Главная » Файлы » Рефераты » Дүние жүзі тарихы



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Австро-Венгрияның құрылуы
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 04.02.2012, 09:55

Австро-Венгрияның құрылуы

 

1.    1867 жылғы конституция  және оның мәні

2.     Австро-Венгрияның экономикалық даму жағдайы

3.      Ішкі және сыртқы саясаты

 

Австрия империясы өзінің қарамағындағы славян халықтарына үстемдігін сақтап қалудың жолын қарастырды. Ол үшін 1867 жылы Венгр магнаттарымен келісім жасады. Венгрия дербес корольдікке айналды. Бірақ ол осы империяның ішінде қалды. Бұл келісім бойынша Венгрияға Сейм құруға рүқсат берді. Мұндағы мақсат Австрия империясы әлсірей бастағандықтан Венгрияның ірі магнаттарына сұйену керек болды. Бірігіп басқаратын корольдік қалыптастырды. Келісім бойынша Австрия империясы конституциялық бюрократтық дуалистік мемлекетке айналып Австро-Венгрия деп аталатын болды. Австра-Венгрия деп аталатын дуалистік мемлекет ұлттық негізде құрылған жоқ. Австро-Венгрия деп аталатын мемлекеттің ішінде 27 млн. тұрғын болса, оның 10 миллионы австрия халқы, 10 млн. венгрлер, 7 млн. басқа ұлттар. Шекара Лейта өзені бойымен бөлінді. Австрияға қарайтын бөлігі Цислейтания деп аталды. Австрияға 14 облыс қарады. Венгрияға венгр жері, Словакия, Хорватия, Трансильвания, Закарпаттық Украина; Сербия жерлеріне   қарап Транслейтания деп аталды. Келісім бойынша соғыс, сыртқы істер, қаржы мәселелері империяның басқару үкіметінің қольгнда калдырылды. Жергілікті басқару ісі Венгрияның өзінде калдырылды. Австрия бұл келісім бойынша империяға қатысты қаржының 70 процентін беретін болды.

Осылайша Австрия империясының орнына дуалистік мемлекет құрылдьг. 1867 жылы Австро-Венгрияның конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша Австрияның императоры Венгрияның да императоры болды. Конституция бойынша Австро-Вёнгрияда Р е й х с тр а т жасадды. Оның екі палатасы болды. Бірінші палата — депутаттар палатасы, ал мырзалар палатасына — император үйінің ханзадалары, дін басылары сайланды. Депутаттар палатасына екі сатылы сайлау арқылы сайланды. Депутаттар палатасы бекіткел заң жоғарғы палата бекіткеннен кейін ғана күшіне енді. Венгр сеймі де екі палатадан тұрды. Ірі магнаттар өкілдері, ірі жер, дін иелері депутат болып сайланды.

Депутаттар ірі мүліктік ценз бойынша ашық дауыспен сайланды. Бұл конституция ірі жер иелері мен ірі байлардың үстемдігін нығайтты. Сайлау шарты бойынша түрлі цензалар енгізілді. Мүліктік шек, жастың мөлшері, куриалдық шектер қойылды. Төрт курия калыптасты: бірінші курия — ірі жер иелері 85 депутат сайлады; сауда-өнеркәсіп буржуазиясы куриясы 21 депутат; ұсақ саудагерлер, үсақ өнеркәсіпшілер куриясы 18 депутат; деревняның ауқатты топтары 128 депутат сайланды.

1870 жылдан бастап Австро-Венгрияда капитализм дами бастады. 9562 шақырым теміржол салынды, картельдер күрылды.Қала халқы өсті. Австрияның экономикалық дамуы әртүрлі болды. Чехия экономикалық жағынан жақсы дамыды. Акционерлік қоғамдар қүрылды. 1870 жылы Австрияда 6 ірі банктер болды. 90-жылдары көмір өнімінің 98 % Чехия өндірді. Жердің жартысынан көбін помещиктер иеленді.

Венгрия XIX ғасырдын аяғында жартылай аграрлы ел болды. Женіл өнеркәсібі басым феодалдық қалдыктар көлтеп сақгалды. Венгрияның 24 мың помещигі бүкіл жердің жартысын иемденді.] Олардың карамағында украйн, словак, хорват, румын шаруалары болды. Словакияның 48%, Трансильванияның 46% жуық территориясы Венгрияның коя астында болды. Словакия да артта қалған аудан. Алайда ол Венгрия-Транслейтания жағындағы дамыған аудан болды. Бүкіл өнеркәсіптің 80 % Словакияда өндірілді.

Үкімет басында либералдар отырды. Бүл кезде үкімет жиі алмасып түрды. Елде үстем тап өкілдері төуелсіздікті мойындағысы келмеді. Сол үшін Австрия буржуазиясы "неміс үлтгық одағын" қүрды (1882). Бүлар антисемитизм мен пангерманизмді уағыздады. Кейін "Үлы Герман одағы" қүрылды. Бүл буржуазияның реакцияшыл саясатының ең жоғарғы көрінісі болды.

1870-71 жылдары болған Франко-Прусс соғысынан кейін Австрия Герман империясындағы Пруссяяның гегемониясын мойындады. Германия славян халықтарын бір-біріне айдап салу саясатын жүргізді. Австрия империясъшың сақталуынан Ресейдің зиян шегуі мүмкін еді. 1879 жылы Австро-Венгрия Германия мен одақтасты. Оған 1882 жылы Италия қосылды. Осылайша үштік одақ құрылды.

Категория: Дүние жүзі тарихы | Добавил: Admin | Теги: ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ, құрылуы, Австро-Венгрияның
Просмотров: 7787 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.5/8
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]