Главная » Файлы » Рефераты » Экономика



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
Жарнамаға бір басып сайтка көмектес! 08.02.2012, 23:06
Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы

Жоспар

1. Мемлекеттік қаржылар түсінігі және мәні
2. Мемлекеттік қаржылардың рөлі мен құрамы
3. Мемлекеттік қаржылардың функциялары

1-сұрақ.

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.
Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.
Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.
Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:
1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;
2) техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;
3) мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.

2- сұрақ.

Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.
Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:
1) мемлекеттік бюджет;
2) бюджеттік емес қорлар;
3) мемлекеттік несие;
4) мемлекеттік қоғамның қаржылары.
Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.
Республикалық бюджеттің рөлі
Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджет
Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.
Бюджеттік емес қорлар
Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.
Мемлекеттік несие
Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.
Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.
Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:
1) республикалық;
2) жергілікті.
Республикалық қазына жүйесі:
1) республикалық бюджет қаражаттары;
2) алтын валюта қорлары;
3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Жергілікті қазына жүйесі:
1) жергілікті бюджет қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Осыдан барып мемлекеттік қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.

3-сұрақ.

Негізгі 2 функциясы:
1) үйлестірім;
2) бақылау.
Қайта өндіру концепцияларын жақтаушылар қаржылардың 3 функциясын атап өтеді:
1) ақша қорлары мен кірістердің пайда болуы;
2) ақша қорлары мен кірістердің пайдалануы;
3) бақылау функциясы.

Қоғамдық тауарлар және игіліктер

1. Қоғамдық тауарларды өндуруден және оларды қамтамасыз етудегі қаржының рөлі.
2. Экономиканы мем.к қарж.қ реттеу

1сұрақ Тауарларды, игіліктерді, қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға мемлекеттің тікелей қатысуының басқа да нұсқаулары болуы мүмкін. Олар әлеуметтік және қоғамдық деп аталады.
Қоғамдық тауарлар рыноктік тауарлардан айырмашылығы: олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс- әрекетіне ұшырамайды.

Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның өзіне қежетті сатып алу мүмкіндігін қажет етеді. Оның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардйң нарықтық бағасын толей алиаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пацдадан аластауды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектіп сатылмайды. Бұл жерде шығарып қағидаты тастау жұмыс істемейді. Рыноктік тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде жүзеге асады.
Бірқатар қыметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді. Мысалы медициналық қызметтер,білім деңгейін көтеру, бұл қағидат бойынша қызметтерді көрсету мемлекет белгіленген кепілдіктіминиумнан жорағы қамтасыз етіледі. Мұнада мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық телидидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және т. б. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежде оларды өндіру мен қаржыларды қамтамасыз етеді. Бұлар ‘аралық’ қоғамдық қызметтер көрсету д.а.
Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді төлеуге әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамддық тауарлардың бұл өлшемнінің шекті шығындарымен тенестірілгенде шекті шығындарға сәйкесті қағидасы бойынша баға мен өндіріс көлемінің есептеуіне сәйкес анықталады. Бұл шекті пайдалылық теориясы д. а. Сондықтан қоғадық тауарлардың санын ‘шағын- пайданы’ пайданы талдау әдісмен анықтау мемлекеттік органдарының шешімдерімен толықтырылады және жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз етуі оларды өндіру үшін экономикалфқ республикаларды бөлу проблемасы мемл.к әлеуметтік экономикалық саясатының, соның ішінде қаржы сясатының пәні б. т. Сойтіп экономикалық республикаларды қайта бөлу проблемасы саяси тұрғыдан алғанда салық бюджет механизмі арқылышешілетін және қоғам дамуының бұл кезенінең мемлекеттің қаржы саясатаның тиімділігі мен мақсатқа сайлығының мән- мағынасын құрайды.

2сұрақ. Экономиканы мем.к қаржы.қ реттеу 2 нысанда болады.
1. өзін-өзі реттеу
2. мемле.к реттеу
Өзін-өзі реттеу. Қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашық жүргізушілердің өздері жасап пайдаланатын әдістермае сипатталады.
Мемлекеттік реттеу. Қоғамдық өндірістің даму процесіне мем.ң сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы аралсуын бейнейлейді.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- макроэкономикалық тепе–теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезең.де оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаллануын күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шарушылық жүргізуші субьектілерге мем.ң қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістері мақсатты негіздемелер мем.к қаржылық рет.ді жүзеге асырудың алғы шарттары болып табылады.
1. Қоғам дамуының обьктивті экономикалық заңдарының іс- әрекетін есепке алу
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бардармаларын әзірлеу
3. Көз-қарастарды білдіруін демократиялық жүйенің болуы және халықтың мүдделерін еркін білдіруін демократиялық институтының болуы.
4. Шаруашылық қызметте халықтың нормасымен ережесіне шегіністіжедел және ацқын сезінетін заңнамалық жүйенің болуы
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігін сұрамына қорланудың қарқынына тауарлар мен қызметтерді өткізуге ел арасындағы капиталдың қозғалысына акроэкономикалық салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді. Сонымен қаржы тұтқалардың көмегімег мынадай мәселелер шешіледі.
1. Материалдық өндіріс сфераларында жұмалдыратын ресуртатардың жалпы деңгейін реттеу.
2. Өңдірістік сферасындағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу.
3. Кәсіпорынның, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу және олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету.
4. Кәсіпорындара өндірістік дамуда материалдық жағынан ынталандыру.
5. Кәсіпорындардың ақшалай русурстарын бөлудің аракатынасын реттеу.
Сонымен өндірістік реттеу жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тендециясына каржытуткаларының көмегімен ықпал жасайды.Ягни қаржылық реттеуде нәтижелікке жету үшін белгілі бір шарттар сакталу керек.Мұндай шарттарға мыналар жатады
1. Экономикалық қурлымдық жағынан кайта кұру
2. Басқарудың барлық денгейнде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен қурлымдарды монополиялау.
3. Нарықтық бастамаға комерциялык қызметтің және басқада қызметтің түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жургізуші субэктілер меншігінің бүкіл нысандарына шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені және кәсіпкерлікті дамыту.
4. Жанағы айтылғандардан туындайтын мемлекет шеңберіндегі халыкаралық корпорация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан туындайтын ынтымақтастықты дамыту.
Реттеудің екі типі бар.
1. Экономикалық , яғни ол қаржылық, валюталық, кредиттік.
2. Экімшілік
Қаржылық реттеу түрлері.
Салықтық, бюджеттік, валюталық шаруашылық ішіндегі кедендік, тарифтік.
Каржылық реттеудің түріне сәйкес оның мынадай нысандары болады, яғни бюджетте қаржыландыру ол- субвенсиялар, субсидсялар, трансферттер.
Салықта тура және жанама салық салу.
Валюталық қаржыда яғни бұл сыртқы инвестициялау.
Сыртқы қарыздар және борыш бұл қаржылық реттеудың ең негізгі нысандары, олардың бәріне оратақ бұл жоспарлау.
Дүние жүзілік практикадағы қаржылық әдістерге мыналар жатады: салық салуда- 1)салықтың молшері; 2)салық салу жөніндегі жеңілдік пен санкциялар, 3)табыстарды, мүлікті, активтерді мағұлдамалау.
Аванс төлемі және басқалары бюджеттен қаржыландыру кезінде шығыстарды нормалу қаржыландырудың әдістері бюджет тапшылығын қаржыландыру %-к аударымдар, амортизацияның нормалары аударымдардың нормативтері.
Әлеуметтік қамсыздандырудың нориативтері
Бұл реттеуіштер ақша және қолма – қолсыз ақша эмиссияның көлемі валюталық бағам, кредит (кредит үшін сыйақылар, есеп мөлшерлемесі және Ұ.Б.ң резервтік талаптары ашық рыноктарда банк операцияларының ауқымы)
Баға (реттемелі бағалардың деңгейін, еркін және тіркелмеген бағалардың арақатынасы, рентабельтіліктін шекті деңгейі)
Мем.к қарж.қ ретт.ң ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтытың экономикалық белсенділігін кәсіпорындарға қалатын ақша көлемі және де рентабельділік реттеліп отырады. Бұған салық салу әдістері арқылы қол жеткізіледі мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының 2- ші жағы бюджеттен қаржыланадыруды пайдалану, қаржыландыру тиімділігінің дәрежесі б. т. Валталық- қаржылық реттеудің әдістері мыналар:
1. Валюталық бағам
2. Ақша капмталының %-к мөлшерлемесі
3. Халықаралық төлем қаражаттары
4. Бағалы қағаздар бағамы
5. Валюталық ттәуекелдіктерді сақтандыру
Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде комерциялық немнесе шаруашылық есеп қаражаттарды нормалау әдістері.Қаржы қорларына аударылатын аударымдардардың нормативтері және пайдалану қолданылады.
Сонымен бірге экономика мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының бәрін қамти алмайды. Ол әдетте өлшеулі және экономикалық реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

 

Тауарлардың, қызметтер көрсетудің, игіліктердің бүкіл жиынтығы.

 

Рыноктік

Қоғамдық

Өңңәұңәәғңөқөұ

Аралық(қоғамдық)

сыңайлы 

Таза

Рыноктік жүйе тауарлар өндіру үшін ішінара ресурстар бөледі

Рыноктік жүйе тауарлар өндіру үшін ресурстар бөлмейді

"Құйылым пайдаларын” ішінара немесе елеулі ұдайы өндіру

"Құйылым пайдаларын” толық ұдайы өндіру

Тұтынушыны шығарып тастау

Тұтынышыны шығарып тастамау

Бөлінгіштік

Бөлінбейтіндік

Ерекшкліктері



Мемлекеттің кірістері
1. мемлекет кірістерінің түсінігі және рөлі
2. мемлекет кірістерінің құрамы
3. мемлекет кірістер және мемлекет бюджетінің кірістері және олардың қалыптасу көздері
4. қоғамның таза табысы ұғымының экономикалық мәні

Мемлекет қызметінің іс-әрекеті кезіңде 2 процесс пайда болады:
1. қаржы ресурстарын жұмылдыру
2. қаражаттарды мемлекеттің қызметіне пайдалану
Мемлекеттің кірістері бұл экономикалық, қатынастардың жүйесі. Бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттін, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың бастапқы табыстары жасалынады. Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады. Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес кәсіпорындарының табыстарын құрайды.

Мемлекеттің өндірістерді сыныптау үшін, мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді:
A. Меншік нысандарын ұйымдық-құқыұтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналапдан тұрады:
a) Мемлекеттік кәсіпорындар табыстарынан
b) Жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен
c) Халықтың салық төлемдерінен
d) Кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен
B. Жасау сферасына байланысты 2-ге бөлінеді:
a) Материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын түсімдер
b) өндірістік емес сферада қалыптасатың түсімдер
C. Қаржылық мазмұны бойынша:
a) Салықтық
b) Салықтық емес
c) Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайына байланысты:
 Орталықтанған
 Орталықтандырылмаған
D. Жұмылдыру әдісіне байланысты

 Орталықтанған –негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалыққызметтен алынатың кірістер, халық төлемдері есебінен құрылады.
 Орталықтандырылмаған –кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын жеке шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатың қоғамның таза табысының үлесін белгілейді және де тағыда басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алына¬тын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жа¬тады:
1 мемлекеттік кәсіпорындар жалпы табысы, кеден та¬быстары ретіндегі табысы;
2 мемлекеттік мүліктен алынатын табыс;
3 мемлекеттік мекемелер көрсететін ақылы қыз-
меттерден алынатын табыстар;
4 бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмыддырудың негізгі әдістері:
 салықтар
 қарыздар
 эмиссия
Таза табыс өсуінің басты факторы:
a) еңбек өнімділігін арттыру
b) өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу
c) өнім сапасын жақсарту
d) негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру
e) табиғи өндіріс жағдайлары
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: мемлекеттік, экономика, экономикадағы, маңызы, қаржының
Просмотров: 1607 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
загрузка...
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]