Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Биология,химия қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау
[ Скачать с сервера (124.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология]
19.09.2013, 19:27
Тірек-қимыл жүйесі 

Мазмұны
1. Аннотация
2. Кіріспе
3. Сымбат және денсаулық
4. Тірек-қимыл аппаратының жоспары
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
«Адам және оның денсаулығы пәні» бағдарламасының мазмұны мектепке биологиядан жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай құрылған.
Оқу бағдарламасының мақсаты-оқушыға адам организмінің қызметі мен құрылысы туралы білім қалыптастыру, адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін түсінетін тұлға даындау, сонымен бірге адам организмінің өсуі мен дамуына жергілікті жердің климаттың және экономикалық жерлерді қамтылған. Оқушылардың тиянақты да терең білім алуына оқулықтың алатын орны ерекше. Әрбір сыныпқа арналған оқулықтың алатын орны ерекше. Әрбір сыныпқа арналған оқулық оқушылардың білім алуының бірден-бір құралы болып табылады. Оқулықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сол пәнге қызығушылығы арта түседі. Оқушыларды оқулықпен, басқа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуге үйрету ең алғашқы сабақтан басталады.
Биология пәнінде пәнаралық байланыс зертханаолық жұмыс арқылы теорияны практикамен ұштастыруда оқушылардың алдын-ала берілген тапсырма бойынша дайындалған хабарламалары тақырып мазмұнын жете алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сурет, жұмбақ, лабиринтті сөздіктерді пайдалану оқушылардың логикалық ойлауын дамыта түседі.
Тәнтану пәнінің басқа биологиялық оқулықтары, басқа пәндерден ерекшелігі әрбір тақырыбында гигиеналық және алдын алу, немесе сақтану шаралары міндетті түрде анықталады. Сондықтан биология пәніне оқушылардың қзығуы өте жоғары. «Бірінші байлық-денсаулық» (халық даналығынан), «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» (Т.Корлейль), «Денсаулық байлықтан қымбат» (Д.Рей)т.б халық сөздерінің тәрбиелік мәні де тақырып мазмұнын аша түседі.
Білім беру, тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, пеагогиканың негізгі мәселесі болғандықтан, нені оқыту және қалай оқыту деген сұраққа жауап беру үшін мынадай мақсатқа сүйендім.
1. Қалаған тарауды толығымен жоспарлау.
2. Әр тақырыпқа жаңашыл әдіс-тәсілді пайдалану.
3. Бақылау, бағалау кезеңі түпкі нәтиже қалай шықты.
Міне сонда ғана бз өзіміздің берген сабақтарымызға есеп бере аламыз.
Сондықтан Тірек-қимыл жүйесінде 4-тақырыптың өтілу барысын ұсынып отырмын.

Негізгі бөлім
Сымбат және денсаулық
Сымбат дегеніміз-қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетін өз денесін ұстай білуін айтады. Сымбатты адамның денесі ұнамды, жарасымды әлде іс өнімді болады. Денесі, аяғы түзу, иығы, бұлшықеті жақсы жетілген жинақы, аяқ алымы дұрыс адам сымбатты болып көрінеді. Сымбатының дұрыс болуы ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал ол өзгерген жағдайда дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор. Атың құрамындағы ақуыз, минералды заттар, дәрумен жетілмеген жағдайда және денеге ауырлық күші біркелкі түспесе, сымбат бұзылады. Дұрыс отырмаудан оқушылар, өндіріс және тағы басқа мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың омыртқа жотасы қисайып, иықтары бүкірейіп, кеуде қуысы ішіне қарай қабысуы мүмкін.
Сымбаттың қалыптасуы жүре пайда болады. Ол балалық шақтан сымбатын орындыққа, партаға дұрыс отыруын қадағалауға және өзін жинақы ұстап, жүріс-тұрысын бақылауға байланысты қалыптасады.
Адам денсаулығы үшін адамның тірек-қозғалысы аппаратының дұрыс өсуімен дамуының маңызы зор. Тірек-қозғалыс аппараты сүйек қаңқасынан және қаңқа бұлшық еттерінен тұрады. Ол арқылы адам кеңістікте еркін қозғалыс жасай алады.
Бұлшықеттердің, буындардың және сіңірлердің әртүрлі топтарын күнделікті жаттықтыру олардың жұмысын күшейтіп, тепе-теңдігін жақсартады. Қаңқа бұлшықеттері организмге кеңістікте қозғалуға мүмкіндік береді. Әртүрлі қозғалыстар жасау, сымбатты болу, дұрыс дене бітімінің қалыптасуы бұлшық ет жүйесінің арқасында болады. Әдетте жақсы дамыған бұлшықеттер қаңқа үшін сенімді тірек болып табылады.
Сымбаттың дұрыс қалыптаспауы дене пішімін өзгертіп, ішкі мүшелердің жұмысын бұзады, адамның ойдағыдай мамандықты таңдап алуына кесірін тигізеді. Сымбат бұзылғанда дер кезінде дәрігерге қаралуы қажет. Мұндай жағдайда дәрігерлердің кеңесімен жаттығулар тағайындалып, сымбаттың дұрыс қалыптасуна жәрдем береді.
2006 жылдан бастап, жаңа технолоияның, Қараевтың іс-жоспарын басшылыққа алып келемін. Соның ішінде М.Жанпейісованың басшылығымен жүргізіліп келе жатқан модулдік технология бойынша оқытуды қолдануда тәжірибе жинақтап келемін.
Төменде 8 сыныпта өткізілген «Қаңқа» тарауына жасалған сабағымды ұсынып отырмын.
Категория: Биология
Просмотров: 5718 | Загрузок: 1209 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]