Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Лексикология туралы түсінік


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
02.02.2012, 13:39

Лексикология туралы түсінік

 

            Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп ќарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.

Лексикология тілдегі барлыќ сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келеі мәселелерін түгел ќамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді.

Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік ќұрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалыќ единица ретінде ќарастырылады. Лексикалыќ единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік ќұрамы (лексикасы) ќұралады. Әрбір тілдің сөздік ќұрамындағы сөздер ќаншама көп және алуан түрлі болғанымен олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде ќұралады да сөз тілдің лексикалыќ жүйесінің элементі ретінде ќаралады. Жалпы ќатынас ќұралы ретіндегі тіл атаулының лексикалыќ жағына тән ќұбылыстар мен жалпылама заңдылыќтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда ќарастырылса, лексикалыќ ќұбылыстар мен жалпы заңдылыќтардың жеке, наќтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік ќұрамы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалќы лексикологияда (жеке наќтылы тілдің лексикологиясында) ќарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялыќ ќағидаларына негізделеді де, наќты бір тілдің лексикасын зерттейді.

Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы замандар бойында ќалыптасуы және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі", "Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады.

Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашќы мағынасының ќандай болғандығын айќындайды. Этимологиялыќ зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологи ялыќ зерттеулердің екі түрлі проблемаға ќатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.

Лексикологияның енді бір саласы- салыстырмалы лексикология, туыстас тілдердің сөздік ќұрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып ќана ќоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан ќарастырады. Сондыќтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады. Оның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік ќоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екнішіден өрбіп, өсіп сан мыңдадаған сөздер ќосылып, бұл күнде оның аумағы да арнасыда кеңіді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөздер белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналыќ жаќтары семасиологияда ќарастырылады.

Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалыќ заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің "жаны" десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалыќ заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе ќұбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себеі неліктен екендігі ќарастаырлады. Ономасиологияның диалектологияға ќатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға ќатысы әсіресе лингвистикалыќ географиядан айќын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялыќ атластарының лексикология картасы ономасиологиялыќ негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе ќұбылыстың диалектілеріндегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономасиологияның айырыќша бір саласы-ономастика жалќы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялыќ атауларды зерттеу обьектісі етіп ќарастырады. Лексикология сөздерді тілдің сөздік ќұрамын ќұрастыратын единицалар, яғни лексикалыќ единицалар ретінде ќарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялыќ сөз тіркестері де ќарастырылады. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шығу (ќорќу), ќас пен көздің арасында (лезде) т.б. фразеологиялыќ сөз тіркестері әбден лексикаланғанда мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялыќ сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұраќты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың ќұрамы мен ќұрылысын және жасалу жолдарын ќарастырады. Лексикология тіл білімінің әсіресе грамматика саласы мен тығыз байланысты. Оның грамматикамен тығыз байланысын әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен айќын көрінеді. Сөздердің грамматикалыќ формаларын тудыру үшін ќандай тәсілдер ќолданылса, туынды жаңа сөздердің жасалуында да сондай тәсілдер ќолданылады. Мысалы, сөздердің бірігуі, ќосарлануы, аффикстердің жалғануы форма тудыратын грамматиткалыќ тәсілдер ретінде де туынды жаңа сөз жасайтын тәсілдер ретінде де ќызмет атќарады.

Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:

1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;

2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.

4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.

5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 

6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.

Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады.  

Сөз грамматикада ќарастырылып зерттеледі біраќ лексикология мен грамматитканың әрќайсысы сөзді әр басќа тұрғыдан алып ќарастырады, түрліше талдау жасайды. Мысалы, көр, әлеумет деген сөздердің грамматика үшін ең басты жаќтары мыналар: көр сөзі- етістік, оның ішінде сабаќты етістік, бұйрыќ райда; кейде көмекші етістік ќызметінде де жұмсалады (айтып көр, жазып көр), әлеумет-зат есім, жалпы есім, атау тұлғада зат есімнің жекеше түрі, көптік жалғаусызда көптік ұғымды білдіре алады. Ал лексикология бұл сөздерді тіптен басќаша жаќта ќарастырады. Лексикология үшін аталған сөздердің басты жаќтары мыналар: көр сөзі белгілі дәрежеде ќара, байќа сөздермен синонимдес болады. Бұл сөз шығу тегі жағынан ќазаќ тілінің төл сөзі. Әлеумет сөзі халайыќ, жұртшылыќ, көпшілік, халыќ деген сөздермен синонимдес болады. Ќолданылу жағынан алғанда көтеріңкі поэтикалыќ стильге тән сөз болып табылады.

Ќорыта айт ќанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден ќарым-ќатынас жасауда ќолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен ќызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты ќарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалыќ единицасы ретінде ќарастыра отырып, оны жан-жаќты ќамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлыќ сөздердің жиынтығы-сөздік ќұрам туралы оның жасалып ќалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.

 

Жоспар:

 

1.      Кіріспе.

2.      Негізгі бөлім:

 а). Лексикология және оның түрлері мен салалары

б). Лексикологияның тіл білімінен өзге салаларымен

 байланысы.

 

3. Ќорытынды бөлім.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Т.Аханов . "Тіл білімінің негіздері"

2. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. "Ќазіргі ќазаќ тілі"

3. Ә. Болғанбаев. "Ќазаќ тілінің лексикологиясы"

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: туралы, ҚАЗАҚ ТІЛІ, түсінік, Лексикология
Просмотров: 22920 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.8/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]