Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
04.02.2012, 12:57
Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)
  Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат-Түрктен» («Түркі тілінің сөздігі») ғана біле аламыз.
  Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-1038 жылдар аралығында Қашқарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридың Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун әл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қараханидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұттың   «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашқар қаласы – Шығыс Түркістанның ірі саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны – бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді. Олуақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептерде Құран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашқарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ірі мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.
  Өз тіліне, өз халқына деген сүйісрпеншілігі Махмұтты жер-жерге апарады. Талай ел кезіп, керекті деректер жинап, соңында өзінің данышпан еңбегін жаза бастайды. Кейбір ғалымдардың жорамалдары юойынша, бұл кітап Бағдатта жазылған-мыс. Бірақ осыншама рі әрі құнды еңбек Бағдаттағы кітапханаларда тіркелмегені, орта ғасырлық арабтың білімі мол ғалымдарының бұл «Диванды» білмегені, сонымен қатар «Диванда» Бағдаттың еш аты аталмағаны бұл жорамалдың дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан Махмұт Қашқари «Диванды» жазуға 1072 жылы Қашқарда кірісті деген дұрыс болар. «Диванды» жазып бітірген жыл туралы да ғалымдар арасында ауызбірлік жоқ. Дегенмен, ең дұрысы 1083 жылы октябрьдің 27-де аяқталғанын айта аламыз, бұған «Диванның» ішінде де дәлелдер бар.
  Түркология тарихында тұнғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихы диалектологиясының негізін салды. Оның мәліметтерін түркі тайпаларының ХІ ғасырда отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағанын көреміз. Ол сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен батыстан шығысқа қарай санап көрсетеді және олардың орналасу картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этнографиялық, тарихи, географиялық мәліметтерді де келтіріп отырады. Ол мәліметтерге сүйене отырып, ХІ ғасырда түркі тайпаларының мекен еткен жерін, кімдермен көрші болып араласқанын білуге болады. Махмұт Қашқари Оғыз тайпасының ұсақ руларына дейін атап көрсетеді, олардың әрқайсысының қолданатын таңбаларын атайды. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, (1029, Махмұт, туған), ж., Қашқари
Просмотров: 3235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]