Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Құрылыс материалдары нарығының стратегиясы
[ Скачать с сервера (38.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
11.07.2013, 17:21
Мазмұны:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдары нарығы
2.2.Құрылыс материалдары нарығының стратегиясы
2.3. Құрылыс материалдары өндірісі саласында кластерлік жүйені қалыптастыру
III Қорытынды


КІРІСПЕ 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан – жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өедірумен және олардың соны жаңалықтармен оқушы қауымды таныстырып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда – ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай – бұл мәселелер туралы әркімдер – ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми – техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес.
Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері – силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе – ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физика – химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады.
Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері бірнеше топқа бөлінеді:
Бірінші топқа физикалық қасиетер жатады. Олар: құрылыс материалдардың тығыздығы және көлемдік масса (салмағы), кеуектілігі, механткалық қасиеттері (беріктігі, қаттылығы, формасын өзгерткіштігі, т.б.).
Екінші топқа олардың өткізгіштік қасиеттері жатады. Мысалы, олар құрылыс материалдаррына судың, ылғалдың, ауаның және төменгі температураның қалай әскр ететінімен сипатталады. Айталық, ол заттың су тартқыштығы, су өткізгіштігі, суға беріктігі, ылғалдығы, аязға төзімділігі, т.б.
Үшінші топқа құрылыс материалдарына жылудың немесе жоғары температураның тигізетін әсері және оның беріктігін сипаттайтын қасиеттері: отқа беріктігі, отқа төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т.б.
Төртінші топқа құрылыс материалдарының химиялық немесе коррозиялық әсерлерге төзімділігі жатады. Бұлар қышқылдардың, сітілердің, тұздардың, газдардың, т.б. құрылыс материалдарына тигізетін әсерін сипаттайды.
Бесінші топқа құрылыс материалдарының технологиялық қасиеттері жатады. Бұған заттардың кесілгіштігі, шегеленгіштігі, нормалық қоюлығы, қалыптағыштығы, т.б. жатады.
Категория: Экономика
Просмотров: 3534 | Загрузок: 877 | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]