Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
03.02.2012, 17:25 |
Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық
сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. "Иондық
сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін
біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының
қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау
жаныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер,
адам үлпасы мөн мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі. Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан
(электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену
кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр
түрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы
радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр
энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері
жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.).
Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі
жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектөр заттармен ықпалдаса отыра
өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан
альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес - олар ауада 3 - 8 см өтеді, металда - 10
микрон, ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.
Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элемент-тер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процес-теріне қатысуы мүмкін. Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне
шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да
бір мөлшері кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық ошақ
кездессе ол сонда жинақталады және геологиялық процестердің үлкен созымдылығын
ескергөнде (ондаған және жүздегөн мың жылдар) бүл орындардағы уранның
жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін. Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады. Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады. Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын қүрайды. | |
Просмотров: 8499 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |