Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Солтүстік Қазақстан облысындағы қызыл кітапқа енген өсімдіктер
[ Скачать с сервера (25.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология]
27.11.2015, 08:10

Солтүстік Қазақстан облысындағы қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Қалқан асаймұса, қалқанды асаймұса (Abelіa corуmbosa) — ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде – Мерке және Қайынды тау сайларының баурайларында кездеседі. Популяциясы аз, олардың көлемі 50 гектардан аспайды. Қазақстаннан тыс Тянь–Шаньның басқа аймақтарында, көбіне батыс бөлігінде таралған. Сәндік бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше – қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы.

Шегіршінжапырақ тасжаңғақ (Aflatunia ulmifolia) — раушангүлдер тұқымдасы, сирек кездесетін, қалдық түр. Таралу аймағы Солтүстік пен Солтүстік шығыс шекарасында оналасқан. Жоңғар Алатауында (Көксу өзен сайы) және Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде жекелеген популяциялары кездеседі. Қазақстан жерінен батыс Тянь-Шаньда, Памиро-Алайда және солтүстік Ауғанстанда кең таралған. Голоцен дәуіріндегі жалпақ жапырақты ормандар қалдығы. Өте сәндік бұта, биіктігі 3 метрге дейін, әсіресе гүлдеу кезінде тартымды. Тұқымнан жақсы өседі: тұқымнан өнгіштігі тіпті 4 жыл сақталғаннан кейін де 90 пайызға жетеді.

Ірігүл шолпанкебіс (Cypripedium macranthon) Сүйсіндер тұқымдасыҚазақстанда сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан түр. шағын топ болып анда-санда Солтүстік Қазақстан мен Алтайда кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразия мен Азияның орманды аймақтарында, Қиыр Шығысқа дейін таралған. Жапырақты, сирек қарағайлы және аралас ормандарда, шалғынды алаңқай мен ылғал шабындықтарында өсетін тамыр сабақты ірі орхидея. Тұқымы арқылы көбейеді, қайта өсуі әлсіз. Алғашқы үш жылда жер астында тіршілік етеді. Тек төртінші жылы бір жасыл жапырағы бар жер беті өскені пайда болады. Көшеттің өскінінен алғашқы гүлденгенге дейін 15 жыл уақыт өтеді.

Секпіл шолпанкебіс (Cypripedium gauttatum) [Сүйсіндер шолпанкебіс — Қазақстанда сирек кездесетін түр. Солтүстік Қазақстан облысы мен Таулы Алтайдың екі жерінде (Марқакөл шұңқыры, Иван жотасындағы Широкий лог шатқалында) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуропаның шығысындағы орманды аймақтарда, Оңтүстік Сібірде, Моңғолияда, Тибетте, Қытайда, сонымен қатар Қиыр Шығыс, Сахалин және Кореяда таралған. Жапырақты және қылқан жапырақты ірі күлгін – қызыл құлпыратын теңбілдерімен ерекшеленеді. Малды шектен тыс жаюдан, орман көлемінің қысқаруынан, тіршілік ортасының құрғауынан зардап шегеді. Аздаған популяциялары Марқакөл және Батыс-Алтай Қорықтарында қорғалады.

Сарғыш сарана (Hemerocallis lilio-asphoodelus) Лалагүлдер тұқымдасы Қазақстанда сирек кездесетің түр. Тек Солтүстік Қазақстанда (Ертіс өзені) және Батыс Алтайдың бірнеше жерінде (Зыряновск пен Черемшанка маңында) кездеседі. Қазақстаннан тыс Батыс және шығыс Сібір, Моңғолияда, Қытай мен Жапонияда таралған. Ылғал сүйгіш түр, орман мен жайылма шалғындарында, сирек далалы және шалғынды тау беткейлерінде, сирек ормандарында, бұталар арасында өседі. Ашық түсті өте әдемі түтік тәрізді қоңырау гүлдермен еріксіз назар аудартады. Сарғыш сарана мәдени түрде өте ертеден белгілі және бақ өсімдігі ретінде 2 мың жылдан бері өсіріледі. Қазіргі кезде көптеген мәдени сорттары бар. Бірақ жабайы түрі өзінің әдемілігін әлі жоғалтқан жоқ, сондықтан осы күнге дейін гүл өсіріушілер арасында өте танымал. Бұл өсімдік Қытайда да көпке танымал, бірақ көбіне дәрілік және тағамдық түрінде пайдаланылады. Құрғақ гүл бүршіктері тамаққа пайдаланылады.Оларды тарымен және қытайбұршақпен бірге пісіреді, көбіне ет тағамдарына дұздық ретінде даярлайды. Түрдің Қазақстандағы тіршілік орталары бір - бірінен өте алшақ орналасқан, саны төмен. Негізгі қауіп - гүлдеген өсімдіктерді гүл шоғырына жинау. жақын арада табиғи популяцияларының жағдайын анықтап, арнайы қорғалатын жер бөлу керек.

Жабысқақ қандыағаш (Alnus glutіnosa) — қайыңдар тұқымдасы қандыағаш туысына жататын бір үйлі ағаш. Қазақстанда Жайық, Елек, Тобыл өзендері бойында, Құсмұрын к-нің жағасында, Ерейментау, Қарқаралы, Баянаула таулы аймағында өседі. Биіктігі 20 — 30 м келетін қара қоңыр түсті қабықты ағаш. Жас бұтақтары жылтыр, қызыл қоңыр үсті, желімді түктері болады. Бүршіктері жұмыртқа тәрізді, дөңгелектенген жапырақтарының (ұзындығы 4 — 12 см, ені 3 — 7 см.) бет жағындағы жолақтары айқын көрініп тұрады. Сырғалары (аталық та, аналық та) 3 — 5-тен топтасады. Дара жынысты, тұқымынан және вегетативтік (атпа тамырлары арқылы) жолмен көбейеді. Бүрі сәуір — мамырда ашылады. Жемісі — бір тұқымды, қос қанатты, қызыл-қоңыр түсті, желмен таралатын жаңғақша. Жабысқақ қандыағаш — дәрілік өсімдік. Оның қабығында илік заттар (5 — 9%), бүршігінде алкалоид (14 — 16%), жапырағында салицил, спирт және түрлі органикалық қышқылдар болады. Жабысқақ қандыағаштан алынған тұнба медицинада тоқ ішек қабынғанда, құяңға, суық тигенде қолданылады. Жабысқақ қандыағаш, өте сирек кездесетін реликті өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Категория: Биология
Просмотров: 5748 | Загрузок: 57 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]