Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бухалтерлік есеп әдістері. Бағалы қағаздар және оның түрлері
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
12.05.2012, 21:58
Бухалтерлік есеп әдістері

Бухалтерлік есеп әдістерінің 8 түрі бар:
1.Құжаттандыру
2.Түгендеу
3.Бағалау
4.Калкулация
5.Бухалтерлік есеп
6.Екі жақты бухалтерия
7.Бухалтерлік баланс
8.Есептілік

Құжаттандыру-бұл бухалтерлік есеп мәліметтеріне заңдық күш беретін,орындалған шаруашлық әрекеттері туралы жазбаша куәлік.

Түгендеу-шаруашылық құралдары мен қаржылық міндеттемелерді нақты бәрін белгілі бір мерзімде бухалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықталған.

Ақшалай бағалау-жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы және есептілік кезеңге жалпылама мәдениеттерді алу үшін шаруашылық құралдарын міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттердің ақшалай түрде көрсету әдісі.

Калкулация-шығындарды топтастыру өнімдердің жеке бір түрлерінің және өндіріп дайындалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнын анықтау.

Бухалтерлік шоттар-шаруашылық құралдары олардың құрылу көздері және шаруашылық әрекеттері екі жақты жазу әдісімен сапалы бір текті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу
.
Екі жақты жазу-шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде бірдей салада екі шотта көрсету ,яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең саламен бір шоттың дибетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.

Бухалтелік баланс-белгілі бір мерзімге және ақшалай бағалаумен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.
Бухалтерлік баланс-екі бөлімнен ягни актив пен пассивтен тұрады.

Бухалтерлік есеп- есепті кезеңде кәсіпорыннығ шаруашылық құралдарын міндеттемелердің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрі белгілі бір нысанында көрсетілген бухалтерлік есеп көрсеткіштердің жиынтығы.

Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар.
Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
– мемлекеттік;
– муниципалды;
– корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
– Ұлттық жинақ облигациялары;
– Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
– Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
• қарыздық бағалы қағаздар;
• инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
• қорлы бағалы қағаздар;
• саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
• нарықтық бағалы қағаздар;
• нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
• негізгі (акция, облигация);
• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
• туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
• жәй акциялар;
• артықшылығы бар акциялар.
Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы ьар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акцялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Қаржылық салымдардыц түрлері
Қаржылык салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.
Есепте каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып бөлінеді.
Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.
Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.
Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.
Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.


Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: түрлері, оның, қағаздар, экономика, Бағалы, және, есеп, Бухалтерлік, әдістері.
Просмотров: 3489 | Загрузок: 1056 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]