт» атануы-орыс байларының бау-бақша өсіретін жері екен.Әкесі –Иманғали өмірбойы сол жерде орыс байларының жалшысы болған. «Қырық шелек»деп аталатын шығырды атқа жегіп,бау-бақша суарып,баптайды екен.Атамның бір жасында әкесі дүниеден озған,шешесі жеті бірдей баламен жесір қалған.Шешесі сол әкесі  жалда болған орыс байының үй қызметінде отымен кіріп,күлімен шығып жүріп балаларын асыраған.1917 жылдың октябрь ревалюциясының әсер,ықпалы біздің өлкеге 1919 жылдары келсе керек.Сол жылдары ғана Фокейдің орыс байлары дүрлігіп,мал мүліктерін сатып,жойып,өздері жана-жаққа көшіп кетіпті.Жалға жүріп,тамақ асырап отырған  атамның шаңырағының жағдайы тіпті нашарлапты.Не керек,тарихқа белгілі  «20 жылдардағы төменгі Волга бойындағы аштықты» даколлективтендіру кезеңінің асыра сілтеу,ала сапыраның да бастан кешкен.30-ыншы жылдардың аяғында ғана тұрмыс-жағдайлары жақсарып, қатарға кірген.Совет елінің әр түкпірінің кейбір жаңалықтарымен бастамалардың лебі есе бастаған кезде өз еркімен Қызыл Армияға жазылған.Тілегі қабылданып,1938 жылы тұрақты әскерге алынған.Әскери ойын қызметте жүргенде финдермен соғыс басталады.1939 жылдың декабрь айында Фин соғысына кірген.Бұл соғыс көп ұзаққа бармай,1940 жылдың мартында екі ел арасында бітім шарты жасалған. 1941 жылдың июнь айында  олардың  дивизиясын  Қиыр-Шығысқа аттандырған.7 ноябрь күні Қызыл алаңдағы Октябрь мерекесі құрметіндегі әскери парадқа қатыстырып,содан кейін тікелей майдан шебіне аттандырған.Атам болған дивизия Солнечногор деген қаланы жаудан қорғайды.Бұл әр түрлі техникалар,құрал-жабдықтар жасайтын өнеркәсіпорындары көп,үлкен қала екен.Немістер қалаға таяғанда бас қолбасшыдан бұйрық болды: жау қолына бір түйір азық,бір грамм жану-жағар майларын қалдырмау деген:осы бұйрыққа байланысты,барлық азық-түлік,техника,жабдықтарды поездарға тиеп, шығысқа аттандырып болғанша соғысқан.Бірақ өздері де қоршауда қалған.Қоршауды қалайда бұзып шығуға бұйрық алған  өте ауыр қан-кескі ұрыс жағдайында бұзып шығады.Бірақ бас аяғы жүзге жуық қана адам қалады.Оның жетеуі жаралы.Атамда сол жаралылардың бірі екен.Қанша мезгіл,қанша күн жүргені белгісіз темір жол станциясына келгенде 4 декабрь  екен.Содан кеін майданға сұранғандардан бір топ іріктеп алып,киім-кишектерін жаңартып,поезғе отырғызып Ленинград майданына аттанады.Поезбен Ладога көліне әкеліп түсіреді де,түнде сүңгуір қайыққа отырғызып,көлдің астымен Ленинградқа өткізеді.Қала шеті күл- қоқыс,бұзылған,қираған ...

Азық-түлік жетіспейді.Қала халқының да ,әскери бөлімдердің де жағдайы бірдей ,ауыр екен.Біз,сол, өзімізбен бірге,киім-кешек салатын қапшығымызда алып барған азын-аулақ құрғақ тамақтарымызды барысымен бөлістік те,басқалармен бірдей қалыпқа түстік.Атам Ленинградта  596 дивизия құрамында 45 миллиметрлік пушкіде нысанашы болған.Немістердің қаланы қалай да алуға деген ұмтылысының күшті болғаны сондай:күн тәулікте бірнеше қайталап шабуылға көтеріліп,қорғаныс шебіндегі біздің солдаттармен бетпе-бет шайқасқа дейін келген сәттері болған.Ленинградта жыл жарымдай уақытта осындай аса ауыр жағдайды өз басымнан өткіздім деп атам әңгімесін айтып отырушы еді.1943 жылы 12 январь күні Москва –Ленинград темір жолын немістерден тазарту шабуылын бастаған.бір аптаға созылған кескілескен ұрыспен қоршау бұзылды,сөйтіп темір жолды алыпты.Бірақ екі қапталдағы ұрыс тоқтатылған жоқ.Екі жақтан да жаңбырдай жауған оқ пен бомбыдан,танкілер мен басқа да ұрыс техникаларының айқасынан майдан шебіндегі ақ қар топыраққа былғанып,қорыс болған.24 январь күні атам ауыр жараланып,госпиталға түсіпті.Сол жарақаттан қалған жарқыншақ аяқ сіңірінің астында дүниеден өткенше болған екен.4 рет наркоз алып,операциялардан өткен.Эвакуациялық госпиталдың бірінен соң бірінде жылдам астам емделген.Бірақ үшінші рет әскер қатарына қосыла алмапты, жарақатына байланысты.Елге қайтарылды.Әйтеуір жан-жағыңнан ,төбеңнен ысқырынып ұшып,айналаңа түсіп жатқан ажал оғы болмағанымен,елдің жағдайы да майдандағыдан артық емес екен.Тынымсыз жұмыс,тұрмыстағы жоқтық,басқа да қиыншылықтар-елдегікәрі-қартаң,әйел-бала шағаны әбден тұралатыпты.Ауылға келісімен ауыл шаруашылығы техникаларын оқып-үйренуге кірісіпті.Тракторист,комбайнер мамандығын меңгердім.Шаруашылықтың басқа да жұмыстарын атқара жүріп,26 жыл бойы бірде-бір маусымды қалдырмастан қой қырқу пунктіне басшылық жасаған.Оның электр-двигателі мен қайшыларын өзі әзірлеп,өзі жүргізген.Осы жұмыстан зейнеткерлікке шыққан.Атам айтушы еді  Ленинград қоршауында,майдан шебінде жүргенде тірі қаламын,елге оралып,еңбек етіп пенсияға  шығып,зейнетін татам,болмаса ұл-қыз өсіріп,немере,жиендерімді  көрем деген ой болған жоқ  айтып отырушы еді. Қан майданды басынан өткізіп,шаруашылықты қалпына келтірудің де алғы шебінде болып,ең ауыр істерге иығын тосқан атамды мақтан тұтам.Атам төрт ұл,үш қыз тәрбиелеп өсірген,ұлын ұяға,қызын қияға қондырып немере,жиендерінің қызығын көріп өмірден бақытты ғұмыр кешіп 1997 жылы 16 тамызда дүниеден озды.

Иә,уақыт өткен сайын ардагерлеріміз сиреп барады.Бірақ өздері өлгенімен олардың ерлік істері мәңгі өлмейді,біздің жанымызда сақталады.Аталар ерлігі-ұрпаққа үлгі болып қала береді. 

                   Ә.Жангелдин атындағы негізгі білім беретін мектебі.

 Тарих пәнінің мұғалімі,әрі немересі:Иманғалиева Мөлдір Асқарқызы

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 1489 | Загрузок: 24 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]