Главная » Файлы » Рефераты » Қазақстан тарихы



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Наурызбай батыр (1706-1781)
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 04.02.2012, 12:56


  Наурызбай батыр 1822 жылы (жылқы) Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. «Төрелер күйі» деп аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді. Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.

  Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған. Наурызбай орыстарға, Қоқан әскерлеріне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің бел ортасында жүрді. Қазақ мемлекетінің мүддесін қорғауда асқан батылдық танытты және Кенесары ханның адал да абыройлы қолбасшыларының бірі еді. Наурызбайдың теңдесі жоқ батырлығын жаулары да мойындаған. Оның «оң қолында төрт жігіттің күші бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ішіне қорғасын құйылған найзасы бар ол жансерігі Ақауызға мініп, «Абылай!» деп ұрандап шапқанда, дұшпандары оны алыстан таниды екен. Наурызбай жасағы қазақ әскерінің алдыңғы сапында, аса жауапты тапсырмаларды орындап отырған. Жасқану дегенді білмеген нағыз жаужүрек болған, оны кейде кереметтің күші сақтап қалатындай екен. Кенесары ханмен бірге Ақмола қамалында және полковник Бизоновтың жақсы қаруланған жасағымен шайқастарда көрсеткен батыл әрекеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.

   Бір күні Наурызбай қасына жолдастарын ертіп, көп жасаған дана қарт Абызға өзін сынатпаққа келеді. Сонда Абыз: «Е, Наурызбай, менің жасым 120 ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны екенсің. Бірақ адам баласына мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмырың қысқа 20-25 тен аспассың, дүниеден арманда қалма!» деген екен. Кенесары қолы аз ғана күшпен қоршауда қалғанда, Наурызбай жанған оттай лапылдап: «Кене аға, маған Ағыбай мен Құрманды бас қылып жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашамын. Сол жерден сіздер де шығасыздар. Бұл бірден-бір дұрыс жол болатын. Бірақ Кенесары:
- Жау шебін жарып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтылармыз, ал қалғандар қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп соңыма ерген елімді жауға тастап, өз басымды сақтасам, сонда менің кім болғаным? Жоқ, өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз!» - дейді.

  Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қазақ, қырғыз манаптарының қолы үшеулеп қоршаған соң қол қырылды. Иман (Аманкелдінің әкесі), Бұғыбай, Бұқарбай, Құрман сияқты батырлар опат болды. Кенесары хан тұтқында қалады. Наурызбай, Ағыбай, Жекебатыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана топпен жау шебін бұзып өтіп кетеді. Алайда сыңарынан айрылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайда төңіректеп жүреді. Қырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін білмей қалды. Өлтірейін десе – қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі хақ, қан құстырып кек алмай қоймайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден басқа жол таппады. Ол жайды Наурызбай қайдан білсін, кеудедегі жаны ғана бөлек жүретін аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыланып, ақыры Ағыбай батырға - «Ей, Ағеке, бұрынғының сөзі бар ғой – екі қатынның баласы екі рулы ел деген, мен Кене ағамды не жаудан арашалап алайын, не бірге өлейін, ағамнан жаным артық емес» - деп басын өлімге берік байлайды да, есіл ерлермен қоштасып, Кенесары хан тұтқынға түскен жерге бет алып, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Асыл ер Кекілік тауындағы ұрыста қырғыздар қолынан Кенесары хан ағасы екеуі қаза болды.

  Наурызбай батыр – халқының тәуелсіздігі, бостандығы мен болашағы үшін, ұрпақтардың бақыты үшін құрбан болған батырлардың бірі еді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, батыр, (1706-1781), Наурызбай
Просмотров: 1352 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]