Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері
[ Скачать с сервера (16.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
24.09.2015, 12:02

Материал авторы: Кыпшакпаева Шолпан Искаковна

Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 8
Тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері
Мерзімі: 
Сабақ мақсаты: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әдебиет туралы түсінік беру. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту. 
Міндеттері: 
1 Оқушылардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері
туралы мәліметтерді білу керек.
2 Оқушылардың өз бетімен жұмыс қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, логикалық ой-өрісін дамыту, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
3 Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Интербелсенді тақта, төрт түсті маркерлер, , флипчарт, оқулық, стикерлер, скотч, қайшы, бейнекамера, фотоаппарат.
Әдіс-тәсілдер: жұппен жұмыс, топпен жұмыс, диалогтық оқыту, ««алақан формасында» сергіту сәті, сұрақ-жауап, «1,2,3 санамақ Топтастыру » әдісі, «Қамал құрастыру» әдісі, «Ыстық орындық», талдау, пікір-талас
Оқыту нәтижесі: 
- XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері туралы түсінік беру. 
        -Өздігінен білім алу қабілеттері дамиды.
      - Диалогқа түседі.
      - Өз ойларын жеткізеді.
       -Пікірталасқа түседі.
      -Ортақ шешімге келеді.
       - Өзін және өзгелерді бағалайды.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті уақыт модуль
Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсыр
масын тексеру. Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Оқушылар «алақан формасында» киылған парақтарды алып, ертегілерде өздеріне ұнайтын кейпкерлді елестетіп салады. 
Топтастыру 
Оқушылар «1,2,3 санамақ» әдісімен топқа бөлінеді, оқушы топ құрастырады
 1-Тәттімбет Қазанғапұлы
2- Құрманғазы Сағырбайұлы
3- Жаяу Мұса Байжанұлы
 Әрбір оқушыға бағалау парағын беру
Ұй тапсырмасын тексеру: әдебиетшілер туралы ақпарат алу. Өткен т/б «Хронологиялық диктант» сұрақ беріледі. Жаттығудың сипаттамасы: 
Оқушылар сұрақтарға жауап береді , бір бірін тексереді. Мұғалім кілт үсынады Жауаптарын дәлелдейді Түрлі-түсті қағазды тандап, олардан жапырақтар қиып, ағашты безендіреді 
 Сыныпты жағымды энергияға толтырады

топтастырылады

сұрақтарға жауап береді 

Көпшілік алдында талқылау, көпшілік алдында сөз сөйлеу
2 мин

АКТ
СТО

АКТ
СТОү
ОЖЕСО
Білу
Жаңа тақырыпқа ену Күй орындалады. Оқушылар күй екенің дәлелдейді, кім шығарғаны екенін дәлелдейді Берілген музыка арқылы, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады. АКТ
СТОү
ОЖЕСОДО
Түсіну.
Оқулық
пен жұмыс
Қолдану Талдау
«Қамал құрастыру » әдісі арқылы мәтінмен жұмыс. 
Әр топқа тапсырма бірдей беріледі. Плакатқа сұреттін астына тірек сөздерден мәлімет құрастырады. Топтын алдында қорғайды 
Оқулықтағы мәтінді оқиды, жұппен және топпен талқылайды. Әр топтан бір оқушы қорғайды, оған басқа оқушылар өз ойларын жалғастырады
Оқушылар өз ойларын ортаға салады және пікірлеседі мин ДО, ОБжК
ОмОЖТ
Жинақтау
«Ыстық орындық » әдісі. Сыныптын алдында оқушы орындыққа отырады, сыныптастары оған сұрақ қояды Оқушылар ауызша жауап береді 
мин СТОү

Бағалау Кемшілі
гім жетістігім Не істер едім

Оқушылар өздерін бағалайды мин СТОү
ОүБ
ОБжК
ТжДБО
Үй тап
сырмасы Бір күйшіге реферат жазу мин ОБжК
оүБОб
Үй тапсырмасы «Хронологиялық диктант»
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстандағы әдебиет 8 сынып
1. 1804-1846 жылдар.
2. Орынборға.
3 1824-1829 жылдар.
4 1829 жыл.
5. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
6. Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.
7. Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
8. Шөже Қаржаубайұлы.
9. Шөженің айтуымен. 
10 Ш.Уәлиханов.
11. «Қозы Көрпеш Баян сұлу».
12 1822-1895 жылдары.
13. Қаракәстек.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстандағы әдебиет 8 сынып 
1 Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары..
2 Махамбетті Жәңгір хан өзі Зұлқарнайынмен қосып оқуға жібереді: 
3 Махамбеттің Орынборда тұрған жылдары: 
4 . Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін қапаста отыран жыл. 
5. Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып. 
6. Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі..
7 Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: 
8 . Жастайынан екі көзінен айырылған, ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі эпик ақын. 
9. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. 
10. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: 
11. Шөженің айтуымен тараған жыр. «
12. Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 
13 Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. 
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстандағы әдебиет 8 сынып
1. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. 1804-1846 жылдар.
2. Махамбетті Жәңгір хан өзі Зұлқарнайынмен қосып оқуға жібереді: Орынборға.
3 Махамбеттің Орынборда тұрған жылдары: 1824-1829 жылдар.
4 Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін қапаста отыран жыл. 1829 жыл.
5. Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
6. Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі. Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.
7. Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
8. Жастайынан екі көзінен айырылған, ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі эпик ақын. Шөже Қаржаубайұлы.
9. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. Шөженің айтуымен. 
10 Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.
11. Шөженің айтуымен тараған жыр. «Қозы Көрпеш Баян сұлу».
12 Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 1822-1895 жылдары.
13Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. Қаракәстек.
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері 8 сынып 
1 Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.
2. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. «Бестөре».
3 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.
4 Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді: Бөкей ордасында.
5 . Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. Ханбазар.
6. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі. «Кішкентай».
7 Құрманғазы Сағырб-ың туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. «Сарыарқа».
8 . Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. «Балбырауын».
9 . Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер. Жаяу Мұса.
10 Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы
А) Ұза В) Байжұма С) Шеркеш D) Ханбазар Е) Байбақты Дұрыс жауап: С
11 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші
А) Құрманғазы В) Дәулеткерей С) Тәттімбет D) Сүгір Е) Дина Дұрыс жауап: С
12 Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі 
А) «Саржайлау» В) «Алшағыр» С) «Былқылдақ» D) «Бестөре» Е) «Салқоңыр» Дұрыс жауап: D
13 Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер
А) Біржан Қожағұлұлы В) Жаяу Мұса С) Ақан Сері D) Ықылас Дүкенұлы Е) Үкілі Ыбырай 
Дұрыс жауап: В
14 Құрманғазының дүниеге келген жері
А) Баянауыл В) Көкшетау С) Бөкей Ордасы D) Торғайда Е) Жасыбай маңында Дұрыс жауап: С
15 Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі 
А) «Кішкентай» В) «Ақбай» С) «Ақсақ киік» D) «Көбік шашқан» Е) «Түрмеден қашқан»
Дұрыс жауап: А
16 Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі
А) «Балбырауын» В) «Адай» С) «Сарыарқа» D) «Баянауыл» Е) «Қызыл қайың» Дұрыс жауап: С
17 Құрманғазының би күйі 
А) «Қосалқы» В) «Балбырауын» С) «Сарыарқа» D) «Құдаша» Е) «Толғау» Дұрыс жауап: В
18 ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші
А) Құрманғазы В) Тәттімбет С) Дина D) Дәулеткерей Е) Ықылас Дұрыс жауап: В
19 Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер, әнші 
А) Біржан В) Ақан Сері С) Жаяу Мұса D) Естай Е) Балуан Шолақ Дұрыс жауап: С
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстандағы музыка өнері 8 сынып 
1 Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. 
2. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. 
3 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші..
4 Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді:.
5 . Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. 
6. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі. 
7 Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. 
8 . Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. 
9 . Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер. 
10 Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы
А) Ұза В) Байжұма С) Шеркеш D) Ханбазар Е) Байбақты 
11 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші
А) Құрманғазы В) Дәулеткерей С) Тәттімбет D) Сүгір Е) Дина 
12 Тәттімбеттің төрелердің халықты жәбірлеуіне арнап шығарған күйі 
А) «Саржайлау» В) «Алшағыр» С) «Былқылдақ» D) «Бестөре» Е) «Салқоңыр» 
13 Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер
А) Біржан Қожағұлұлы В) Жаяу Мұса С) Ақан Сері D) Ықылас Дүкенұлы Е) Үкілі Ыбырай
14 Құрманғазының дүниеге келген жері
А) Баянауыл В) Көкшетау С) Бөкей Ордасы D) Торғайда Е) Жасыбай маңында 
15 Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі 
А) «Кішкентай» В) «Ақбай» С) «Ақсақ киік» D) «Көбік шашқан» Е) «Түрмеден қашқан»
16 Құрманғазының туған жерді, кең байтақ даланы сипаттайтын күйі
А) «Балбырауын» В) «Адай» С) «Сарыарқа» D) «Баянауыл» Е) «Қызыл қайың» 
17 Құрманғазының би күйі 
А) «Қосалқы» В) «Балбырауын» С) «Сарыарқа» D) «Құдаша» Е) «Толғау» 
18 ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші
А) Құрманғазы В) Тәттімбет С) Дина D) Дәулеткерей Е) Ықылас 
19 Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер, әнші 
А) Біржан В) Ақан Сері С) Жаяу Мұса D) Естай Е) Балуан Шолақ

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin
Просмотров: 3579 | Загрузок: 66 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]