Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
04.02.2012, 12:43

Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық

зерттеулерінің негізгі бағыттары.

Кеңестік педагогика өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу ізденістерін жүргізді.

Ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметінің басты қағидасы мұғалімдермен, мектептің практикалық жұмысымен тығыз байланыс болды. Жаңа педагогиканың теориялық қағидалары мен идеяларын насихаттауды байқау мақсатында үлгі-тәжірибе мектептері мен станцияларының жүйесі құрылды, олар ғылыми-педагогикалық қызметтің экпериментальдық базасы болды. 60-70 жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулер жүйесінде партияның "СССР педагогикалық ғылымдар академиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы” қаулысында (1969) айқындалып берілген бірнеше басты бағыттар көрсетіліп берілді.

Бұл жылдары әдіснамалық жалпытеориялық сипаттағы зерттеулер орындалды. (Ф.Ф.Королевтің және В.Е.Гмурманның ред.басқаруымен "Педагогиканың жалпы негіздері”, М.А.Даниловтың, Н.И.Болдыревтің "Дидактика негіздері”, А.И.Пискуновтің, Г.В.Воробьевтің ред.басқаруымен "Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы”, Б.П.Есиповтың ред.басқаруымен "Педагогикалық зерттеулердің әдістері”).

Ғылыми-техникалық және әлекметтік прогресс педагогика ғылымы дамуының негізі мен бағыттары анықталды, оның ұғымдық жүйесі реттелді.

Педагогиканың теориялық терең зерттеудің қажеттілігі олардың зерттелмегендігі көп жағдайда нақтылы теориялық-әдіснамалық зерттеулердің әлсіз әдіснамалық қаруланғандығына байланысты анықталады.

Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, түрлерін және тәсілдерін одан әрі жетілдірудің мәселелері педагогика ғылымында өзектілері.

Кеңес мектебінің тарихында оның дамуының әрбір кезеңі бағдарламалық-әдістемелік қайта құрумен органикалық ұштасады. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау мектепте білім берудің мазмұнын модернизациялаумен және оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдірумен бірлікте іске асты.

Педагогика ғылымының қайраткерлері мұғалімдермен ынтымақта мектепте оқу-тәрбие үрдісін қайта құруды негіздеді, практикалық тұрғыдан қамтамасыз етті.

Оқытудың мазмұны және әдістері ғылыми-зерттеу институтының алдына ғылымның, техниканың және мәдениеттің қол жеткен даму деңгейіне сәйкес мектептегі білім берудің мазмұнын келтіру міндеті қойылды.

Дидактиканың жетістіктеріне негіздей отырып, ең алдымен дамыта оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, әдіскерлер 60-70 жж. мектеп бағдарламалары үшін оқу материалын іріктеу қағидасын талдады, оларды ғылыми-техникалық жетістіктермен және қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен сәйкестендіруге алып келді, ғылымдардың ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық арақатынасын орнатты, орта оқу орындарының әртүрлі типтерінде жалпы білімдік даярлықтың бірыңғай деңгейінің жалпы негіздерін анықтады.

Оқытудың мазмұны мен әдістері мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін жан-жақты тәжірибелік-экспериментальдық материал жинақталды. Дидактикалық-әдістемелік мәселелерді зерттеуге ерекше үлес қосқан М.Н.Скаткинді, И.Д.Зверевті, Ю.К.Бабанскийді, М.П.Кашинді, В.В.Краевскийді, И.Я.Лернерді, В.М.Монаховты, Б.Г.Разумовскийді, Г.И.Беленькийді, Н.М.Шанскийді және басқа ғаымдарды ерекше атауға болады.

60-70-жылдары негізделген әдістерін түсінуге және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектесетін ұйымдастыру-педагогикалық шаралар мен әрекеттер жүйесі белсенді талданылды (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин), оқытудың жаңа техникалық құралдарын кешенді қолданудың әдістемесі (С.Г.Шаповаленко) және оқыту әдістерінің тиімді ұштасуын таңдау (Ю.К.Бабанский).

Тәрбие саласында зерттеу жұмысын қорытындылай келіп, бұл жылдары оқытудың тәрбиелік қағидасы теориялық және практикалық жағынан дами түсті (В.М.Коротов); тәрбие әдістерін кешенді қолдану идеясы дами түсті (Б.Т.Лихачев, Г.Н.Филонов); тәрбие үрдісін тиімді басқару туралы қағида талданылды (Ю.К.Бабанский); педагогикалық ынталаландыру мен түрткілер теориясы мен әдістері (Л.Ю.Гордин, З.И.Равкин); адамгершілік тәрбиесінің әдістері одан әрі талданылды (Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, О.С.Богданова).

Еңбек тәрибесі және кәсіптік бағдар беру мәселелері өте терең талданылды. П.А.Атутовтың, С.Я.Батышевтің, К.А.Ивановичтің, М.Н.Скаткиннің, Д.А.Эпштейннің және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеушілер оқушылардың еңбегінің мазмұны мен ұйымдастыру проблемаларын шешудің ерекше тиімді жолдарын анықтады.

Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жас және педагогикалық психологияның проблемаларын зерттеуге тікелей тәуелді болып табылады.

60-жылдары мектептегі оқытудың тәсілдері мен оқушының дамуының арасындағы байланысы анықтады. Бұл зерттеулердің нәтижелері Л.В.Занковтың басшылығымен жүргізілді ІҮ сыныптан бастап, ғылым негіздерінбір жүйелі зерттеуге көшуді қамтамасыз ете отырып, тәжірибеге белсенді енгізілді.

Бұл жылдары оқыту мен тәрбиелеудің оздыру сипаты туралы идеяға ерекше мән берілді. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен оқушылардың білімді меңгеру мүмкіншіліктерін ашып көрсететін теориялық зерттеулер жүргізілді. "Бастауыш оқытудың психологиясы” атты монография (В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен) жарық көрді, В.В.Давыдовтың "Оқытудағы жинақтаудың түрлері” атты кітабы басылып шықты. Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, композитор Д.Б.Кобалевский мектепте музыкалық білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа әдістемесін анықтау мақсатында жан-жақты эксперимент жүргізді. Бұл жұмысқа 50 мыңға тарата оқушылар мен мыңнан астам мұғалімдер қатыстырылды.

Белгілі суретші Б.Н.Неменский мектептегі сурет пәнін жетілдіру бағытында кешенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижелері төмендегі тақырыптар бойынша "Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу және дамыту жүйесі”, "Көркемдік-эстетикалық тәрбие – оқушыларды жан-жақты дамытудың факторы” нақтылы ұсыныстар жасалды.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, ғылыми-педагогикалық, Отандық, бағыттары., негізгі, ғалымдардың, зерттеулерінің
Просмотров: 6242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]