Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Инфляцияны реттеу. әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
08.02.2012, 23:17
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған орынды. Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы немесе осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны «бақылаусыз қалдыруға» болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін, түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен, инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен анықталады.
Осының барлығы диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды және динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігін анықтады.
Мәселенің ғылыми-зерттелу деңгейі. Инфляция – күрделі және көп жоспарлы әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және отандық экономикалық әдебиет арналған. Осы жағдайдың өзі біржақтылықтан және қарапайымдылықтан, сонымен қатар ақшаның сандық теориясының постулатына сүйенетін инфляцияның тым монетарлық түсініктемесінен сақтандырады.
Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А. Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.
Өтпелі экономикалардағы және нарығы жаңадан дамып келе жатқан мемлекеттердегі инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур, Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А. Те-кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.
Инфляцияға тікелей қатысты үлкен көлемді ғылыми әдебиеттер бар: оның мәніне, пайда болу тетіктеріне, экономиканың басқа ірі өтпелі ақшалық және шынайы секторларымен байланысына қатысты. Бірақ, әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында оның эволюциясының объективті ерекшеліктерін және табу заңдылығын ескере отырып, өтпелі жүйелердегі инфляцияның құрама және жүйелі зерттеу табиғаты байқалмады. Әдетте инфляцияның көптеген мәселелері экономиканы саралау және нарықтық шаруашылықтың әр түрлі буынтықтарында қоса қарастырылады. Бүгінге дейін отандық экономикалық әдебиеттерде инфляцияның және қаржылық тұрақтылық мәселелерін құрама монографиялық зерттеулері жоқ. Берілген диссертациялық зерттеу мүмкіндігінше бұл кемшілікті толықтырады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты әлемдік тәжірибе негізінде экономикасы өтпелі кезеңде мемлекеттерде инфляцияның теориялық-әдістемелік ерекшеліктерін дәлелдеу және жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтылығына себеп болып, оны реттеудің құрама шараларын дайындау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
– Филлипс қисығының негізінде инфляция теориясының негізгі күйлерінің эволюциясын зерттеу;
– өндірістің көлемі мен инфляция қарқыны және номиналды еңбекақының өсу қарқыны мен күтілген инфляция арасындағы өзара байланысты сипаттау;
– инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
– инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзіне тән ерекшеліктерін анықтау және экономиканы антиинфляциялық реттеу бойынша ұсыныстар жасау;
– ұлттық валютаны нығайтуда ақша-несие саясаты және инфляцияның одан әрі өсуін қатал қадағалаудың әсерін анықтау.
Жұмыстың зерттеу нысаны – жаһандану жағдайында экономиканың тұрақсыздануына себеп болатын инфляция үдерісі, инфляцияның пайда болу және даму заңдылықтары болып табылады.
Зерттеудің пәні – инфляцияны шетелдерде реттеп отыру және экономиканы қаржылық тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – шетелдік және отандық ғалымдардың инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық теория мен антиинфляциялық реттеудегі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары ретінде қызмет атқарды. Ғылыми-әдістемелік аппарат ретроспективтік, себеп-салдарлық және ағымдағы құрама сараптаманы және синтезді, салыстыруды, жүйелік тәсілді, болжаудың статистикалық әдісін және жағдайларды модельдеуді қамтиды. Шетелдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржылық мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің монографияларының, батысеуропалық мемлекеттердің мерзімді басылымдары материалдарының деректері, сонымен қатар ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің ҚР орталық банкі бойынша деректері, ҚР БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ Экономикалық зерттеулер институтының, Қазақстанның Даму институтының, ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің деректері, мерзімді экономикалық және қаржылық басылымдардың материалдары зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл диссертация әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында инфляцияны және қаржылық тұрақтылықты реттеу мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыс.
Қорғауға шығарылатын жағдайлар:
– экономиканың жедел өсуші монетизациясының – қысқа мерзімді кезеңдегі инфляцияның жоғарылауына, банк жүйесіндегі өтімділіктің артық көлемі жинақталуының – орташа мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсуіне, ал қаржы агрегаттарының тұрақты едәуір өсуінің – экономикадағы инфляция фонының сақталуына ықпалы негізделді;
– инфляцияның өсуіне жол бермеу мақсатында қысқа мерзімді нота шығару, репо операциясын өткізу және екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту жолымен шетелдік валютаның көлемді түсімін залалсыздандыру;
– инфляцияның өсу қарқынын баяулату үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемелері әсерін реттеуді және ең аз резервтік талаптардың мөлшерімен оларды тұрақтандыру және ұлғайту жолымен күшейту ұсыныстары;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзгеше ерекшеліктерін ашу және экономиканы антиинфляциялық реттеу жолдары ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың теориялық маңыздылығы – нағыз зерттеу, инфляция теориясының дамуына және экономиканың қаржылық тұрақтылығына, әлемдік шаруашылықтың жаһандану жағдайында инфляцияны реттеуге теориялық аспектілер мен әдістемелік тәсілдерді пайдалануда белгілі үлес қосатындығы. Берілген зерттеудің теориялық жағдайы мен себеп болуды келесі оқу құралдарында «Қаржылық сараптама», «Экономикалық саясат», «Қаржылық менеджмент», сондай-ақ өтпелі кезеңде инфляция үдерістерді келешекте ғылыми-зерттеу үшін қолдануға болады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, алынған нәтижелерді антиинфляциялық саясатты дайындауда және коммерциялық банктер мен басқа да ақша-несие мекемелерінің жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін енгізу. Ғылыми қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар мен жобалар инфляцияға қарсы іс-шараларды дайындау кезінде Ұлттық банктің жұмысына енгізілді.
Жұмыстың негізгі тұжырымдарын сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеу бойынша негізгі ұсыныстар мен жобалар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Экономиканы дамытудың және ТМД елдерінде экономикалық білімі бар мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері» (Тараз, 17.06.2005); «Жас ұрпақ – бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін» (Алматы, 19–20.04. 2006); «Үздіксіз экономикалық білім беру: білім беруді және әдіснамалық қамсыздандыруды модернизациялау» (Алматы, 25–26.01.2007).
Басылымдар. Зерттеудің тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,5 б.т. болатын тоғыз жұмыс жарыққа шықты.
Диссертацияның құрылымы мен қисынына зерттеудің мақсаты мен міндеттері және материалды жүйелі баяндау қажеттілігі себеп болды. Диссертация 143 бет көлемінде мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, атаулар мен қосымшалардан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс 15 кестемен және 31 суретпен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және базалық кезеңдер бағалары индекстері айырмасының базалық кезең индексіне қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, Қазақстан, практикасы, әлемдік, және, реттеу., тәжірибе, Инфляцияны
Просмотров: 3187 | Загрузок: 830 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]