Главная » Файлы » Рефераты » Қазақ тілі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Деңгейлік тапсырмалар
[ Скачать с сервера (30.9Kb) ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 20.06.2014, 18:17

Бастауыш сыныптардан тыс мектеп оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар

8 –сынып.
Деңгейлік тапсырмалар жинағы.
Отбасы сыйластығы.


Біздің отбасымыз.
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасында: әжем, атам, шешем, ағам,інім және сіңілім бар. Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Олар зейнеткерлер. Әкесі – суретші. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам сегізінші сыныпта оқиды. Сіңілсі алты жаста, оның аты – Қарлығаш .Ол бала-бақшаға барады. Қарлығаш сурет салғанды жақсы көреді. Інісі кітап оқығанды жақсы көреді. Сәуле бесінші сыныпта оқиды. Сабағы жақсы. Үйдің жанында бау-бақша бар. Бақшада жеміс ағаштары көп.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Сіңлі, қарындас, қонақ, дәстүр, құрметті, зейнеткер ,жеміс.
ІІ-деңгей
1.Диалогті толықтыр.
- Бұл отбасы қандай?
- ......
- Отбасында кімдер бар?
- .....
- Кімдер құрметті демалыста ма?
- .....
-Сәуленің әке-шешесі қанда жұмыс істейді?
- .....

-Ағасы мен інісі нешінші сыныпта оқиды?
- .....

--Сіңілсі неше жаста,аты кім?
- .....
-Інісі не істегенді жақсы көреді?
- .....
-Сәуле нешінші сыныпта оқиды?
- .....
- Бақшада нелер өседі?
- .....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Інісі кітап оқығанды жақсы көреді. Сәуле бесінші сыныпта оқиды. Сабағы жақсы.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Өз отбасың туралы» эссе жаз.
Қазақ отбасы. Жеті ата.
Өткен өмірдің бәрі – сабақ. Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен,жаттатқан. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқан-да,жүздескенде руын,тегін сұрауы осыдан шыққан. Қазір де солай.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі ретінде «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығын айтуға болады.Әр адам өзінен кейінгі баласының,немересінің,әрі кетсе шөбересінің атын білуі керек. Жеті ата – бір кісіден тараған аталас қауым. Олар: әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Қасиетт, парыз,ұрпақ,жеті ата,нағашы,немере,шөбере,отбасы. ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтыр.
-Мәтінде не туралы айтылған?
-....
-Ұрпақ үшін не маңызды?
-....
-Халқымыз кейінгі ұрпаққа нені міндеттеген?
-....
- Қандай даналық сөз бар?
-.....
- Әр адам нені білуі керек?
-....
- Адамдар бір-бірімен танысқанда нені сұраған?
-....
- Жеті ата қалай таралады?
-....
-Жеті ата деген не?
-....
- Олар кімдер?
-....
2.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жас.
Өткен өмірдің бәрі – сабақ. Қазақ отбасы үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.
ІІІ-деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. Жеті атаңды жазып бер.
Отбасындағы дәстүрлер.
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.
Мысалы: Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді.Біз дастархан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз. Мерекені көңілді өткіземіз. Үлкендер бата береді.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Дәстүр, үлкен, құрмет, қамқор, мейрам, наурыз көже, көмектесу.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтырып,өзара сөйлесіңдер.
-Отбасы қандай?
-....
-Отбасында қандай дәстүрлер көп?
-….
- Олар қандай дәстүрлер?
-....
- Наурыз мейрамында не пісіреді?
-....
- Біз неге көмектесеміз?
-....
- Кімдерді қарсы аламыз?
-... .
- Мерекені қалай өткіземіз?
-....
- Үлкендер не береді?
-....
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?
-....
2.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп.
Мерекені көңілді өткіземіз. Үлкендер бата береді.
ІІІ-деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» тақырыбына эссе жаз.
Туыстық қарым-қатынас
Менің атым – Ғаби Мен осы уақытқа дейін тек қана біздің отбасымыздың мүшелерін және жақын туыстарды ғана білдім. Енді отбасымыздың жеті атасын білгім келгендіктен,ол туралы әкемнен сұрадым. Әкем маған жеті атамды жазып берді. Содан соң туыстық қарым-қатынас туралы былай түсіндірді: «Әр қазақ отбасының үш жұрты бар. Олар: өз жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты. Өз жұрты дегеніміз – туыс-бауырлары,бала-шағасы. Нағашы жұрты – шеше жағынан туысқан адамдар. Олар нағашы ата,нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас. Қайын жұртыңды өскенде білерсің?
Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білген ер, жұрттың қамын жер» деген мақал-мәтелдер бар. Қазір де солай,өйткені әр қазақтың баласы өз туыстарын біледі.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Отбасы ,мүшелері,қарым-қатынас, нағашы, жұрт, шеше, жағынан.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтырып,өзара сөйлесіңдер.
- Мәтін не туралы?
-....
- Ғабит әкесінен не туралы сұрады?
- ....
-Әкесі баласына нені жазып берді?
- ....
- Туыстық қарым-қатынасты қалай түсіндірді?
- ....
- «Өз жұрты» деген кімдер?
- ....
- «Нағашы жұрты» деген кімдер?
- ....
-Жеті атаны не үшін білу керек?
- ....
- Бұған қандай мақалдар дәлел?
- ....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Әкем маған жеті атамды жазып берді. Нағашы жұрты – шеше жағынан туысқан адамдар. Олар нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы сіңлі, нағашы қарындас.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Менің туыстарым» тақырыбына эссе жаз.
Менің нағашым.
Менің атым – Батыр. Менің нағашы атам, нағашы әжем және нағашы ағам бар. Нағашы атамның аты – Сейіт. Ол 68 жаста. Атам өте ұстамды кісі. Ол бізді адалдыққа, шындыққа, еңбекті сүюге тәрбиелейді. Менің нағашы ағам тыным таппайтын адам.Қашан барсаңда бірдеңе істеп жатады. Бүгін барғанда ағаш жарып жатыр екен. Атамның айтуына қарағанда,таза ауамен серуендеу адам денсаулығына жақсы әсер етеді. Менің нағашы әжемнің аты – Жәмила. Нағашы әжем мейірімді, ақжарқын. Оның жасы 59-да. Мен нағашы әжемді жақсы көремін, өйткені мен барғанда ол маған тәтті, дәмді тағамдарды дайындайды, мені еркелетеді. Нағашы ағамның аты – Төленді.Нағашы атам денелі, ұзын бойлы, тік мінезді. Ол –іскер адам.
Менің нағашыларым өте жақсы адамдар.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Ұстамды,шындық,серуендеу,мейірімді,ақжарқын,еркелету,денелі.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтырып,өзара сөйлесіңдер.
- Мәтін не туралы?
- .... .
- Ғабиттың нағашы туыстары кімдер??
- ....
- Нағашы атасының аты кім?
- ....
- Нағашы атасы неше жаста?
- ....
- Ғабиттің атасы неге тәрбиелейді?
- ....
- Адамның денсаулығына не әсер етеді?
- ....
- Ғабиттің нағашы әжесі кім?
- .... .
- Ғабиттің нағашы әжесі қандай адам,жасы нешеде?
- ....
- Ғабиттің нағашы ағасы кім?
2.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Атам өте ұстамды кісі. Ол бізді адалдыққа, шындыққа, еңбекті сүюге тәрбиелейді. Менің нағашы ағам тыным таппайтын адам. Қашан барсаң да бірдеңе істеп жатады.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Менің нағашым» тақырыбына эссе жаз.

Мен ата-анама көмектесемін.
Балам – болашағым.
«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» дегендей жақсы-жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді.
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. Әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ана баласының бойынан тәрбиелі, өнегелі,сабырлы, мейірімді, ақылды,парасатты болғанын тілейді. Себебі бала – өмірдің жалғасы.
Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге баулуда өскен ортаның, құрбы-құрдастың, өнегелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.Оған «Жақсының болмағы жолдасынан» деген мақал дәлел.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Ұя, балапан, әдет, үміт, азамат, тәрбие, өнеге, адамгершілік, жолдас.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Бала алғаш тәрбиені қай жерде,кімнен алады?
- ....
- Баланы неге ата-ананың болашағы дейді?
- ....
- Баланың тәрбиелі болып өсуіне кімдер ықпал етеді?
- ....
- Ана баласының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді?
- ....
- Сен қандай азамат болып өскің келеді?
- ....
- Бала ненің жалғасы?
- ....
- Адамгершілік қасиеттерге баулуда кімдердің әсері тиеді?
- ....
- Бұған қандай мақал дәлел?
- ....
2.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. Ана баласының бойынан тәрбиелі, өнегелі, сабырлы, мейірімді, ақылды, парасатты болғанын тілейді. Себебі бала – өмірдің жалғасы.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Менің өмірбаяным» тақырыбына эссе жаз.
Ана туралы жыр
Сөзі Ғ.Қайырбековтікі.
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көгілдір көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем ,кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнің,
Қолыма түспеді.

І- деңгей.
1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Әлем,сыйла,гүл,қанат,құшақ,сәби,сыр,байлық,көктем.
ІІ-деңгей
1.Диалогті толықтыр.
-Өлең кімге арналған?
-....
- Әлемнің жарығын кім сыйлады?
-....
-Даладан не жинап,сыйлады?
-....
- Ана ненің қанатын берді?
-....
- Балалық құштарым кімге арналады?
-....
- Ана бізді қалай өсірді?
-....
- Борышын өтеуге нені іздеді?
-....
- Ана үшін нені сыйлар еді?
-....
2.Сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Әлемнің, жарығын, құстардың, құштарым, байлығын, әлемнің.

ІІІ-деңгей
1.Өлеңнің мазмұнын айт.
2.«Анашым - ардағым» тақырыбына эссе жаз.
Қазақстанның ірі қалалары.
Астананың ежелгі аты – Ақмола.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана Торғай, Көкшетау, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды обылыстарымен көрші орналасқан. Мұнда 80 ұлттың өкілі тұрады.
Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі. Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі аты – Доржинкит. «Тас мешіт» деген атпен ХVІ ғасырдың басынан белгілі. Семейде Жеті шатыр сарайлары бар. Жеті шатыр сарайларының ең басты құндылығы – суреттер.
Алматы – саяси, экономикалық және мәдени орталық. Халқы 1,6 миллионнан асады. Алматының ірге тасы Кіші Алматы өзенінің бойында 1854 жылы қаланған, оның бұрынғы аты – Верный. 1929 жылдан Алматы – Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді. Қалада мәдени орталықтар өте көп. 2011 жылы тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойының қарсаңында жерасты жол қатынасының транспорты – метро ашылды.

І- деңгей.
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Ежелгі,мәдениет,өркендеу,тарих,құнды,орталық,тәуелсіздік.

ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Астананың ежелгі аты қалай аталады?
- ....
-Астана қай жерде орналасқан?
- ....
- Қай қалалар жақын орналасқан?
-....
- Қанша ұлттың өкілдері тұрады?
- ....
- Семей қаласының тарихы қандай?
- ....
-Алматы қандай орталық?
-....
- Алматының бұрынғы аты қалай аталған?
-....
-Қалада қандай орталықтар көп?
-....
- Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында не ашылды?
-....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Астананың ежелгі аты – Ақмола. Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі. Алматы – саяси, экономикалық және мәдени орталық.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Менің қалам» тақырыбына эссе жаз.
Кең - байтақ Қазақстаным.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Елімізде 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады. Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Қазақстан кең - байтақ. Шекараның ұзындығы 16,5 мың шақырым. Шекарамыз батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр.
Қазақстанның жері бай. Қарағанды,Екібастұзда – көмір, Ақтау, Маңғыстауда – мұнай, Балқашта – мыс, Өскеменде – мырыш өндіріледі. Өзінің егемендігі, тәуелсіздігі үшін қазақ халқы ұзақ уақыт күресті. 25 қазан – Республика күні.
І- деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Ірі, мемлекеттер, ұлт, өкілдер, шекара, мырыш, өндіру, күрес.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Сенің Отаның қай мемлекет?
-....
Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?
-....
-Қазақстан қандай ел?
- ....
- Шекарасының ұзындығы қанша шақырым?
- ....
- Қазақстан қай елдермен шектеседі?
- ....
-Еліміздің жер байлығы нелер?
- ....
- Мұнай, мырыш қай қалаларда өндіріледі?
- ....
-Қазақ халқы не үшін күресті?
- ....
- Республика күні қай күн?
-....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Қазақстан кең – байтақ. Шекараның ұзындығы 16,5 мың шақырым. Қарағанды,Екібастұзда – көмір, Ақтау, Маңғыстауда – мұнай, Балқашта – мыс, Өскеменде – мырыш өндіріледі
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Бірлігіміз жарасқан байтақ елім» тақырыбына эссе жаз.
Ұлы Жібек жолы.
Ұлы Жібек жолы – біздің дәуірімізге дейін ІІ ғасырдан бастап, XVI ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Қытайдың жібегі осы жолмен тасымалданған. Сондықтан ол Жібек жолы деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған.Ол қазақтың кең даласын басып өтіп, Самарқанд, Бағдат қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жетті.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етті. Қазақстанды Алтай, Монғолия, Ресей, Орта Азия, Шығыс елдерімен байланыстырған да осы жол.
Қазір Ұлы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде.
Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін бірден-бір сауда көзі болып табылады.
І- деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Дәуір, сауда жолы,орталық, мәдени, байланыстар, нарық, үлес.
ІІ-деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Ұлы Жібек жолы ненің жолы?
-....
- Осы жолмен не тасымалданған?
- ....
-Бұл жол ненің орталығынан басталған?
- ....
-Бұл жол қазақтардың қай жерін басып өткен?
- ....
- Оның жалпы ұзындығы неше шақырым?
-....
- Жібек жолы қандай байланыстардың арасында ықпал етеді?
- ....
- Сауда байланыстары не істеді?
- ....
-Жібек жолы не үшін сауда көзі болып табылады?

-....
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Ол Жібек жолы деп аталған. Қазір Ұлы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда.
ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Жібек жолы тарихынан» тақырыбына эссе жаз.
Қасиетті Түркістан қаласы.
Қазақстанда ежелгі қалалар өте көп. Түркістан – қазақ халқының рухани астанасы. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды.Түркістан Ұлы Жібек жолындағы үлкен сауда орталығы болған.
Тарихшылардың айтуынша қазіргі Түркістан қаласының орнында Шабғар деген қала болған. ІХ-Х ғасырлардан бастап бұл қала Йаса деп аталған. Қазақ хандары осы қалада елді басқарған. Олармен бірге атақты билер,жыраулар өмір сүрген. Түркістан қаласы тарихи ескерткіштерімен танымал. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін атақты қолбасшы Ақсақ Темір салғызған. Қазіргі Түркістан саяхатшылардың мәдени орталығына айналды.
І-деңгей
1. Мәтінді оқы.
2.Сөздермен сөйлем құрастыр.
Ежелгі қала,сауда орталығы, басқарған, елді, көсем, рухани
ІІ-деңгей
1.Диалогті толықтыр.
-Түркістан қандай қала?
-....
-Осы жолмен не тасымалданған?
- ....
- Бұл қала бұрын қалай аталған?
- ....
- Бұл жол қазақтардың қай жерін басып өткен?
- ....
- Түркістан қаласы кімнің кесенесімен танылған?
-....
- Қожа Ахмет Йасауи кім ?
- ....
- Қай ғасырдан бастап бұл қала Йаса деп аталған?
- ....
- Қазіргі Түркістан қандай қалаға айналды?
- ....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Қазақстанда ежелгі қалалар өте көп. Түркістан – қазақ халқының рухани астанасы. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды. Түркістан Ұлы Жібек жолындағы үлкен сауда орталығы болған.

ІІІ-деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Түркістан – туристік қала» тақырыбына эссе жаз.

 

Категория: Қазақ тілі
Просмотров: 3588 | Загрузок: 361 | Рейтинг: 1.5/2
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]