Главная » Файлы » Рефераты » Экономика



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кластер теориясы және оны іске асыру тәжірибесі
[ · Скачать удаленно () ] Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 03.04.2012, 20:55
Кластер теориясы және оны іске асыру тәжірибесі

Қазақстанда бүгінде әлеуметтік-экономикалық жаңарудың жаңа кезеңіне өтуде алғашқы қадамдар басталды. Президент биылғы жолдауда бәсекеге қабіетті 50 елдің қатарына кіруді межелеп қойды.
Ұлттық экономиканың шикізатгық бағытын жою жэне оның бэсекелестік қабілетін арттыруға дейінгі жоспарланған ҚР-ның ИИДС-ы бағыт алғаны белгілі.
ИИДС-н жүзеге асырудың бір тетігі ретінде «Қазақстандық кластерлік инициатива» жобасы жүзеге асырылуда.
Кластер теориясының негізін салушы М. Портер Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бүгінгі беделін: рыноктық экономикаға өту реформасыньщ бастапқа сатысын нәтижелі аяқтауьш бағалай келіп, Қазақстанның келесі даму сатысьша өтуге сай келетіндігін мәлімдеген (Кластер - ол экономиканың фундаменті емес, оның тек қана екінші қабаты).
Көптеген шаруашылық саласында кластерді қальштастыру «сәнге» айналғандай. Оған нәтижесін көруге, бірінші, методологияық тұрғыдан қарастыру тиімді:
Кластер - бір географиялақ ортада кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетін, қимылын, байланысын рыноктық жолмен үйлестіру арқылы шикізатты түпкі өнімге дейін жеткізудің толық технологиялық қызметін қамту арқылы нақта бір шаруашылық саласында бәсекелік басымдьіқтарды қамтамасыз ету жүйесі.
Кластер объектісін таңдауга эсер ететін факторлар:
1. Табиғи- шаруашьілықтық,
2. Экономикалық дәстүрлік,
3. Өндірістік тәжірибесі бар жұмыс күші
Кластерді калыптастыруда ескерілетін жағдайлар:
1. Процеске қызықтыру және процесті инвестициялау
2. Нәтижелер мен рекомендацияларды тиімді қолдану мүмкіндіктері
3. Бизнес ортаның қалыптасуына кедергінің болмауы
4. Жағымды нарық ортасы
5. Сала немесе мемлекет өндірісіне жэне бэсекеге қабілеттілігіне потенциалды әсер ету маңыздылығы
6. Тығыз жұмыстық байланысты кластерлерде құру мүмкіндігі. Қазақстанньщ экономикалық барлық өндіруші салаларын 3 кезеңге бөліп
зерттеп ҚР-да таңдап алынған 7 басым сала: туризм, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, мұнай- газдық, машина жасау, көлік жэне логистика, металлургия, құрылыс материалдарының өндірісі.
Кластерлік жобаның шеңберінде жүргізілген салалық талдау Қазақтанның казіргі эконмикасында орын алган бірқатар жүйелік мэселелерді айқындап берді:
- Отандық жеке бизнестің халықаралық саудаға әлсіз түрде бейімделуі
- Отандық бизнестің салаларда орын алатын жаңа тенденциялар мен өзгерістер, ғаламдық нарықтардағы стандарттар мен жаңалықтар туралы білмеуі немесе аз ақпараттануы
- Іскерлік ассоцациялардың әлсіз рөлі, олар негізінен мемлекеттік органдардағы жекелеген мәселелермен айналысуы керек. Халықаралық келісім-шарттарға, іскерлік ақпараттарды жинауға аз көңіл бөлінеді.
- Өзара байланысқан өндірістердің аз дәрежеде концентрациялануы, бұл олардың өз өнімдерін ішкі нарықтарда өткізу бойынша жедел мүмкіндіктерін шектейді.
- Көптеген компаниялардың маркетингтік стратегиялары жоқ: клиенттерінің қажеттіліктерін білмейді, сыртқы нарықтарға және экспорттық
мүмкіндіктерге жүйелі түрде талдау жүргізбейді, сыртқа өз өнімін шығару үшін іскерлік әріптестерін іздеу кезінде қиындықтарға тап болады.
- Халық менталитеті де кедергі: көптеген азаматтар өмір сүру деңгейін арттырудың міндеті тұтастай мемлекеттің иығында жату керек деп ойлайды.
Енді кластердің берер тиімділіктері:
Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі.
Кластерге қатысушылар арасында тығыз ақпарат алмасу жүзеге асырылған кезде әрі эр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі.
Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне көмек көрсете бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы - ішкі бәсекелестер тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақүрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. (Бұл өз кезегінде Қазақстандағы бүгінгі ірі және шағын бизнес аралық мәселелерді шешеді).
Портердің тәжірибе жинактау жөнінде әдістемелік ұстамы бойынша, шет елдердің фирмалары өз саласында бәсекелестік артықшьілықты қалай жасай алатынының және ұстап тұра алатынының себептерін түсіне білу жеке фирма саясатын жасау кезінде ғана емес, сонымен бірге, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін дұрыс амал.
Ескеретін бір жайт, қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшьілыққа қолы сол жерде жетеді әрі, Портердің өзі келтіргендей, бәсекеге қабілеттілік мемлекет бойьшша емес, белгілі бір салада жақсы дамиды.
Екінші, методологиялық тұрғыдан қарастырғанымды нақтылау үшін мысалға белгілі бір салада қалыптастырылып жатқан кластер жағдайын алып, баяндайық (ОҚО- да іске асырылып жатқан мақта- тоқыма кластері):
ОҚО- 2,2 млн. халқы бар, оның 1 млн- нан астамы 204 мың га жерге мақта өсіру шаруашылығымен айналысып жатқан аймақ.
Мақта - баға жетпес игілік, оны өндірудің көлемін арттыруға болады, өйткені бұл таусылатын қазына байлығы емес эрі түпкі өнімі тұрмыста қолданылатын заттар, қанша уақыт өтсе де сұранысқа ие.
Мақта - тоқыма кластері құрылымы ( территориялық-салааралық кластер):
- Мемлекеттік органдар,
- Ғылыми - өндірістік орталық,
- Кластерге қатысушылар -кэсіпорьшдар, т. б.,
- Экономикалық байланысы
Мемлекеттік басқару:
- Министрліктер, ведомстволар;
- Салалық қоғамдық ассоцацйя;
- Заң жөніндегі жэне аудиторлық қызметтер;
- Банк жэне басқа қаржы мекемелері;
- Консалтингтік фирмалар
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, шетелдік тәжірибеде мақсатына қарай топтастырылып отырады. Солардың ішінде Қазақстанның аграрлық кешені үпгін маңызды тұстары:
- Өнім өндірушілер табысьша қолдау жасау;
- Баға деңгейіне араласу арқылы ауыл шаруашылығы өнімі нарығына әсер ету ;
- Шығьшдардьщ орнын толтыру;
- Нарықтьщ дамуына жағдай жасау;
- Өндіріс инфрақұрылымының дамуына жағдай жасау;
- Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру;
- Макроэкономикалық саясат
Ғылыми-өндірістік орталықтар:
(төменде курсивпен жазылгандар үсынылатындар)
- Сайтпен жұмыс істеу орталықтары;
- Салалық журнал,
- Тоқыма өнеркәсібінің ҒЗИ
- Шетел, отандық үлгілі тәжірибелерді сараптау, жариялау орталыгы;
- ЖОО,
Кластер қатысушылары:
- Фермерлік шаруашылықтар (мақта өсіруші)
- Мақта шаруашьшығына қызмет етушілер:
• элиталық тұқым даярлау орталығы,
• мақта қабылдайтын зауыттар тыңайтқыш, жанармай және техникамен қамсыздандыру орталықтары

Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: іске, null, тәжірибесі, асыру, оны, және, теориясы, Кластер
Просмотров: 2097 | Загрузок: 263 | Рейтинг: 5.0/2
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]