Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жалпы табиғат пайдалану


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология]
03.02.2012, 17:20

Жалпы табиғат пайдалану

Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтас- тырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады.

Жалпы табиғат пайдалану халықгың өмірлік қажеттерін қана- ғаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ре- сурстар берілместен жүзеге асырылады.

Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар та- биғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі.

Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.

Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаң- дар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парк- тер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықгың қажеттерін қанғаттаңдыруға арналған өзге де объектілер (су қүбырлары, жылыту-құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жүрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға ар- налған ортақ пайдаланудағы жер жатады.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудіңжеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайты- нын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Бұдан баскд, Жер Кодексінің 67-бабында былай делінген: меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мұдцелі жеке және заңды тұлға- ларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен (сервитут) беруге міңдетгі. Сервитут жекеше және қауымдық сервитут болып бөлінеді. Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықгың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде, жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленеді.

Қауымдық сервитуттар:

– ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту;

жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілері мен тораптарын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

жер учаскесін межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

– су алу және суат;

– жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

– жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

жер учаскесін іздестіру, зерттеу және басқа да жүмыстар жүргізу мақсатыңда жер учаскесін уақытша пайдалану;

жағалау белдеуіне еркін өту;

– жер учаскесін мемлекеттік органдардың шешімімен мәдени- көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

– қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Категория: Экология | Добавил: Admin | Теги: табиғат, ПАЙДАЛАНУ, экология, жалпы
Просмотров: 2706 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]