Главная » Файлы » Рефераты » Қазақ тілі



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Стиль нормалары туралы түсінік
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 02.02.2012, 13:13

Стиль нормалары туралы түсінік

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.

Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.

Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:

-                    кәсіби лексика;

-                    ресми лексика;

-                    кітаби лексика;

-                    сөз сөйлеу лексикасы;

-                    жалпылама лексика;

-                    архаизмдер мен тарихизмдер;

-                    неологизмдер;

-                    бейнелігіш сөздер;

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: туралы, ҚАЗАҚ ТІЛІ, түсінік, нормалары, стиль
Просмотров: 19717 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.1/9
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]