Главная » Файлы » Рефераты » Биология



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қалқанша безі
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 03.02.2012, 14:49
Қалқанша безі — ағзадағы кішкентай органдардың бірі болғанымен, одан шығатын гормондар ағзадағы барлық зат алмасу процестерін реттеп отырады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, сыртқы көрінісі қанатын жайған көбелекке ұқсайды . Ал салмағы бар-жоғы — 25 грамм ғана. Бірақ бұл «көбелекке» көңіл бөліп отырмасаңыз, түрлі аурулармен таныстырары сөзсіз.

Т3 + Т4 = денсаулық кепілі
   Қалқанша безі екі түрлі гормон бөліп шығарады. Оның бірі — трийодтиронин (Т3), екіншісі — тироксин (Т4) деп аталады. Ағзаға аса қажетті йод микроэлементі осы гормондарда болады. Жалпы адам қанында 95% тироксин мен мен 5% трийодтиронин гормондары жүреді. Қалқанша безінің басқа бездерден айырмашылығы — ол өз гормондарын жинап, қорын түзе алады. Әрі бұл безден бөлінетін гормондар ағзадағы метаболизмдік (зат алмасу) үрдістерге және организмнің өсуі мен жүрек-тамыр реакцияларына кең әсер етеді. 

   Егер ағзада қажетті йод мөлшері жетіспесе, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қандағы «йодты» гормондардың азаю салдарынан адам жемсау (зоб — қалқанша бездің ұлғаюы) ауруына шалдығады. Сол себепті күнделікті пайдаланып жүрген ас мәзірінің құрамына йод микроэлементінің енуіне қатты көңіл бөлген жөн. 

Гормонның маңыздылығы
   Бұл реттегіш гормондар адам ағзасына аса қажет. Тироксин мен трийодтиронин гормондары өмір бойы ми, жүрек және бұлшықет жұмыстарын реттеп, тіпті адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Қалқанша безінен қажетті гормондар бөлінбесе, олардың мөлшері қанда да азая түседі. Осының салдарынан бойында йод жетіспеген баланың денесі өспей, тіпті ойлау қабілеті де нашарлай түседі. Ал ересек адамдар ұмытшақ болып, ұсақ-түйекке тез ашуланып, жүйкесі тоза бастайды. Сондай-ақ ұйқы қанбай, есіней берген де жақсы емес. 

Тез арада УДЗ өтіңіз! 
   Егер сізде жоғарыда айтылған симптомдар байқалып жүрсе, алдымен эндокринолог дәрігердің қабылдауына барыңыз. Дәрігер науқаспен сөйлесіп, оны УДЗ (УЗИ) тексерісіне жібереді. Егер түйінді жемсау (узловой зоб) болса, одан тірі тін алынып, микроскоппен анықталады. Тексерудің бұл түрін — биопсия деп атайды. 

   Негізінен 30 жастан кейін әр адам қалқанша безден ультра дыбыстық зеттеу өткені дұрыс. Ал ертеңгі күні ауру асқынып кетсе, одан толық айығу да оңайға түспейді. Сондықтан да «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп қазақта бекер айтпаған. 

Аурудың алдын алу
     Қалқанша безі ауруына шалдығудың басты факторлары: ағзада йодтың жетіспеушілігі, қоршаған орта, яғни экологияның ластануы мен радиация әсерінен және гормондардың өзгеріске ұшырайтын жүктілік пен менопауза кезеңдерін атап өтуге болады. Сондай-ақ бұл ауру түрі тұқым қуалайды. Адам қатты депрессия кезінде сабырлылық сақтап, өз-өзін қолға алмаса, түрлі аурулар осыдан басталады. 

    Аурудың алдын алу үшін күнделікті пайдаланып жүрген қарапайым тұзға мән беріңіз. Оның йодталған түрін пайдаланыңыз. Сонымен қатар дастарқан мәзіріне теңіз өнімдерін, әсіресе теңіз қырыққабатын енгізіңіз. Себебі қырыққабаттың бұл түрінде йод мөлшері көп. Ал қажет болған жағдайда арнайы дәрі-дәрмек қолдануыңызға болады. 

Халықтық медицина

Сондай-ақ бұл ауру түрін халықтық медицина жолымен емдеуге де болады. Жемсау ауруының алғашқы сатысында емен қабығы (кора дуба) шипа. Ол үшін 2 ас қасық емен қабығына 1 стакан қайнаған су құйып, 0,5-1 сағаттай тұндырып қояды. Содан соң тұнбаға бет орамалды сулап, тамақтың астына байлап тастайды. Бұл компресті түнімен қою керек. Осы емдік процедураны 2-3 апта бойына жасаса, науқас тәуірленіп қалады. 

   Сондай-ақ жас еменнің қабығымен мойын, қалқанша без маңын күнделікті сүртіп отырған пайдалы. Емен қабығын жіпке тізіп, бездің көлемі кішірейгенше мойынға тағып жүру керек. 

   Егер қалқанша безі ұлғайған болса, үккіштен өткізілген лимон мен қант немесе қантқа қабығымен қоса үгітілген апельсинді қосып, күніне 3 рет 1 шай қасықтан қабылдап отырса, ем болады. 

Маман кеңесі 
   Дәрігерлердің кеңесіне құлақ түрсек, көктем мезгілінде цитрусты жемістерді жеген пайдалы дейді. Әсіресе лимонға көбірек мән беріңіз. Оның құрамындағы цитрин мен С дәруменінің қосындысы қан тамырлары түтікшелерінің беріктігін нығайтады. Цитрин сондай-ақ ағзадағы зат алмасу процесін жақсарта түседі. 

   Лимон жемісі – органикалық қышқылдарға, азоттық және минералдық заттарға, сондай-ақ А, В1, В2, Р, С дәрумендеріне бай болса, ал шырыны керемет зарарсыздандырғыш (антисептик) болып табылады. Соның көмегімен тұмаудың алдын алуға, тіпті жөтелден айығуға болады. Жылы лимон шырынымен тамақты шайса, баспаның (ангина) тез жазылуына септігі тиеді.
Категория: Биология | Добавил: Admin | Теги: безі, биология, Қалқанша
Просмотров: 2088 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]