Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Баға Белгілеу және Бағалар жүйесі
[ Скачать с сервера (96.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
18.04.2013, 22:13
БАҒА БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАР ЖҮЙЕСІ

1.1. Баға түсінігі және атқаратын қызметтері
1.2. Ауыл шаруашылығындағы бағалар жүйесі
1.3. Бағалардың қалыптасу ұстанымдары және әдістері
1.1 Баға түсінігі және атқаратын қызметтері 

Нарық механизмінің басты элементтерінің бірі баға болып табылады. Кәсіпорынның алатын пайдасы, өндірістің шығындарын өтеу бағаға байланысты. Ол ресурстардың нақты өндіріске бағытын реттеп отырады.
Бәсекелік нарық жағдайында тепе-тең бағалар қалыптастырылады. Ол ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Аз шығындармен өнім өндіретін кәсіпорындардың өнімінің бағасы төмен болады. Бағаның негізі шекті шығындарға байланысты болады. Еркін бәсеке мен шекті шығындардың тепе-теңдігі баға шартында орындалады. Бағаның шекті шығындарға байланысты болуы сұраныстың өсуіне әсерін тигізеді. Сұраныс төмендеген жағдайда баға төмендейді. Сұраныс белгілі бір факторларға тәуелді болады.
Тұтынушылар өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарын тұтынады. Ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ресурстарды өндіріс салаларына тиімді үлестіру арқылы баға тепе-тең қалыптасады. Бағаның тепе – теңдігі сұраныс пен ұсыныс сияқты бірнеше факторларға байланысты болады. Нарық жағдайының өзгерістері сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне әсерін тигізсе, сол сияқты жаңа тепе – тең мақсатты бекітуге де әсер етеді. Соңғысы тұрақты түрде ресурстарды тиімді қолдану бағыттары бойынша үлестіреді. Нарық тұтынушылардың төлем қабілеттіктеріне байланысты бір тауар түріне немесе қызмет түріне әр түрлі баға бекітуді ұйғарады.
Баға қалыптастыру шаруашылық қызметінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Өйткені нарықтық баға сапа, сұраныс, ұсыныс пен өнім өндіру шығындары қатынасының шартты орташаланған нормативі түрінде болады.
Өнімнің сапасы жоғары, ал шығындары төмен болса (сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде) шаруашылық қосымша пайда алады. Нарықтық нормативтерге сәйкес келмейтін шаруа шығындарға, тіпті банкротқа да ұшырауы мүмкін.
Белгілі бір өнім бағасына әсер ететін барлық факторларды терең талдап анықтау нәтижесінде шаруа оның мақсаттары мен тапсырмаларын нақты анықтаудан басталатын бағақалыптастыру стратегиясын жасау мүмкіндігіне ие болады. Баға қалыптастыру үрдісінде ол түрлі мақсаттарға ұмтылады. Шаруа неғұрлым осы мақсаттарды айқын білсе, соғұрлым бағаны бекіту оңайға түседі.
Шаруалар баға қалыптастырудың 3 басты мақсаттарын бөледі: өткізу, ағымдағы пайданы жоғарылату және қалыптасқан жағдайға негізделген мақсаттар. Алдына өткізуді арттыруға негізделген мақсатты қойған шаруа, сату көлемінің жоғары болуына немесе бәсекелестермен салыстырғанда өзінің сату үлесінің артық болуына бағытталады. Ол осындай мақсаттарды келесі себептерге байланысты таңдайды. Біріншіден, ол нарықтың тығыз болуына немесе нарықты және тұрақты табысты бақылау жолындағы маңызды қадамның бірі - өткізудің өсуіне мүдделі. Екіншіден, ол өткізу көлемін арттыруға тырысады және үлкен жиынтық пайда алу үшін өнім бірлігінен түсетін табысты төмендетуге дейін баруға дайын болады. Үшіншіден, ол сату көлемі жоғары болса, оған қатысты шығындардың мөлшерін төмендетуге болады деп тұжырымдайды.
Пайдаға негізделген мақсаттарға ие шаруа өз алдына ағымдық пайданың жоғары деңгейін мақсат етіп қояды. Ағымдық пайданы арттыру үшін ол бағалардың түрлі деңгейіне сәйкес шығындар мен сұранысты бағалап, олардың ішінен ағымдық пайданың жоғарғы түсімін және шығындардың максималды жабылуын қамтамасыз ететін бағаны таңдайды. Осындай жағдайлардың барлығында шаруа үшін ағымдық қаржылық көрсеткіштер ұзақ мерзімділерге қарағанда маңызды.
Ең жоғарғы баға сұраныспен, ең төменгі шығындармен анықталғанымен, шаруаның бағалардың орташа диапазонын бекітуіне бәсекелестердің бағалары әсер етеді. Егер нақты бір шаруаның өнімі басты бәсекелестің өніміне ұқсас болса, онда шаруа өз өніміне осы бәсекелес өнімнің бағасына жақын бағаны қояды. Әйтпесе ол өткізуді жоғалтуы мүмкін. Шаруа бәсекелеске қарағанда жоғары бағаны тек сапасы жоғары болған кезде қоя алады.
Негізінен шаруа бағаны бәсекелестердің ұсынысына қатысты өзінің ұсынысын жайластыру үшін қолданады. Өнімді бөлу мен өткізу арналарын талдау барысында осы арналардың әрбір қатысушысы сату көлемін жоғарлату, пайданың жеткілікті үлесін алу, қайта сатып алуды қамтамасыз ету және нәтижесінде қойылған мақсатқа жету мақсатында баға белгілеуде маңызды орынға ие болуға тырысады. Осылайша шаруа бағаны толығырақ бақылай алады: монополиялық тауар қозғалысы жүйесін пайдалана отырып немесе өнімді төмен бағамен сататын бөлшек сауда арқылы өткізуді төмендету негізінде; өнім бағасын алдын-ала бекіту арқылы; меншік бөлшек сауда дүкендерін ашу арқылы және т.б.
Нарық қатынастарының жағдайында баға өте маңызды бірнеше қызметтерді атқарады.
- бағалардың есептеу және өлшеу функциялары. Барлық бағалық көрсеткіштерді жоспарлау мен есептеу экономикадағы әр түрлі бағалар жүйесі көмегімен жасалады: жалпы және тауарлы өнім, өнімді өндірудегі материалдық – қаражаттарға шығындар сомасы, таза пайда мен табыс және т.б.;
- бағаның ынталандыру функциясы. Өнім өндіруден пайда табу нақты тауар түрінің бағасы мен өндіріс шығындарына байланысты. Бағаның өсуі берілген өнім көлемінің ұлғаюын ынталандырады.
- бағаның үлестіру функциясы. Тауарлардың баға өзгерісі материалдарды басқа өндіріс пен салаларға қайта үлестіруді қажет етеді.
- бағаның реттеуші функциясы. Нарықта бағаның өсуі немесе төмендеуі сұраныс пен ұсыныс көлемін теңдестіреді, сонымен қатар нарық қызметтерін және тауар жабдықтауды қысқартады.
Баға қоғамда ресурстарды тұтынуда және халықтың әр топтарына кірістерді қайта үлестіруде бақылау құралы болып табылады.
Әр аймақ арасында өнімді алып келу мен алып кету жолымен бағалардың теңдестіру функциясы орындалады.
Категория: Экономика
Просмотров: 7435 | Загрузок: 1082 | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]