Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Экологиялық құқық


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология]
03.02.2012, 17:20

Экологиялық құқық

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы:

Өзге де елдер сияқты қазақстанда да қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамада негізделген.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық құқықтық көздері төмендегідей құқықтық құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциямы, заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және т.б.

Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді. Азаматтардың табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатысты міндеттерін белгілейді. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар табиғи ресурстың құқықтық негізі құрайды. Олардың құрамына «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» және т.б. енеді.

1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160-1 «қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы экологиялық заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны қорғаудың мәселелерінде басқа заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың заңнамалық базасын қысқаша түсіндірген оқытушы енді экологиялық мониторинг, оның түрлері мен функциялары туралы сұрақтың мәнін ашуға кіріседі.

Экологиялық мониторинг (лат. монитор – еске салатын, қадағалайтын) – антропогендік және табиғи факторларжың әсерімен қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Мониторингтің негізгі принципі – үздіксіз бақылап отыру. Экологиялық мониторинг экологиялық бақылаудың тек бөлігі ғана емес, ол сонымен бірге бағалауды және болжауды жүргізеді, сондай-ақ бір қызметті қоршаған табиғи ортаның жай-кұйі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Содан кейін мониторингтің түрлері қарастырылады. Аумақтық шегіне байланысты экологиялық мониторингтің үш сатысы бар: жергілікті, аймақтық және жаһандық.

Жергілікті мониторинг деңгейінде төмендегідей көрсеткіштерді бақылау неғұрлым маңызды болып табылады:

1.                     Адам мен табиғи экожүйелерге қауіпті ластаушы заттардың концентрациясы:

а) атмосфералық ауада көміртегінің, азот тотықтары, күкірт қос тотығы, озон, шаң, радионуклидтер, пестицидтер, ауыр металдар және т.б.

б) судың бет жағындағылар: пестицидтер, ауыр металдар, радионуклидтер, РН, минералдану, фенолдар, мұнай өнімдері, фосфор, азот, бенз(а)пирен;

в) топырақта: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер, азот, фосфор, мұнай өнімдері және т.б.

г) биотада: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер және т.б.

2. Зиянды физикалық әсер етудің деңгейлері: радиация, шу, діріл, электромагниттік өріс және т.б.

3. Биосфераның ластануы, әсіресе тумысынан кемістіктер салдарынан болатын аурудың динамикасы.

 

Аймақтық мониторинг деңгейіне ірі табиғи-аумақтық кешендер экожүйелерінің (орман экожүйелерінің, өзен бассейндерінің, агроэкожүйелердің және т.б.) жай-кұйіне бақылау жасау жатады, сондай-ақ биологиялық айналымлар, олардың бұзушылықтары зерттеледі, бір аймақтардағы қоршағаан ортаға антропогенді әсер етудің сипаты мен сандық көрсткіштеріне талдау жүргізіледі. Мысалы, аймақ шегінде жануарлыардың жойылып бара жатқан түрлерінің популяциялық жай-күйіне бақылау жасалады.

Тұтастай алғанда биосфередағы мүмкін болатын өзгерістерді байқау, бақылау және болжауды қамтамасыз ету – жаһандық мониторингтің міндеті. Оны фондық немесе биосфералық деп те атайды.

Жаһандық мониторингтің негізгі мақсаттары болып табылатдар:

                 адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алудың кеңейтілген жүйесінұйысдастыру.

                 климатқа атмосфераның жаһандық ластануының әсерін бағалау;

                 биологиялық жүйелерде, әсіресе қоректік тізбектерде ластанудың мөлшері мен бөлінуін бағалау.

                 қоршаған ортаға әсер ететін жерүсті экожүйелерінің реакциясы;

                 ауыл шаруашылығы қызметі мен жерді пайдаланудың нәтижесінде пайда болатын күрделі проблемалары;   

                 Әлемдік мұхитты ластауға және теңіз экожүйесін ластанудың әсері;

                 халықаралық ауқымдағы стихиялық апаттар туралы алдын ала ескерту жүйесін құру.

Категория: Экология | Добавил: Admin | Теги: экологиялық, құқық, экология
Просмотров: 8371 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]