Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

экономикалык теория
[ Скачать с сервера (43.4 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
01.11.2013, 22:40
Жоспар

Кіріспе
1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
2. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде.
3. Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу өрісі әлі көптеген сұрақтар бойынша кең болып қалып отыр.

1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстың сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды.
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап, «экономикалық дағдарыс» термині елдің құқықтық - нормативті құжаттарынан берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен, біз «экономикалық дағдарыс» түсінігін жан -жақты қарастыруды үйғардық.
Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарысқа келесідей түсінік беріледі: «...мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін экономиканың жағдайы».
ҚР-ның «ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы « Заңында экономикалық қауіпсіздік «ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы жағдайлардан қорғалған жағдайы » деп көрсетілген.
Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.
Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) экономикалық қауіпсіздігі ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске қабілеттілігі.
Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік және кадрлық әлеуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар) экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми - өндірістік саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілеті.
Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы.
Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.
Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстың алдын-алу туралы мәселе қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді: «Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы». Осы ретте, бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу, ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ре сурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және т.б.
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік иелерінің және жалдамалы қызметкерлердің экономикалық мүдделерінің бар екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:
- Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
- Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.
Саяси - құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:
- кері әсерлерді анықтау;
- қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
- осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда кәсіпорынның өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімін соған арнадық.

2. Дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде.

Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.
Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық, қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі- қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшелігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс-шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бірізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.
Шарықтаған бәсекелестік жағдайында, нарықта өз орнын табу үшін уақыт талабы отандық экономикалық қызметте келесідей шешімдерде дұрыс жауап іздеуді талап етеді:
- шаруашылық механизмдерінің қызмет етуінің өзгеруі;
- басқару шешімдерін қабылдау шарттарының өзгеруі;
- жаңа жағдайлардағы кәсіпорынның стратегиясын жасау және жүзеге асыру;
- басқарудың жаңа мүмкіндіктерін белсенді пайдалану;
- шаруашылық жүргізуде барлық заңды әдістерді пайдалану.
Осы жағдайда дағдарысқа қарсы басқарудың концепциясын анықтап алу маңызды болып табылады. Осы мәселе бойынша зерттеулері бар көптеген авторлардың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы шараларды нарықта қызмет етуші кәсіпорынның қаржылық нәтижелері өте нашар болған жағдайда ғана пайдалану қажет. Бұл – теріс көзқарас, себебі басты мақсат дағдарыстың алдын-алу болғандықтан, біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы басқаруда ең бастысы – қаржылық қиындықтар тұрақты, күнделікті сипат алмайтын жағдайларды қамтамасыз ету.
Экономикалық әдебиеттерде дағдарысқа қарсы басқарудың көптеген анықтамалары бар.
Кейбір авторлар дағдарысқа қарсы басқарудың ”нақты бір борышқор кәсіпорында қолданатын дағдарысқа қарсы нысандар мен әдістердің жиынтығы” деп түсінеді.Дағдарысқа қарсы басқару микроэкономикалық категория болып табылады және кәсіпорынның жойылуы мен қайта жандануы кезіндегі өндірітік қатынастарды қамтиды.
Батыс Еуропалық экономистер дағдарысқа қарсы басқару деп, "негізгі мәселе нарықта өз орнын сақтап қалу болатын, кәсіпорын қызметіне қауіп төндіретін жағдайдан өтуге қажетті қызметті” айтады. Бұл қызмет келесі түрде сипатталады: "кәсіпорынға қауіп төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті әдістер мен тәсілдерді интенсивті қолдануды арттыру”.
Бірақ та, Хаберландтың ойынша, барлық назар жедел, қысқа мерзімді мәселелерге, қатал және тез шешуші шаралармен байланысты мәселелерге ауады. Дағдарыстың еркін және оңтайлы жақтарын атап өткісі келетін авторлар, дағдарысқа қарсы басқаруды керісінше, "жақындап келе жатқан қиын кезеңді алдын-ала біліп, даму бағытын өзгертуге мүмкіндік береді деп анықтайды”.
Қазақстандық экономист-ғалымдар дағдарысқа қарсы басқаруды – кәсіпорындағы базистік, өзгермелі шамаларды сақтап қалуға бағытталған шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру деп анықтайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасқан кейбір көзқарастарға сәйкес, дағдарысқа қарсы басқару – банкроттықтың функциясы немесе міндетті қосымшасы болып табылады.
Көптеген елдердегі нарықтық экономиканың қалыптасуы мен даму тарихы, оның қызмет ету үрдісінің бірқалыпсыздығын, өнім өндіру мен өткізу көлемінің ауытқуын, өндірістің төмен құлдырауларын ашып көрсетеді. Бұл – дағдарыстық жай деп қарастырылып, жалпы заңдылық болып табылады. Осы айтылған заңдылық кәсіпорынның өміршеңдік циклімен тығыз байланысты.
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, біз "кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету” түсінігіне дағдарысқа қарсы тұрғысынан тоқталуды ұйғардық.
Біздің көзқарасымыз бойынша, " Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету- кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтарды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы”.
Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралыретінде, дағдарыс жағдайында ғана емес, кәсіпорын қызметінің даму жағдайында да қолданылатын шаралар ретінде көрінеді.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында уақытша қиыншылықтан өту үшін беріліп, нақты жасалған еңбек ынталандырылады, сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен басқарудың жаңа стильдері пайда болады.
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегі белгілермен сипатталады: экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты кез келген экономикалық, саяси және әлеуметтік құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және компанияның тұрақты қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы және жан-жақты міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның (тек уақытша қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге, ерекше жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні – жағдайларға байланысты әр түрлі іс-әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы өзгерістерге жедел немесе пәрменді әсер ету үшін, алдын-ала дайындалған басқару шешімдерінің балама нұсқалары; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізінде – кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен бөлімшелерінде үнемі және тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі; экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорын қандай қиын щаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан кәсіпорынды ең аз шығындармен шығара алатын, қаржылық және басқару механизмдерін іске қосуға негізделеді.
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі негізгі элементтерден тұруы мүмкін:
1. Қаржы жағдайының диагностикасы;
2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;
3. Маркетинг;
4. Ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;
5. Персоналды басқару;
6. Қаржылық менеджмент;
7. Инвестициялық саясат;
8. Дағдарысқа қарсы бизнес-жоспарлау;
9. Бизнес-реинжиниринг үрдісі;
10. Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның әр түрлі қызмет саласымен байланысты факторлар кәсіпорынның құлдырауына өз әсерлерін тигізуі мүмкін, сонымен қатар әсер ету тізбесі өте күрделі және шытырман болуы мүмкін, сондықтан экономикалық қатердің алғашқы себебеін не болғанын нақты айтуға болмайды.
Фирманы құру бастамасынан-ақ, фирманың экономикалық қорғау (қауіпсіздік) жүйесін құру туралы сөз қозғау қажет. Егер кәсіпорынның сәтсіздігінің негізгі спаты оның төлем қабілетсіздігі болса, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі рөл қаржылық менеджментке беріледі. Сөз жоқ, бұл экономикалық құралдың мүмкіндіктері үлкен, бірақ шексіз емес. Қаржылық менеджменттің нәтижелері кәсіпорынның барлық нарықтық қызметінің нәтижесі, барлық ұжымның сапалы жұмыс жасауының нәтижесі болып табылады.
Осылайша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін қалыптастыру мәселесі тәжірибелік жағынан өте қиын және әдістемелік жағынан толықтыруды талап етеді. Ол, біздің экономикалық өндірістік нақты сектордың дамуын анықтайтын өзекті мәселеболып отыр.


3.Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасы мәселелері отандық экономикалық және басқару ғылымдарындағы аз зерттелген сұрақтардың біріне жатады.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі басқаруға ерекшелік беретін қасиеттерге ие: икемділік және бейімделу, өзгеру және өз уақытында жағдайға назар аудару қажеттілігі, сондай - ақ, кәсіпорын әлеуеті мен басқарудың ресми емес әдістерін тиімді пайдалану мүмкіндігі. Бұл туралы біз жоғарырақта айтқан болатынбыз. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің бұл ерекшеліктері диагностика шешетін міндеттермен негізделген: болуы мүмкін қатердің себептерін, факторларын және алғышарттарын өз уақытында біліп отыру, оларды жіктеу және қабылдауға қажетті шаралар жүйесін жасап шығару.
Қаржылық дәрменсіздіктің, ұйымдастыру дисфункциясының және басқа да ауытқулардың, көптеген құбылыстардың экономиялық диагностикасы мен превентивті санациясы біздің көзқарасымызша, жалпы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін толықтыратын негізгі түсініктер болып табылады. Демек, диагностика кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету функциясы мен ерекше кезеңі болып табылатыны анықталады. Бұл кәсіпорынның балама жолмен дамуы үшін бастапқы бекет. Жоғарғы басқарушылар мен кәсіпорын иелері үшін диагностика-бұл экономикалық экономикалық дағдарыстын бастапқы сатысында оның нақты мүмкіншіліктері туралы дәл, сапалы ақпарат алу құралы және қызметке менеджменттің негізгі әдістері мен механизмдерін енгізу үшін негіз.
Кәсіпорын қызметін диагностикалық және превентивті зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, менеджерлер мен меншік иелері өз кәсіпорнында экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің рефлексивті моделін жасауға мүмкіншілік алады.
Диагностика - бұл сонымен қатар ағымдағы қаржылык есеп пен есеп берудің дәлдігін бағалау, мүмкін болатын тұрақсыз қаржылық-экономикалық жағдай мен заңдылықтар туралы гипотезаларды шығару үшін негіз. Диагностика менеджмент дисфункцияларына себепті-тергеу қатынастарын анықтауға, содан кейін кәсіпорынның дамуы мен қызмет етуінің түсініктемелі және болжамды моделін тұрғызуға, оның банкроттылығын ескертетін шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Біздің зерттеулердің нәтижелері тиімділік, оған жетудің сатылары келесідей тізбекпен анықталғанда сапасы жоғары болатынын көрсетеді: объекттің белгілі бір класқа және объектілер тобына жатқызылуын орнату; диагностика өткізілетін объектінің өз класс объектілерінен, оның нақты параметрлерін базалықпен салыстыру жолымен ерекшеліктерін анықтау; базалық көрсеткіштерден мүмкін болатын ауытқуларды анықтау; базалық көрсеткіштер ретінде институционалдық нормалардың қалыптасу әдістемелерін жасау.
Осылайша, диагностика функциялар, құрылым, байланыстар тәртібіне ие экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету механизмнің категориясы деген негіздейміз.
Тәжірибеде бар, күнделікті қолданылып жүрген теоремаларды қарастыра отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде диагностика институтциональды тәсіл әдістемесімен толықтырылуы керек деген қорытындыға келуге болады. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қабілеттілігі олардың ұйымдастыру мен технологиялар институттары, корпоративтілік деңгейінің мөлшері мен ауытқуларынан туындайды.
Сондықтан, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасы бұл:
- кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және техника, технологиялык жағдайына ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуін жан-жақты талдау;
- жүргізілген шаралар мен қаржылық сауықтыру мен превентивті санация және болжау мақсаттарына жетуді экспертті бағалау.
Қазақстан Республикасындағы ресми дағдарыстық жағдайды анықтайтын әдістемені қарастырайық.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты болып, кәсіпорынды-төлем кабілетсіз, ал баланс құрылымын-қанағаттанарлық деп тану туралы шешімді негіздеу табылады.
Кәсіпорынды төлем қабілетсіз деп тану оны дәрменсіз деп тануды білдірмейді, меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталғанын білдірмейді. Бұл кәсіпорынды қиын жағдайдан өз күшімен шығуға ынталандыру үшін, дәрменсіздігін ескерту бойынша өз уақытында шараларды жүзеге асыру және кәсіпорынның қаржылық жағдайына жедел бақылауды жүргізуге бағытталған сәйкес мемлекеттік органдармен қаржылық тұрақсыздықты тіркеу жағдайы.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару 8 топтан тұратын көрсеткіштер:
1. Өндірістік бағдарламаның орындалуы;
2. Өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері;
3. Өндірістік әлеует көрсеткіштері;
4. Еңбек әлеуетінің көрсеткіштері;
5. Қаржылық дағдарысқа қарсы басқару көрсеткіштері;
6. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері;
7. Инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері;
8. Шығындар және өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері;

Қорытынды

Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикалы ел екенін әлем жұртшылығы мойындаған жағдайда, кәсіпорынға сыртқы ортадан, бәсекелестері тарапынан қауіп-қатер төнуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік, мемлекет деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды күнделікті өмірге терендеп енген түсініктер болса, кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді көпшіліктің еті үйрене қоймаған термин болып саналады Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету - кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлеуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды барлық құрамдас бөліктерін талдай келіп, кәсіпорын басшылығына дағдарыстың, катердің алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бүра білуі керек деген
ұйғарымға келдік. Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі
шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық
қатерлерді талдау; қарсы шараларды жоспарлау; қабылданған
шаралардың орындалуын бақылау; экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды жүйесінің тиімділігін талдау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы Алматы 2005 ж.

2 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997.

3 Қазақстан Республикасының "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңы. 26. 06. 1998 // Егемен Қазақстан, 28. 06. 1998.

4 Антикризисное управление. Учебник под ред. Короткова Э.М. М.: ИНФРА-М, 2001.

5 Антикризисный менеджмент Под ред. Грязновой А.Г.М:Экмос,1999.

6 Теория и практика антикризисного управления. Учебник под ред. Беляева С.Г. М.:ЮНИТИ, 1996.

7 Мухамбетов Т.И., Нукушев А.Г. Банкротство и антикризисное управление предприятием (учебное пособие). Алматы, 2000.

8 Справочник кризисного управляющего. Под ред. Уткина Э.А. М.: Экмос, 1999.

9 Управление развитием организации: модульная программа для менеджеров. Модуль "Антикризисное управление", М.,2000.

10 Клейнер Г.Б., Качалов Р.М. Предприятие в нестабильной
экономической среде: риски, стратегии, безопасность. М.:Экономика, 1997.

11 Экономическая стратегия фирмы. Под ред, Градова А.П. СПб.: специальная литература, 1995.

12 Востриков П. О банкротстве предприятий заемщиков и банков за рубежом // Хозяйство и право, №3,1995.

13 Монич Ю. Банкротство предприятий в странах Центральной и Восточной Европы: цели, проблемы, результаты //Проблемы прогнозирования, №5, 1995
Категория: Экономика
Просмотров: 3191 | Загрузок: 540 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]