Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Діни экстремизмге қарсы күрес. Тәрбие сағаты
[ Скачать с сервера (39.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дінтану]
24.12.2015, 09:52

Діни экстремизмге қарсы күрес туралы ақпараттар жинағы берілген.

Тәрбие сағаты: "Діни экстремизмге қарсы күрес"

 

Мақсаты: Діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады.Міне осындай  қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді оқушылардың  іске асырып жаман әдеттерге елігіп кетуіне қарсы тұруды үйрету

Қолданылатын құрал-жабдықтардың тізімі: тақта, плакаттар, проектор

Көрнекіліктері: презентация

 

Барысы:

Сұрақтарға жауап беру:

1.Дін дегеніміз не?

2.Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?

3.Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?

4.Қазіргі заманда қоғамға  қалай  ықпал етуде?

5.Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?

6.Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?

7.Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

 

Баяндамалар:

1. Насиболлаев  Ағатай

Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Экстремизм бұл ілім немесе ғылым емес. Ал өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.

 

2. Бармашева Беназир

Жалпы, ата-бабаларымыздың Исламды жатсынбай қабылдауының себебі, түркілердің байырғы Тәңір сенімі монетеистік наным  болатын. Яғни, арғы бабалырымыздың ұстанған Тәңірлік сенімі Хақ дінді қорашсынбай, тез қабылдауына игі әсер етті. Әдепкіде, Орта Азия халықтары Ислам дінінің радикалді ағымдарымен бетпе-бет келгенін жоғарыда айтып өттік. Бірақ, оларға мойынсұнбауының себебі, өр кеуделі Ер түріктің ұрпағы Исламды күшпен қабылдағысы келмеді. Ақыр-аяғында Орталық Азия халықтары «ахлу суннаның» рационалистік бағыты саналатын Ханафия және Матурудия мазхабын қабылдады. Себебі, бұл ағымдар әрбір мәселеге ақыл-парасатпен қарауға шақыратын еді. Сондай-ақ, Исламның сопылық бағыты да ежелгі түркілердің алып-ерендік, озандық, жыраулық, сал-серілік дәстүрімен қабысатын. Осы үндестік сопылық ілімнің қазақ халқының жүрегінен орын алуына игі ықпалын жасады. Сөйтіп VIII ғасырдың орта тұсында қарлұқтардың Ислам дінін қабылдауымен басталған илаһи үдеріс, XVI-XVII ғасырда Керей мен Найман тайпаларының Хақ дінді қабылдауымен толықтай аяқталды. Сондықтан да бүгін де Қазақ халқының мұсылманшылығына күмәнмен қарауға еш негіз жоқ деп білеміз. Ал, айдың күннің аманында «тұлыпқа қарап мөңіреген аусыл қарадай» жоқ дүниені бар етіп жүрген деструктивті діни топтардың өкілдеріне Хақ-Тағала ынсап берсін деп тілейміз. 

Категория: Дінтану
Просмотров: 9924 | Загрузок: 279 | Рейтинг: 2.8/15
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]