Главная » Файлы » Рефераты » Экономика



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі турлері
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 08.02.2012, 22:26
ЖОСПАР.

І. КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ-----------------------------------------------------------------6
2. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі---------6
2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері-----------9
2.3 Экономикалық контрабанда--------------------------------------------------17
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------25

1 Кіріспе.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып , жасайды.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі»,- деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жж. Арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік – экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды , қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Міндеттері. Берілген зерттеу жұсысының алға қойған міндеттері – елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.

ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.
Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық
белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);
4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды еткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).

2.2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері
Ақша – несие саласындағы қылмыстар
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.

Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).
Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік жағы сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықтың 4-бабында Қазақ-стан Республикасының аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы 11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде мемлекеттік комиссиядан өтуге тиіс.
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардын. тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты — бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатының алдын ала көре білуі керек және матери-алдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі — бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі
деп белгіледі. Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттерді қолма-қол емес эквивалентін алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгіленді («Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 38, 40, 42-баптары).
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.
Қылмыс заты — жалған ақша немесе құнды қағаздар.
Ақша дегеніміз — Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады — жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.



2.3 Экономикалык контрабанда .
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативтік объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халкының денсаулығы, тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстың Заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының 18 бөлігіне сәйкес, тауар дегеніміз — «материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылык, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес келік құралдарына «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез келген құрал, оған контейнер мен басқа да көліктік құрал-жабдықтар жатады».
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы» қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір көркемдік, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі сол қаулының №6 тіркемесінде берілген, оған ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Бұл қылмыстың объективтік жағы — осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз — «тауарларды және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу, құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін тауарлар мен көлік кұралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру».
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда — кедендік декларация беріледі. Сондықтанда, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда,сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға
алып кіргенде — кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бақылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып етуге тыйым салынған немесе шектеу салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құндылықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды
мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің. бірі, себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды шикізат пен материалдарды, қуат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б. көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет оңдаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін құжаттарды бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.
Жарлықтың 3-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қақпайды. Тауарлар мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам ойластыруы қажет.
Қылмыс субъектісі — жасы І6- ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нысандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның жасауы, кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бакылауын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы аркылы өтетін тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін адам жатады. Аз қызмет бабын пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабанда лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нысанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапқа тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9 тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе
ауыр) залал келтіру, т.б. жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеуге берілген «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» деп аталатын курстық жұмыстың «Негізгі бөлімі» мынадай 3 бөлімнен тұрады:
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері
3. Экономикалық контрабанда
«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі» бөлімінде: Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар тарауына жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы:
 тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы);
 коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап);
 бағалы қағаздар (202,205-баптар);
 жалған ақша (206-бап);
 төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап);
 акциздік алым маркалары (208-бап).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар. ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.
«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері» бөлімінде:
- Ақша – несие саласындағы қылмыстар;
- Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару;
- Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу;
- Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату;
- Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу т.б. жеке бөлімдер қарастырылды.
Ақша – несие саласындағы қылмыстар дегеніміз - несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК – тің 194 - бабы)
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс. Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады «Экономикалық контрабанда» бөлімінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы»
қаулысының 5 бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың бірінші тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 25 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысының 5 бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң күші бар Жарлығының 25 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құндылықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Зерттеліп отырған курстық жұмыс Кіріспе, Негізгі, Қорытынды бөлімдерден және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім, Алматы – 2001
2. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
3. Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
4. Даубасов Ш. //Қылмыскерді ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/
Хабаршы №2, 2003 ж.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
8.Ұлжанов Е. Экономикалық қылмыстарға жол берілмесін, Заң – 2004
9. «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы » заң
1995 ж 17 сәуір.
10. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң 1995 ж 17 сәуір.
11. «Лицензиялау туралы» 1995 ж 2 мамыр
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, турлері, саласындағы, түсінігі, қылмыстардың, экономикалық, қызмет
Просмотров: 5618 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]