Главная » Файлы » Рефераты » Экономика



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 08.02.2012, 22:40
Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................

1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
толық көзқарастар
1.1. Мемлекеттің мәні, және экономикада мемлекеттің
рөлі........................................................................................
1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі..................................................................................
1.3. Мемлекет және бизнес......................................................

2-тарау. Қазакстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға
өтуінің ерекшеліктері........................................................
2.2. Өтпелі кезееңдегі макроэкономикалық саясат. ...........
2.3. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың
дамуының тиімді нысаны...................................................
2.4. Қазақстандағы экономикалық дамыту, элеуметтік
ахуалды жақсартуға жол..................................................

Қорытынды .................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................




Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- «Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады.Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған
жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. "Айырбастау"-дейді. В.И. Ленин7-"адамдарды нарық арқылы біріктіреді". Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең үнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады.

1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық теориялық қарастар
1.1. Мемлекеттің мәні және экономикада мемлекеттің рөлі
Рыноктық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.
Тәуелсіз елдің жаңа экономикалық идеологиясын қалыптастырудың басы деп есептеуге болатын 1993 жылдың соңынан бастап (ұлттық валюта шолу жасап көрейік.
Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.
Орта жылдамдықты перспективаға (1993-1995жылдар) арналған бірінші дагдарысқа карсы шаралар бағдарламасында құнсыздануды қолайлы деңгейге дейін басу өндірістік төмең кұлдырауын тоқтауға және оның 1995жылдың аягына қарау өсуі үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді деп
күтілген болатын. Алайда кұнсыздану деңгейі 1993 жылы 2265%-га жетті. Құнсыздану процесінің жылдамдатылуы өндірістің төмен кұлдырауына әкелді. Халык тұтынатын тауарлардың ішкі рыногы бұзылды, өнімдер экспорты тастама экспорт бойынша төмен бағаларға жүргізілді. Осы үлгімен 1994 жылдың ортасына қарай дағдарысқа қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарлама бойынша экономика реформларын әрі қарай жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Бірдей уақытта іске асырылу мерзімі 15 ай (1994-1995 ж) экономикалық реформаларды жылдамдату бағдарламасы енгізілді. Бұл багдарламаның негізгі мақсаты өндірісті оның жандануына жағдай туғызу үшін қүнсыздануды басатын деңгейге дейін тұрақтандыру болды.
1995 жыл деректері қүнсызданудың деңгейі бағдарламамен қарастырылғаннан жоғары болғанын көрсетті. Өндірістің қүлдырауын жеңу мүмкін болмады. Егер өндірістің құлдырау динамикасына көз жүгіртетін болсақ, онда 1992 жылы оған қарағанда салыстырмалы түрде түрақты болған 1990 жылда 14,6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, 1995 жылы - 57% құрады.
Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдегі үкімет бағытын әкімшілік-бұйрық басқару элементі қосылган тұрақсыз монетаризм ретінде анықтауга болады. Аталған бағытқа тоқтаусыз жүре беру бағалардың жылдам өсуіне және күнсыздану процестерінің дамуына, жеміссіз қаржылык макрореттеуге экелді. Микроэкономикалық және өңірлік саясат, ғылыми-техникалық даму, мемлекет меншігін басқару, кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту мэселелері шешімін таппай қалды. Ұйымдастыру жарнамалардың ауысуына қарамастан мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру тетігі іске қосылмады. Ескі партиялық-шаруашылық номенклатурамен өндірісті монополизациялау жалгаса берді.
Қазакстанда орташа жылдамдықты болашак бағдарламасы (1996-
1998жж.) бес жыл бұрынғы міндетті- құнсыздану деңгейін 1997 жылдың
аяғына дейін 9-12% төмендетуді алға қойды. Бұл жолы мақсатқа кол
жеткізілді: 1997 жылдың аяғына қарай құнсыздану деңгейі 11,2% құрады.
1998-2000 жылдар - экономиканы кұрылымдық қайта кұрылысуы, оны халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру кезеңі. Осы кезеңдегі экономиканың дамуына негіз болған маңызды фактор елде шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бюджеттік-қаржылық жүйенің жұмыс істеуін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беру шараларын институционалдық және заңнамалық жетілдіру болып табылды.
Халықаралық әлем үшін Карнеги қоры сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар нәтижесі болып табылатын карқынды экономикалық өсу байқалып отыр. Осындай кейбір өсу Ресей экономикасынан да көрініс тапты. Қазақстанда Ресейде сияқты бұл реформалар кіріс бөлігі шығындар бөлігінен аса бастаған үкіметтік бюджеттерді тазартудан басталды. Бұған мұнайды сатудан түскен табыс қана емес, кәсіпорындарға берілетін демеуқаржыларды қысқарту да себебін тигізді.
Күшіне 1998 жылы енген импорт алмастыру бағдарламасын іске асырумен байланысты 2000 жылғы ІЖӨ елеулі өсуі (14 пайыз) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары тұлғасында Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілдерімен ұсынылған ресми айқындамалары дәлел бола алады.
Алайда көпшіліктің ойынша республика экономикасының өсуі бірінші кезекте соңғы кезеңдегі мұнайға деген әлемдегі жоғары бағам, тек содан кейін ғана елеулі артта қалумен ішкі экономикалық факторлар жатыр деген ой.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін
өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастыру
сияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.

1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық кызметі

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер , басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге , тәуелсіздігіне үласады , сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде ? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа
анықтаманы франсуз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист
А.Маршал(1842-1924ж.ж) береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін , кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады . Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.
Байқасаңыздар , келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден , нарық (market) деген түсінік , бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден , нарық-өндіріс , бөлу , айырбас және тұтыну процестерін қамтитын , адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын , қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген , экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар , нарық қатынастарына мыналар жатады:
— екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
— еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
— шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
— белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 — тауар , қор , валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын ,
нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды . Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .
Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр . Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді . Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды .
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар . Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады . Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады . Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы , әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді .
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші , баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп)отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды . Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды , яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады . Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады . Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке . Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді . Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмІнің формасы болып табылады . А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген . «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес , өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады . Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т . б . мөлшерін анықтау болып табылады .
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым
жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді .

1.З. Мемлекет және бизнес

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы . Шағын кәсіпкерлік (ШК) қазіргі кезеңде мемлекеттік және қогамдық қолдауға зәру.
Осы саладағы мемлекеттік шаралардың орталық орнын шағын нарықтық инфрақұрылымды дамыту алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей ШК ұлттық экономикада маңызды қызмет атқарады : сұраныс пен ұсынысты тендестіру арқылы нарықтық қатынастар өндірісінің негізгі тетігін қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді, 70% ке дейін жұмыс орнын құрайды , адам ресурсы мен инновациялық күштерді белсендіруге елеулі әсер етеді.
ШК-ке мемлекеттік әсер ету - негізгі рыноктық тетіктер қалыптасатын қаржылық және экономикалық дағдарыс алынатын реформаның екінші кезеңінің мәселесі. Шағын кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық іс-әрекеті. Шағын бизнес дамуының қазіргі кезеңде бірінші кезекте шикізатты өңдеу және өнім мен тауарларды өндірумен біріктірілген шағын кәсіпорындар желісін қолдаумен байланысты, ол рынокта сәйкес технологиялық және технологиялық жабдықтар болуын болжайды.Алайда 1993 жылдың басында шағын кәсіпкерлік не өздігінен жойылатын не жеке құбылыс ретінде қалыптасатыны белгілі болды. Үкімет басында шағын кәсіпкерлікке шұғыл түрде мемлекеттік қолдау көрсетілуі керектігі ұғынылды. Сәйкес үйымдастыру құрылымдары федералдық деңгейде қалыптаса бастады.
Шағын бизнес дамуының қазіргі кезеңде бірінші кезекте шикізатты
өңдеу және өнім мен тауарларды өндірумен біріктірілген шағын кәсіпорындар желісін. қолдаумен байланысты, ол рынокта сәйкес технологиялық және технологиялық жабдықтар болуын болжайды. Қаржылық-несиелік қолдау. Қазіргі уақытта меншіктегі қарыз қаражаттарының жетіспеушілігі бар шағын кәсіпорындардың жаңасын кұру және іс-эрекеттерін дамыту үшін негізгі кедергілердің біреуі болып түрады. Бастапқы капиталдың жетіспеушілігі, қаражатты жинақтаудың шектелген мүмкіндіктері, қаржылық-несиелік ресурстарға қол жеткізудің қолайсыз шарттары салдарынан шағын кәсіпорындар өзіндік даму үшін ішкі стимулға, жаңа тауар рыногын игеру мүмкіндігі, нарықтық өндірісті жетілдіру және өнім сапасын арттыру мүмкіндігі жоқ. Осы факторлармен шағын кәсіпорындарды өндірістіктен сауда және қаржылық салаға ауыстыру, көлеңкелік рынокты және ақша қаражаттарының есептелмеген айналысын дамыту сияқты проблемалармен тікелей байланысты.
Қаржылық-несиелік қолдау. Қазіргі уақытта меншіктегі қарыз қаражаттарының жетіспеушілігі бар шағын кэсіпорындардың жаңасын кұру жэне іс-әрекеттерін дамыту үшін негізгі кедергілердің біреуі болып тұрады. Бастапқы капиталдың жетіспеушілігі, қаражатты жинақтаудың шектелген мүмкіндіктері, қаржылық-несиелік ресурстарға қол жеткізудің қолайсыз шарттары салдарынан шағын кэсіпорындар өзіндік даму үшін ішкі стимулға, жңа тауар рыногын игеру мүмкіндігі, нарықтық өндірісті жетілдіру және өнім сапасын арттыру мүмкіндігі жоқ. Осы факторлармен шағын кәсіпорындарды өндірістіктен сауда және қаржылық салаға ауыстыру, көлеңкелік рынокты және ақша қаражаттарының есептелмеген айналысын дамыту сияқты проблемалармен тікелей байланысты.
Қаржылық-несиелік қолдау. Қазіргі уақытта меншіктегі қарыз қаражаттарының жетіспеушілігі бар шағын кәсіпорындардың жаңасын құру
және іс-эрекеттерін дамыту үшін негізгі кедергілердің біреуі болып тұрады.
Бастапқы капиталдың жетіспеушілігі, қаражатты жинақтаудың шектелген
мүмкіндіктері, қаржылық-несиелік ресурстарға кол жеткізудің қолайсыз шарттары салдарынан шағын кәсіпорындар өзіндік даму үшін ішкі стимулға, жаңа тауар рыногын игеру мүмкіндігі, нарықтык өндірісті жетілдіру және өнім сапасын арттыру мүмкіндігі жоқ. Осы факторлармен шағын кәсіпорындарды өндірістіктен сауда және қаржылық салага ауыстыру, көлеңкелік рынокты және ақша қаражаттарының есептелмеген айналысын дамыту сияқты проблемалармен тікелей байланысты.
Салық саясатын жетілдіру бойынша:
- жеке шағын салықтардың елеулі санын жою:
- салық салу туралы заңдарда және қаржы жылы ішінде салық салу тәртІбінің нормаларын белгілеу;
- салық салу кезінде аванстау тәртібін жою;
- салықтық айыппұл және санкциялар түріндегі барлық түсімдерді сәйкес бюджеттерге бағыттау;
- салық салу мәселелері бойынша түсіндірмелер беруді салык органдарына міндеттемелері ретінде заңнамалық белгіленген.
Шағын кәсіпкерлікте жеке және басқа да инвестициялар үшін жеңілдіктер жүйесін құру мыналар есебінен қамтамасыз етіледі:
- ШК субъектілерінің мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларда қатысуы;
- бюджеттен тыс көздерді тарту саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қорлар мен басқа да мамандандырылған институттар іс-әрекетін белсендендіру;
- шағын бизнеспен жұмыс істейтін коммерциялық банктер мен басқа да қаржылык институттар үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жоғары тиімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін үлестік жағдайда тікелей қаржылай қолдау
көрсету.
Қаржылық-несиелік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік және муниципалдық қорлар жүйесі арқылы қаржылық-несиелік қолдау нысандарын кеңейту;
- несие кооперативтері (өзара несиелеу қоғамдары), өзара сақтандыру жуйелерін дамыту;
- инвестицияларды қаржыландыру көздерін іздестіру, бизнес-жоспаларды даярлау, инвесторлар келіссөздерін үйымдастыру, даулы мәселелерді шешу саласында көмектеу бойынша қор мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің іс-әрекетін жандандыру.
Кадрларды даярлау. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік іс-әрекет саласы үшін мамангдарды даярлау саласында елеулі тәжірибе жинақталған. Орталықта және басқа да өңірлерде кәсіпкерлік іс-әрекет саласында халықты жылдам даярлау үшін жеткілікті мамандық, ұйымдастыру және зияткерлік дайындығы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу мекемелері дамып келеді.
2-тарау. Экономикалық даму стратегиясындағы Қазақстан

Республикасынын элеуметтік - мемлекеттің рөлі.

2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикага өтуінің
ерекшелітері

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай принципттерден тұрады :
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының барлық түрінен шектеулі болуы. Экономикалық реформалар табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті үкімет экономикаға араласудың барлық түрімен : дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, әкономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс.
Яғни, меншік қүқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияга қарсы күресті реттеудің сенімді қүралдарын қүруға, фискальді және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақүрылымды , білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған қүқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр .
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі түрақсыз дамудың аралық кезеңінде түрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара - бар болуга тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық ұлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз .
Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте әділ эрі байыпты іс - қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады .
Біз - саналыда жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтык экономикаға тез бейімделуі тиіс .
Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айрылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте кушті, конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, элемдік және отандық рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жүмысын белсенді жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре , беріктете түсуге тиіс .
Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып , керісінше , рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда, істің мұндай күйі біздің дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын айқын көрініп келеді .
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай , жалақы мен зейнетақыны толық төлей алмай отырып , заңдар мен
жарлықтар ған көбінесс орындалмай отырғанда өзімізіді күппі мемлекет деп санай аламыз ба? Осыбайланысты сапалы салык төлеушілер мен кәсіпорыпдардың алал иелері, сондай-ак халықтың аз қорғалған жігері үнемі зиян шегіп отырады. Ал , кэсіорындардың оспадарсыз басшылары мен салык төлемейтіндер алшаң басуда.
Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:
- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске
әкімгершілік араласуын жоюга;
-Жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар
мен агроөнеркәсіп кешенін коса алғанда, жекешелендіру
процесін аяқтауга;
- Орталық Үкіметгі және жергілікті өкімет орындарыы
парасатты ұйымдастыру мен оңайландыруға, олрдың рөлін,
өкілеттігі мен жауапкершілігі байсалды ой елегінен өткізуге;
- Сот билігі мен кұык қорғау органдарын реформалауды
жандандыра түсуге;
- Заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын
азаматтарды қылмыстан қорғауга тиіспіз. Бүган керісінше,
билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір
сүетіндерге карсы колдапу керек.

2.2. Отпелі кезеңдегі макроэкономикалық саясат

Республика үкіметі экономиканы монополизациялаудың жоғары деңгейі тауар өндірушілер арасында бәсекенің жоктығы жағдайында мемлекеттік акша каражаттары мен халық пайдасын, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың каржылық ресурстарын түраксыздандыратын кұнсыздану процесінін барлык жаңа оралымдарын тудыратын ішкі рынок бағаларының әлемдік оағаларға кезенді жақындауына бейімдеп құнды либерализациялау жөніндегі макроэкономикалық саясатты жүргізді. Қорытындысында 1994 жылдың ортасына карай республика экономикасы құлдыраған, дағдарыс кұбылыстары әлеуметтік-экономикалық салалар шегінен шығып мемлекеттік басқару құрылымдарына таратылды: үкімет қүрылымдарын жүйесіз қайта құру және елдің кадрлар әлеуетін араластыру басталды. Бұндай даму жолын ТМД басқа елдері де басынан өткерді.
Осы елдердің халықшаруашылык пропорцияларды стихиялы рыноктык реттеуіштермен рыноктық экономиканы қалыптастыруга бағытталған макроэкономикалық саясаты, мемлекеттің өндіріс пен аймақтардың барлык секторындағы шаруашылык іс-әрекетке әсер етудің аспаптық тұрақтандырғыштары мен реттегіштерінен бас тартуы, өмір өзі көрсеткендей қате болды. Ішкі тұтыну рыногының таратылуы, әсіресе Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейінің бес есе төмендеуі - осы қателіктің тікелей нәтижесі.
ТМД елдерінде қаржы-бюджеттік және несие-қаражат саясатындағы үкіметтік бағдарламалардың кемшіліктері халықтың ақша қаражатын қысқарту, тұтыну саласын тарылту, меншіктің кез келген нысанындағы тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беруден бас тарту жолымен бюджеттік тапшылыққа шек коюдан тұрады.
Несиелеу жүйесін коммерциялау және бюджет тапшылығын, жинау, жылыту және басқа да компанияларды қаржыландыру сияқты экономиканың бір реттік проблемаларын шешу үшін қаражат эмиссиясын пайдалану экономика дағдарысының әрі қарай терендеуіне әкеліп (1994-1995 жж) ТМД елдерінің оның ішінде Қазақстан мен Ресей экономикасының бөлінуіне әкелді.
Дағдарысты жеңу үшін ол кезде рыноктықпен қатар алдын ала әлеуметтік, салалық, өңірлік және ғылыми-техникалық, қаржылық индикаторларды анықтап экономиканы реттеудің сынақтан өткен
экономикалық (әкімшілік емес) әдістерін енгізу қажеттігі туды. Әлемнің дамыған елдерінің ешқайсысы экономикалық дағдарыс кезеңінде және өтпелі кехеңде экономиканы тек рыноктық әдістермен ғана басқарған емес.
Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесін, экономикалык министрліктер мен ведомстволар жұмысының әдістері мен стилін реформалау, микродеңгейге мемлекеттік әсер ету жүйесін қайта құру меншіктің кез келген нысанындағы өндірістік сектордың шаруашылық іс-әрекетіне кірігу бір жағынан, екінші жағынан макроэкономикалық саясаттың мақсаты болуы керек. Экономикалық ведомстволардың басқару іс-әрекетін реформалау есеп беру мен есепке алуды қайта құруға, қаржылық-ақша ресурстарын индикативтік жоспарлау және макроэкономикалық реттеу әдістерін кеңінен қолдануға багытталуы керек, ал микродеңгейге мемлекеттік әсер ету жүйесін қайта кұру мемлекеттен ажырату процестерін жүйеге келтіру мен реформаға әлеуметтік тіректі қалыптастыру, меншіктің барлық нысанындағы тауар өндірушілерге дем беруге және ішкі тауар рыногын либерализациялауға, халық өмірінің деңгейін түрақтануға тіреледі.
1996 жылдан бастап бес жыл бойы жалғасқан төмен құлдыраудан кейін Қазақстанда және Ресейде экономикалық көтерілу (баяу қарқынмен болса да) байқалады .
Соңғы жылдардың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэконмиканы түрақтандыру болды, бүл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, үлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен стратегиялык ұмтылыстарымызға сай келмесе , ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса, немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз .
Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалык жоғары табыстарға қол жеткізетін кез - келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңге жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданган және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке үшырады .
Біріші Азиялық барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, үлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Индонезияда, Кореяда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады .
Біздің алдымызда инфляция не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және қүрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық - қатаң қаржылық жауапкерлікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мүны енді түсінді. Әрине макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды қүрылымдық қайта қүру жүріп жатыр, енді таяу арада ақша мен тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді .
Уақытша келгенде өмір мен жүмыстың қиын кезеңінде
шыныккан адамдар бұл дагдарыстан да шығады. «Таршылыкты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді» дейді қазақ мақалы.

2.3. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуының тиімді нысаны

Әркімнің жеке өз ісін ашқысы келетіндігінің көптеген себептері бар. Жеке бастың тәуелсіздігі, пайда табудың шексіз мүмкіндігі және өзіне ыңғайлы уақытта, сүйікті ісімен шұғылдану мүмкіндігі -адамдарды бизнеске ұмтылдыратын себептеғрдің кейбірі ғана. Бизнестегі көптеген аты әйгілі адамдар, өз істерін арнаулы коледждерде 4 жыл оқығаннан кейін, немесе тіпті жоғарғы оқу орындарының екінші сатысынан кейін бастағандар . Ал енді біреулері , арнайы дайындыктан өтпей-ақ бизнесмен болғандар.
Кәсіпкер пайда табуы үшін, қажетті тауарды өндіріп, оны өндірудің тиімді технологиясын жасап, өндірісті қаржыландырып және ол өнімді өзіндік құнынан артық багаға сата білуі керек. Бизнеске ¥мтылған кәсіпкерлердің кейбіреулерінің істері алға баспай, шығынға ұшыраулары да мүмкін.
Монополизммен күрестің өте тиімді жолдарының бірі ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы қиюласуына қол жеткізу болып табылады. Бұл жағдайда шағын кәсіпорныдар ірі кәсіпорындарға карағанда бірнеше басымдылықтарға ие:
- кәсіпкерліктің және тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсетуде бәсекелестіктің дамуы;
- тұтынушы сүранысының өзгеруіне жылдам бейімделу;

- өнімдер мен кызметтер көрсету сапасын арттыру;
- баға қүрайдың табиғи тетігін пайдалану;
- монополизмді жою;
- өндірістің ғылыми-техниклық дамуын жылдамдату;
- оңтайлы басқару құрылымдарын қалыптастыру және пайдалану
- кадрларды тиімді пайдалану;
- орталықтандырылмаған қаржы жұмсауларды пайдаланбай коммерциялық негізде жаңа өндірістік күштерді жылдам құрау.
Бүгінгі күні Батыста қалыптасқан қүрылымда кем дегенде шағын кәсіпкерлердің екі үлкен тобы жұмыс істейді. Біреуі индустрия дәулеріне өнімдерді косалқы жеткізуші ретінде қызмет етсе, екіншісі - өндіру мен қызметтер көрсету саласында дербес жүмыс атқарады. Осы топтардың ара қатынасы әр елде әр түрлі: АҚШ-та 50:50-ге тең; Англияда - 20:80; Жапония д а -65:35.
Бүгінгі күні шағын және ірі бизнестің өзара әрекетін иілмелі серіктестік деп атауға болады. Шаруашылық кешендерін құру және жою үнемі болып тұрады. Үйымдастыру-қүрылымдық тұрақтылық рынокта қалқып қалу құралы ретінде өткенге кеткен. Тек үнемі қозғалыста, шаруашылық әрекетінде, серіктестерді, шығарылатын өнімдер номенклатурасын жаңарту - коомерциялық жемістің түрақтылығына жол. Бұндай жағдай шагын компаниялардың ірі корпорациялармен келісімшарттық қатынастар табиғатында көрінеді: косалқы мердігер өзара тиімді бірлескен өндірісті жолға қоюға катысушы болып табылады. Бүл өзгерістер шағын бизнестік басқ тобының - шағын тәуелсіз компаниялардың қаржылық-экономикалық дербестігі негізінде іске асады.
Қазақстан Республикасында өнімді өндіру, халық тұтынатын тауарларды өндіруде, қүрылыста, тұрмыстық қызметтерде және саудада маманданатын шағын кәсіпкерліктің басымдылығы осы секторлардың
қанықпағанымен және рынок конъюнктурасының ауытқуына түсетіндіктен,
ірі және орта кәсіпорындар бейімделе алмайтын тұтынушылар
сүранысының өзгеруімен түсіндіріледі.
Шағын кэсіпкерліктің казіргі жагдайы соңғы уақытқа дейін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік демеудің жоқтығымен, экономикалық стимулдардың әлсіздігімен, сондай-ақ экономиканың жалпы дефициттігімен түсіндіріледі.
Табыс алуға бағытталған экономикалық іс-әрекет нысаны ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы негізінен екі жолмен дамыды:
- мемлекеттік үйымдар мен кэсіпорындарды ірілендіру есебінен;
- заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен жаңа шағын кәсіпорындардың пайда болу есебінен.
Қазакстан экономикасын дамыту барысында алға қойылган мақсат - кәсіпкерлікті дамыту. Ол үшін Қазақстан кәсіпкерлері жұмыла қызмет атқаруда. Республикамызда кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың 30-40%-ін әйелдер құрайды екен. Өлкемізде тіркелген кәсіпкерлердің республикада қарқынды түрде жүріп жатқан құрылыстарға қосар үлесі қандай? Еліміздің облыстарында он төрт жылдың көлемінде қандай өзгерістер бар? Осы сауалдарымыздың жауабы ретінде баса назар аударылып отырған еліміздің экономика саласындағы жетістіктерді айқындап көрейік .
Бас қаламыз Алматыда ресми түрде 53365 кәсіпкерлік тіркелген болса, оның 34344-і жұмыс істейді. Оның 12000-ы қала экономикасын дамытуда . Қаладағы ШК-тің 3,5 %-і сауда саласында, 15,6%-і өндіріс , 2І,4%-і жылжымайтын мүлік саласымен айналыса, 14,2-і құрылыс жүмыстарын жүргізуде . Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш .
Ал Алматы облысы еліміздегі алдыңғы орындарды иеленіп , биылғы жылы шағын және орта кәсіпорындар 30 миллиард теңгенің өнімін өндіріп , одан бюджетке 2 миллиард теңге табыс түскен .
Ал Астанадағы кұрылыс жұмыстарының қалай қаркынды жүріп
жатқаны айтпаса да белгілі шығар .
Атырау аймағына келсек, Мақат ауданында мүнай өңдейтін зауыттың іргетасы қалануда . бұл жоба аяқталысымен 18000 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр . Сол сияқты мұнда шикізат жнінен жетістіктер жетерлік .
Сол сияқты еліміздің басқада ірі - ірі калаларында кәсіпкерлік баяу да болса дамып келе жатқаны байқалады .
Десекте шағын және орта бизнес 65 миллиард теңгенің өнімін өндіріп шыгарған . Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% -ға артқан . Елбасы биылғы жылы жұмыс сапармен аралап қайтқан облыстардың дерлігінде Президент жолдауын ұстана отырып белгілі бір бағытта дамып келе жатқанын алға тарта отырып , елдің экономикалық өсу багыттарына оң баға берді .
Мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған Қазақстанда құрылып жатқан кәсіпкерлер қауымдастығы мен қоғамдық құрылымдар да әлеуметтік жағдайы төмен , қолынан іс келетін азаматтарға көмектерін көрсетуде . Өйткені банктердің оларға несие бермейтіні белгілі. Сондықтан шағын несие берумен айналысатын ұйымдар да бар . Соның бірі «Мөлдір» шағын несие беретін ұйымы 1990ж. бері тұрмысы төмен, жалгыз ілікті әйелдердің жағдайын көтеру мақсатында қызмет көрсетіп келе жатқан ұйымдар қатарында.
Қазақстан экономикасын дамыту ТМД елдеріне үлгі боларлықтай халге жеткенімен, әлі атқарылмаған жұмыстар жетерлік. Қасық шанышқыдан бастап барлық үй жиһаздарын, тұрмысқа қажет заттардың барлығын Қытай қамтамасыз етіп отырғаны бенлгілі . Құрылыс материялдарын ресей мен кытайдан аламыз . Бір колдануга ғана жарайтын қытайдың заттары бізге әкелетін шығынын есептесек ,қытайға түсер пайда сол шамалас болмаса кем емес. Демек осы салалардың барлығын дамыту үшін Қазақстан шетелден инвестицияны негұрлым көп әкелуге талпынуда. Елімізде қай сала болмасын шетел инвесторларының сеніммен келуіне бір ғана негіз бар десек кателеспейміз. Оған себеп, еліміз бірнеше ұлттың басын қосып отырса да елдегі бірлік пен саяси тұрақтылық.


2.4. Қазақстанды экономикалық дамыту әлеуметтік ахуалды жақсартуга жол

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .
2010жылга деиінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен
бәсекелестік кабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбек ті қажет еттін
салаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін каншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз. Сондытан бүл басымдық бүгіде, ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді.
Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес.
Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа карсы күрес стратегиясы:
- кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
- шағын және орта бизнесті дамытуға;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға
және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды
белсенді таратуга;
- шарттар мен контрактар жіне бюджеттік сатып алулар кезінде
жұмыспен қамту проблемаларга қатаң тұрғыдан келуге ;
- қогамдық жұмыстарды ең алдымен жол кұрылысымен орман
отырғызуды дамытуга;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілдік
кедергілердің бәрін алып тастауға;
Президент еліміздің соңгы жылдары адам танымастай өзгергенін, оның тұрақты дамып отырганын және саяси экономикалық, әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады. "Біз
бүгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз. Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз. Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса, 2010 жылы 5800доллар, ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды",-деді Президент.
Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті, зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті, ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлнмі 36 есе өсті .
Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жүмыс істеп жатыр.
Соңғы жиырма жылда көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 есе өссе,
бізд е бүл көрсеткіш 2есеге тең . Қазіргі кезде зерттелген кен
орындарының барлығына жуығы бойындағы барын сарқа беріп жүмыс
істеп жатыр . Каспии теңізінің Қазақстандық секторын игерудің 2015
жылға деиінгі арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2010
жылдың өзіне қарай күніне 2-млн баррель мұнай өндіруді көздейді . Мұнымен қоса табиғи газды жылына 100- млрд. Текше метрге жеткізуі
тиіс .


Қорытынды

Өтпелі кезең киын да ұзақ та болуы мүмкін . Халық шаруашылығының барлык салаларында дағдарыстың үдеуі өтпелі кезендегі дағдарыска карсы шаралар қолдалынуын қажет етіп отыр , олар мыналар :
- нарықтык катынастарға бейімделген экономиканың барлык деңгейлерінде оны басқару реформалау және меншік нысандарының ара қатынасы қажет . Барлық басқару органдарының рөлін , міндеттерін және функцияларын жаңаша белгілеу және оларды нарықтық жағдайларға сәйкестендіру маңызды . Басқарудың әлі де болса сақталып отырған бұрынғы нарықтық емес әдітерінен түбегейлі бас тарту және XXI-ші ғасырға жаңа экономикалық құрылысқа бара- бар болатын , орын алып отырған дүние жүзілік тэжәрибені ескеретін жаңа баскару жүйесімен қадам басу үшін мүмкін болғанның бәрін істеу қажет ;
- ұсынылып отырған жаңа экономикалық саяси конденциясы отандық тауар өндірушілерге іріктеп қолдау көрсетудің объективті қажеттілігінен туындайды . Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуы экономиканы XXI -ші ғасырда дағдарыстан шығаруға және оны нарықтық өзін - өзі басқаруға эзірлеу мүмкіндігін беретін нарықтық экономикалық индикаторлар, тұрақтандырғыштар , реттегіштер секілді тетіктердің шектеулі санымен жүзеге асырылуға тиіс ;
- нарықтық қалыптастар калыптастырудың монографияда ұсынылған жекешелендіру мен жекешелендіруден кеиінгі саясат, қор нарығын дамыту сияқты және басқа жаңа нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану Қазақстанның нарықтық қатынастарға тез енуіне , XXI ғасырда ТМД елдері арасында жетекші жағдайға жетіп , дүние жүзілік коғамдастыққа лайықты орын алуына мүмкіндік береді ;
- нарыктық экономиканың ерекше саласы болып табылатын шагын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу керек , әсіресе оған шетел инвестициясын тарту қажет . Ол қоғамда және оның жекелеген косымша жүйелерінде маңызды әлеуметтік - экономикалық функциялар атқарады . Ол «шағын» ресурстық потенциялды бос және ескірген негізгі қорларды , қайталама ресурстарды , қалдықтарды және өзіндік ресурстарды пайдалануға ерекше тиімді. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде шагын кәсіпкерлік жөніндегі қолдаушы және реттеуші қызметті ұштастыру қажет .
Біз каншалықты нарықтық экономиканың тетіктерін игергенімізбен егер білім мен ғылымды және мэдениетті алға ұстамасақ, оларға басымдылық бермесек, ұзаққа шаба алмаймыз . Сол себептен білім мен гылымның жаңа технологиялық өтпелі кезеңге сай дамуының тактикасы мен стратегиялық бағдарламасын жасап іске асыру кажет .

Қолданылған эдебиеттер .

1. Әкімбеков.С, Баймұхамедова.А.С. «Экономикалық теория»
Алматы: 2005 ж. 79-87беттер.

2. Байжомартов. Ү. Жүнісов. ¥. «Экономикалық теория негіздері»
Алматы: 1994 ж. 91-92 беттер.

3. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз»
Алматы: 2001 ж. 119-149 беттер.

4. Мейірбеков. А. Қ. «Кэсіпорын экономикасы»
Алматы: 2001 ж. 5-15 беттер.

5. Назарбаев. Н. Н. «Жүз жылға татитын он жыл»
Астана. 2002 ж. 38-47 беттер.

6. Назарбаев. Н. Н. «XXI ғасыр қарсаңында»
Алматы: 1996 ж. 6-9 беттер.

7. Сабден. О. С. Акбердин. Р. 3. «Рыночная экономика»
Алматы: «Ғылым» баспасы. 2002 ж. 669-680 беттер.

Газет, журналдар.
1. «Ақиқат» \\ 2005\\ №1,2. 27-55 беттер.
2. «Директор рынка» \\ 2005\\ №2. 11-12 беттер.
3. «Ехсіішүе» \\2005\\№7-8. 62-63 бетгер.
4. «Егемен Қазақстан» \\2004\\ 17-ақпан. 3 бет.
5. «Жас Қазақ үні» \\2005\\№25. 4-9 беттер.
6. «Жизнь» \\2005\\№4. 4-5 беттер.
7. «Заң газеті» \\2005\\ 15-шілде. 4 бет.
8. «Транзитная экономика» \\2005\\№1,2. 31-34 беттер.
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, процестегі, рөліне, көзқарастар, экономикалық, толық, мемлекеттің
Просмотров: 3225 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]