Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақ тілі тест сұрактары 3 сынып және Диктант
[ Скачать с сервера (15.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
27.11.2013, 11:40
3 сынып қазақ тілі тест.
1.Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле.
А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт
2.Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле.
А) Ала Ә) Ана Б) Ант
3.Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле.
А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ
4.Негізгі түбір сөзді тап.
А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз
5.Етістікті тап.
А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге
6.Заттың санын білдіретін сөзді тап.
А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші
7.Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.
А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай?
8.Жалқы есімді тап.
А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз
9.Тәуелдеулі зат есімді тап.
А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі
10.Туынды сын есімді тап
А) Сөзсіз Ә) Сөзшең Б) Сөзге
11.Күрделі етістікті тап
А) Ақ қағаз Ә) Алты кітап Б) Алып отыр
12.Болымсыз етістікті тап
А) Келді Ә) Айтты Б) Алмады
13.Сұраулы сөйлемнен кейін қойылатын тыныс белгісін белгіле.
А) . Ә) ? Б) !
14.Бастауышты белгіле.Асқар сурет салды.
А) Асқар Ә) Сурет Б) Салды
15.Сөйлемнің бастауышын белгіле.
Еңбек ерлікке жеткізеді.
А) Еңбек Ә) Жеткізеді Б ) Ерлікке
16.Біріккен сөзді белгіле.
А) Арыстан Ә) Ақбөкен Б) Түлкі
17.Жалғаулы сөзді белгіле.
А) Балалы Ә) Балалар Б) Баласыз
18.Қай сөз дұрыс жазылған?
А) екватор Ә) Икватор Б) Экватор
19.Жалаң сөйлемді тап.
А) Қасқыр ұзақ ұлыды. Ә) Қасқыр ұлыды. Б) Қасқыр аспанға қарап ұлыды.
20.Жайылма сөйлемді тап.
А) Оқушы қызық ертегі оқыды Ә) Оқушы оқиын деді. Б) Оқушы оқып отыр.

Диктант. 3-сынып 
Шағала. 
Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар.Бұл кеште аспан ашық болатын.Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.Көл беті айнадай жарқырайды!Өте тамаша көрініс.
Кенет арал шуға толып кетті.Шағалалар шаңқылдай ұшып,айналып қонып,қайта көтерілді.Не болғанын білгілерің келеме?Шағалалар қауіптің төнгенін сезді.
Он сағат өткенде,сол түстіктен күшті дауыл түрды.Көлдің беті алай-дүлей болды.(55сөз).
Тапсырма:
1.Мәтінде қанша сөйлем бар екенін анықта.Жазып қой.
2.Сөйлемдерді айтылуына қарай топтап санын топтап көрсет.
Хабарлы сөйлем----
Лепті сөйлем----
Сұраулы сөйлем---
3.Қауіптің—сөзін буынға бөл.
Категория: Қазақ тілі
Просмотров: 38435 | Загрузок: 932 | Рейтинг: 3.1/52
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]