Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
[ Скачать с сервера (339.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
14.11.2014, 22:41

ЖОСПАР

Кіріспе .............................................................................................................. 2

I Тарау . Қазақстан Республикасының банк жүйесі...............................4

1.1. Қазақстанда банк жүйесінің қолыптасуы және дамуы .................4

1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметін реформалау.....................17

II Тарау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі..24

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру......................................................................................26

2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктердің ресми мөлшерлемесін қарастыру..................................................................39

Қорытынды......................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер ...............................................................................39


КІРІСПЕ

Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың басты формасы, проценттер әкелетін  ссудалық (қарыз капиталы). Жеке меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың дамуымен өте тығыз байланысты.
Египетте банктік операциялар б.э.д. 2700 жылдары жүргізілген. Б.э.д. VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және Грецияда банктік қызмет балған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407 жылы Генуяда пайда болған.
Өнеркәсіпте тауар-ақша айналысының дамуы ақша-сауда және банктік капиталдың құрылуына алып келді. Ақша-сауда капиталы, процент әкелетін капиталдың алғышарты болады. Ақшамен сауда жасау, әрине, банктердің жалғыз функциясы болып қалмайды.
Сонымен бірге банктердің пайда болуы экономиканың қолма-қол ақша артылып бара жатқан секторларының қаражаттарын жұмылдырып, қолма-қол ақша жетіспеушілігі бар секторларға жіберілуіне мүмкіндік береді.
Банктік несиелік опирациялардың негізі салымдар, немесе депозиттер, болып табылады, және де есеп айырысудағы делдалдықта. Сонымен бірге, несиелік операциялардың негізін банктің өзінің капиталы құрайды.
Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік капиалдың араласуының нәтижесінде банктер күшейді. Бұл кезеңде банктердің негізгі клиенттері ірі өнеркәсіптік компаниялар болды.
Банктердің несиелік опирацияларының кеңеюі салымдардың өсуіне, ақша айналысының дамуына , жарғы копиталдың мөлшерінің өсуіне себеп болды. Мұның барлығы банктік сферада меншіктің акционерлік формасының пайда болуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде баніктік капиталдың концентрациясы про Капитализімнің монополиялық кезеңінде банктік және өнеркәсіптік цессінің күшейюіне әкеліп соқты
Қазіргі кездегі банктік жүйелердің күрделі және көпбөліді құрылымы бар. Егер классификацияның негізіне мекемелердің өзінің клиенттеріне көрсететін қызметтердің сипатын қойсақ онда банк несие жүйесінің үш маңызды бөліп көрсетуге болады, олар:
- орталық (эмиссиондық) банк;
- коммерциялық банктер;
- арнайы қаржылық мекемелер.
Орталық банк – бұл “банктердің банкісі ”. Ол фирмалармен немесе халықпен опирациялар жүргізбейді. Оның клиентурасы – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтің мекемелері. Қазіргі кезде орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі – жалпы ұлтық ақша несиелік саясатын жүргізу. Ол қаржылық сектордың жағдайына және түгелдей дерлік ұлттық шаруашылыққа күнделікті және терең ықпалын тигізіп отырады.
Коммерциялық банктер – қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторында операциялар жүргізетін, конфункциялы мекемелер болып табылады. Ірі коммерциялық банктер клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетудің толықкешенін ұсынады.
Коммерциялық банктер дәстүрлі түрде банктік-несиелік жүйенің негізгі ролін атқарады.
Арнайы қаржылық мекемелер – қарыз капиталы нарығының тар сфераларында опрацияларын жүргізеді. Бұл сфераларда қызмет көрсету үшін арнайы білім және арнайы техникалық амалдар керек. Бұл мекемелердің кейбір түрлері қаржылық қызмет көрсетудің белгілі бір түрлеріне сұранысты банктер жаба алмағаннан пайда болған. Мысалы, 20-ші жылдары коммерциялық банктер тұтынушылық несиені берумен айналыспаған, нәтижесінде қазіргі кезде ақша нарығында тұрақты орны бар, тұтыну несиесін берумен шұғылданатын бірқатар мекемелер тобы пайда болды.
Коммерциялық банктер және басқа қаржы-несие мекемелері өздерінің қызметін бір жерде - ынтымақтас болып, ол бір жерде – бәсекелес болды. Бұған сәйкес тарихи даму үстінде сегметтелген және универсальды банктік құрылымдар пайда болды.
Сегменттелген құрылым-қаржылық мекемелердің операциондық қызметтердің және функцияларын қатаң түрде заң жүзінде бөледі. Ал универсальды құрылымда қаржылық қызмет көрсету сферасына және бөлек операциялар түрлеріне қатысты заңды шектеулер жоқ. Барлық қаржы-несиелік институттар қандай болсын түрін жасаса да алады және клиенттеріне операциялардың барлық түрін көрсете алады.
Сонымен Банктік жүйе дегеніміз – екі деңгейден тұратын(біріншісі – орталық банк, екіншісі – комерциялық банктер), қаржы-несиелік қатынастардың нәтижесінде болған, ұлтық шаруашылыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін мекемелерден құрылатын біртұтас жүйе.
Ал, бұл жүйенің түйіні – орталық банктерге тоқталайық.
Жалпы орталық банктердің пайда болуы тікелей олардың эмиссиялық қызметімен байланысты. Ал банктердің эмиссиалық қызметі ақшаның эволюциясымен тікелей байланысты болады, яғни несие ақшалардың пайда болуы.
Метал ақшалар айналыста болған кезде, банктер өздерінің қызметін үнемі ақша дефициті жағдайында жүргізді. Банктердің дамуын осы металл ақшалар айналысы тоқтататын, кедергі жасап отырды (метал ақшалардың жоғалуы, алтынды өндірудің өте көп шығын талап етулігі және т.б.). Бұл жағдайды дұрыстау үшін мемлекеттер қағаз ақшаларды шығара бастады. (XVII ғасырда Солтүстік Америкада). Бірақ қағаз ақшалар эмиссиясы қатаң реттелініп, алтынмен қамтамасыз етілуі керек болды. Өйткені оларды кқп шығару құнсыздануға соғып отырды. Сондықтан алтын монополиясынан тәуелсіз және көлемі ұлттық капиталдық даму дәрежесімен регламенттелінетін ақша қатынастарының белгілері керек болды. Бұл талаптарға несие ақшалары сай келді.
Металл ақшалардың қызмет ету үшін арнайы институт керек болмады. Олардың айналысын мемлекеттермен шіркеулер қолдады. Ал несие ақшаларға арнайы институттар керек болды.
Несие ақшалардың эмиссиясының бастапқы негізгі – коммерциялық несиелеу үшін шығарылған вексельдердің айналысы болды. Ол қызмет етіп тұрған капиталдың өнімі бола тұрып, сол уақытта несие ақша болып көрінеді.
Вексельдің банкнотаға айналуы банктердің эмиссиондық операцияларымен байланысты болды. XVII ғасырда Англия банктерінде эмиссиондық пайда болды. Бұл стихиялы түрде пайда болған банктер жүйесіне ықпал ету үшін, мемлекет 1694 жылы Англия банксін құрды. Ал 1844 жылы Пиль заңы Англия банксының эмиссиялық қызметке монополиясын жариялады.
Сол уақыттан басталады. Орталық банктерді дұрыстап түсіну үшін – олардық міндеттеріне, мақсаттарына және ақша-несие саясатына көз жүгіртіп өткен жөн.

Категория: Экономика | Добавил: raisa02910605
Просмотров: 1882 | Загрузок: 317 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]