Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Несиелік тәуекелді басқару


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
04.04.2012, 17:09
Несиелік тәуекелді басқару

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермейді. Сондықда банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиегі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• лимиттер белгілеу;
• несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлермен анықтау;
• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;
• несиелік мониторинг;
• несиелік портфельді басқару;
• проблемалық несиелерді қалпына келтіру
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімдігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңдеуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
• қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
• несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
• маржа деңгейіне;
• несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
• банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болап отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:
• нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгіеу;
• несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
• әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
• төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
• жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
• несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауды тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалық несиелерге:
• несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
• сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемеген қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру қомпанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
• несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
• қарыз алушының қызметін қайта құру;
• несиені қайтару кестесін өзгерту;
• пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі
• несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.
Несие тәуелдігі дегеніміз – қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесі орындамаумен байланысты. Банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Ол қарыздар портфельінің санасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін 3 түрге бөлеміз:
1. Қиянатшылық жасау. 1991-93ж біздің Республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.
2. Шет ел несиелері бойынша – дамушы елдің қарыз алушының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70ж. анықталды. Бұл АҚШ-ң бір қатар ірі банктің банктарға ұшырауына себеп болған.
3. Ішкі зайымдар бойынша төлемсіздік – қарыз алушының төлем қабілетке ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің тәсілдері:
1. Банктік қарыздар портфельдік девирфикация яғни 1 қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту.
Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткілігіне сенімсіз болған кезде қолданылады.
2. Несие қабілетін талдау – яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қарсылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді.
А) Абсолюттік өтімділік коэфицент – ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады.
Б) Аралық өтеу коэфицент – ақшалай қаражат + бағалы қағаз + есеп айырысудағы құжаттардың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
В) Жабудың жалпы коэфицент – айнымалы капиталы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
З) Несиелерді сақтандыру тәсілі – несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды.

Лизингтік операциялар
1. Лизингтік операциялар және олардың сипаттамасы
80 жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес жалгерлік қатынас кепілдік есебімен несиелік қаржыландыру мемлекеттері қарыз міндеттемесі бойынша есеп айырсулар және басқа да қаржылық механизмдер
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, Басқару, Несиелік, тәуекелді
Просмотров: 8534 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]