Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Германия империясы 1871-1899 жылдарда. 1900-1914 жылдардағы Германия


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дүние жүзі тарихы]
04.02.2012, 09:56

Германия империясы 1871-1899 жылдарда

 

1.  Франко-Прусс соғысынан кейінгі Германияны біріктірудің   аякталуы. Империялық конституция

2.   Германия империясының экономикалық тез дамуы

3.   Ішкі саясаты

4.   Жүмысшы жағдайы

 

Германия 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ыкдал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшылығы пайда болды. Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық түтастығын калыптастырды. Ішкі шекаралык кедергілер жойылды. Неміс үлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге асты. Германияның бірігуі юнкерлікжолменжузете асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя қүрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның бірік-кендігін бекітті./Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірділді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдастырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық қүрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының қүрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 үлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды.і Германия империясътның мемлекеттері өз монархтарын сақгады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жок. Негізгі империялық мөселелер: сауда, монетгік жүйе, соғыс, қару-жарак тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды.Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстагқа берілді. Мемлекеттік заңды Одақтар кеңесі бекітті. Одақтық кеңестің  төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция калыптастырған Германиядағы мемлекеттік қүрылыс полицейлік бюрократиялык прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Еуропа елдеріндегі сиякты неміс буржуазиясы үкімет басында түрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр.Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің сонында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол кайшылыктар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін корғады. Конституция барысында жасалған блок мыкты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ә) империялык,консерваторлар. Империялық консерваторлар негізі өнеркәсіпшілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: үлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде қүрылды. Үшінші топ: солшыл либералдық партия — Бұл орта және үсақ қала буржуазиясынын мақсатын қолдады. Төртінші - католиктік, бұл әлеумеггік жағынан алғанда орта және үсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекетгердің ("Земли") қүқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-демократиялық партия— жүмысшылар партиясы болды.

XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жүмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жылдың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель болды. Ал 1900 жылы 300 картель жүмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Едде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарғак капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның Бұл сиякты тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудандары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғысқа дайындадды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтілді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда - 49 процент, Германияда - 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сакталды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық   ақша   енгізілді.   Пруссия   банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы кі>ілмыстык. кодекс енгізілді. 1874 жылы пошта, телеграф қатынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң кабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шыкты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы.

Сыртқы саясат. Бисмарк дипломатиясын юнкерлер мен буржуазияның мүддесі үшін жүргізді. Олар Францияға кдрсы превентивті соғыс жүргізді. 1877-1878 жылдары орыс-түрік соғысы болды. Осы соғыс кезіңце Франция Ресейге жау көзбен қарады. Англиямен бірігіп Сан-Стефанобітімін қайта кдратгы. Ресейдің позициясын әлсіретті. Бисмарк бйлашакга өзінің сыртқы саясатын нығайту үшін Австро-Венгриямен келісім жасады.Оған 1882 жылы Италия қосылды. Осылайша үштік одак пайда болды.

Германия 1890 жьтлдан бастап индустриялы елге айналды. 1871 жътлы Пангермандык одақ қүрылды. "Пруссияның басында Хайзер, Германияның басында Пруссия, әлем басында Германия" - деді. Нәсілдік саясат жүргізді. Үлы Германияға Бельгия, Голландия, Швейцария, Австро-Венгрия, Прибалтика, Румыния т.б. жерлерді қосып алғысы келді. Флот жасауды қолға алды. 1898 жылы Вилгельм түрік сүлтанатымен келісімге қол қойып, Бағдат темір жолын салуға рүқсат алды.

Германияның жүмысшы қозғалысында екі партия пайда болды. Лассалъяншыл(Бүкілтсрмавдык,жүмысшы одағьт), эйзенахшыл (Социал-демократиялық жүмысшы партиясы). Олардың бірігуі оппортунистік сипатта бодды. Біріккен Герман Социалистік партиясы болып екеуі кейін, яғни 1875 жылы бірікті. 

 

1900-1914 жылдардағы Германия

 

1.     Экономикалық дамуы

2.   Ішкі саясаты

3.     Отарлық және сыртқы саясат

 

XX ғасырдың қарсаңында Германияның капитализмі империалистік сатыға енді. Франция, Англия сияқгы елдерді даму жағынан басып озды. Болат шығаруда тек Америкадан кейін қалды. Шойын өндіруден де солай болды. 1912 жъглы Англия мен Францияны қоса алғандағыдан да көп өндірді. Мұндай үлкен даму Германияда өндірістің шоғырлануы барысында жүріп жатты. Істін барлық тұтқасы ең ірі кәсіпорыннын қолында, миллиондаған кәсіпорындар-дың қолында түкте жоқ. 1882-1907 жылдар арасында ірі кәсіпорындардың жүмысшьшарының саны 3 есе өсті. Өндіріс орындары 8,1 процентке азайды. Өндіріс шоғырлана берді. Монополистік бірлестіктің ең кеп тараған түрі синдикаттар болды. Рейн-Вестфаль синдикаты бүкія көмір өнімінің 94,5 процентің өндірді. Германияның ауыр өнеркәсібін үш ондаған ірі синдикаттар бакылап отырды. Бұлар Крупп, Тиссен, Стинец т.б, химия өндірістерін екі қоғам баскарды. Кеме жасау ісін екі компания бақылады. Картельдер саны 1896 жылы 250 болса, 1905 жылы 385 ке жетті. Оларға 12 мыңға жуық кәсілорындар кірді. Картельдермен синдикаттар банктермен тығыз байланыста болды. Берлиндегі 9 банк бүкіл еддегі капиталдын 83 процентін бақылады. Бір ғана неміс банкісі 200 кәсіпорынды каржыландырды. Өндіріс пен тығыз байланыс жасап банк капиталы капиталына айналды. Қаржы олигархиясы елдің саяси өміріне ықпал жасады. Депутаттарды, баспасөз, әдебиетті өзіне каратты. Қаржы олигархиясы бүкіл Германияның халқының шаруашылығына ықпал жасады. Монополияның өсуі-мен байланысты сыртка капитал шығару кең етек алды. Оңтүстік Шығыс Еуропаға, Таяу Шығысқа, Оңтүстік Америкаға капитал шығарды. 1862 жылы Германияның сыртка шығарған капиталы 12,5 млрд. маркаға, ал 1914 жылы 44 млрд. маркаға жетті.

Германияның жас империализмі дүниежүзі-л і к деп аталатын саясат жүргізуге көшті. Рынок ашу ол саясаттын негізіне айналды. Буржуазия да елдің Ішінде ыкдалды бола бастады. Юнкерлер елдің ішкІ сыртқы саясатында ең ықпалды күшке айналды. Юнкерлер мен буржуазияның экономикалық мүддесінің бірлігі буржуазиялық капиталистік дамуын күшейтті. Германиянын билеуші партиясы консервативтік партия болып қалдьт. Бұлар елдің саяси өмірін белсенді түрде көтерді. Дүниені өз пайдасына қайта бөлуді күн тәртібіне қойды. Соны үгіттеу мақсатында пангермандык одақ қүрды. Пангермандық одакты Германияның үкіметі қаржыландырды. Франциянын, Англиянын, Белъгия-ның, Португалияның отарларын басып алуды бағдарлады. Францияның, Голландияның көмірге бай жерлерін Германияға қосып алуды уағыздады. Түркияны қүлға айналдыруды, Украина, Кавказды тартып алуды ойластырды. Англияның отары Үндістанды косып алуды да ойдан шығармады. Германияның баспасөзі осы жағдайды уағыздады, неміс халқының санасын шовинизммен улады. Бүны жүргізген Фон-Бюлов, адмирал Тирпиц сияқтылар осы идеологияның мүрындығы болды, әскер жасақтадьт. Альфред-Фон Шлиффеннің басшылығымен 15 жыл бойы біріншІ дүниежүзілік соғыстың бағдарламасын жасады. Осы жоспарды тарихшылар уағыздап кітаптар жазды. Олар философ Ниценін "жоғары адам" (чистая раса) нәсілшіл философиялық түжырымын дәлелдеуге тырысты. Германия борінен артық деп оқытгы. Германия дүниені бөлуді күн тәртібіне қойды. Олар Бұл талаптарын "Шығысқа жорық" деп уағыздады.

Бағдат теміржолын салу Германияның капиталис-тері үшін пайдалы болды. Оған капитал салынды, жергілікті арзан жүмысшы күші пайдаланылды, жергілікті шикізат пайдаланылды. Мүның бәрі империалистік елдер арасындағы қайшылыкты күшейтті.  Бұл Германия мен Англия арасындағы қайшылықты күшейтті. Германия өзінін қолындағы жерлерде — Шлезвиг, Полыпа, провинцияларында германдандыру процессін күшейтті. Басқа ұлттардың өкілдерін неміс тілінде оқытты. Эльзас пен Лотарингиядағы француз халқының наразылығы күшейді. Үлттық либералдык партия консерваторла-рымен ынтымақтасып кетті. Олар консерваторларға қарсы өнеркәсіптің иығына түсетін тура салыкқа карсы шығып отырды. Бірақ сыртқы саясат мәселесінде концерваторлармен бірікті. Мүндай таластарды "Отбасылық жанжал" дейді.

1898 жылы Рейхстаг флоттык бағдарлама дегенді кдбылдады. Бұл бағдарлама бойьшша флот мәселесінде Англиядан басып озуды көздеді. 1920 жылы 98 брононосец, 14 брононосецтық крейсер, 96 контрминоносец шығару керек болды. 1906 жылы бұл бағдарлама тағы үлкейтілді. 1906 жылы ағылшындар суға дредноут деген брононосещі түсірді. Кейін бәсеке басталды. Сөйтіп Германия жыл сайьш 4 дредноут түсіруді жоспарлады. Ағылшындар 6-дредноут түсіреміз деді. 1914 жылы Бұл пропорция 10-16 бодды. Англияның ескі брононосецтері 3-4 есе көп болды. Германияның соғыс флоты осылайша екінші орынға шықты. Соғыс шығыны көбейді. 1912-13 жылдары екі млрд. марк ақша салық салынды. 1908 жылы жанама салыктың өзі екі млрд. маркаға жетті. 1914 жылы Германияның отарларының көлемі 2 млн. 913500 шаршы шақырым болды. Бұлар Шығыс және Оңтүстік Африкада, Камерунде, Тогода, Тынык мүхит бассейнінде жасалды. Бұл үсақ-үсақ шашыранды отарлар Германия империясын канағаттандырмады. Бұл отарлар тек XIX ғасырдың 16 жылының ішінде ғана жасалынды. Реакционер публицист П. Рорбах былай деп жазды: "Қ^ралар жүмыс істейтін көпшілікті қүрайды, ақ адамдар жоғарғы әлеуметтік топты қүрайды, қаралардың еңбек ақысы арзан". Арзан жүмысшы күшін жасау керек. Бұл жерлерді алдап алды,сатып алды, тартып адды. Тогода 45 мың гектар жерді 200720 маркаға сатып алдық — деп хабарлады. Германия отарлауды баскару және игеру үшін "Отарлық қоғам" деген үйым қүрды. Оның негізгі міндеті жерлерді одан әрі басып алуды жүзеге асыру.

1890 жылы Бағдат теміржолын салу жоспарланды.Бұл жол Осман империясы үшін экономикалық жағынан тиімді болған болар еді. Бірақ ол Германияның мақсатгарына байланысты тиімді болған жоқ. Ол темір-жол Осман империясын жартылай отар елге айналдыру үшін пайдаланылды. Англиянын позициясын Кіші Азияны әлсірету үшін пайдаланылды, Империалистік державалардың таластарьшан кейін Германия Түркияда теміржол салуды крлға алды. Қүрылыска кджетті кдржы түрік мемлекеттінің есебінен жасалды. Баж салығы салынбайтын болды. Жолдың қүрылысына арзан жүмысшы куші берілетін болды. Түркияға теміржол салу арқылы оньт вассалына айналдырғысы келді. Осы шаралардың нәтижесінде Германия 914 шақырым жол салды. Бағдат, Персия шығанағы арасында жолдар салынды. Теміржол салуға Францияның капиталистерІн де шақырды. Себебі олармен уақытша болса да кайшылықгы бәсендеткісі келді.

Монополиянын үстемдігі, экономиканың милитарлануы, қанаудың жетіддірілуі осының барлығы буржуазияның реакцияшылдануын күшейтті. Еңбек ақы 100 марка болса, енді 130 маркаға өсті. Түтынатын заттың бағасы 100-130 процентке өсті. Түтьшатын заттын бағасы кңмбаттады. 1896-1900 жылдары бидайдың бағасы 100 процент болса 1916 жылы 120 процентке өсті. Жүмыс күні қыскдрмады. 1902 жылы 10,5 сағат еді, 1915 жылы 9,5 сағаткд ғана қысқарды. Социал-демократия сан жағынан өсті. Мүшелері көбейді, 384 мыңға жетті. 1903 жылы социал-демократия партиясы 3 млн. дауыс адды. II Интер-национаддын ішінде оппортунизм күшейе бастады. XX гасырдың басыңда оппортунизм тіпті күшейді. Партияның оң қанатында ревизионистерді Эдуард Бернштейн басқарды. Олар марксизмді қайта кдрады. 1899 жылы Бернштейн өзінің "Предпосылка и задача социал- демократии" деген кітабында Маркстің баға мен қүн туралы пікірі қате деп түжырымдады. Ұсақ тауарлы өнімнін өміршеддігін дәлелдеуте тырысты.

Категория: Дүние жүзі тарихы | Добавил: Admin | Теги: германия, империясы, 1871-1899, 1900-1914, ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ, жылдардағы, жылдарда.
Просмотров: 21908 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.5/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]