Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Шағын бизнес субьектілеріне салық салу ауыртпалығын азайту тәсілдері


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
04.04.2012, 17:32
Жоспар:

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен міндеттері

2. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салық салу ауыртпалығын азайту тәсілдері

Біржолғы талон негізінде
Патент негізінде
Оңайтылған декларация негізінде

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер

1. Шағын кәсіпкерлік субьектілері туралы түсінік


Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
 орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Мыналарды:
 есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
 акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
 астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
 лотереялар өткізуді;
 ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
 сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
 мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
 радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
 банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
 аудиторлық қызметті;
 бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген еркін бәсекелестікке басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу жолымен бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.
Ішкі нарықты қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларымен жүзеге асырылады.
Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.
Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз қызметкерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы ескертуге құқылы.
Міндетті түрде жариялануға не акционерлердің, шаруашылық серіктестік қатысушыларының немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізуге жататын ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркеу, бақылау функцияларын орындау кезінде және басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.
Мемлекеттік орган өзіне жүктелген функцияларды іске асыру барысында алған жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы кез келген ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.
Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы негізінде не сот қаулысының негізінде жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, соның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етуге болмайды.
Жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісінің қызметі туралы мәліметті ашпайтын, жинақталған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің статистикалық есептілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес беріледі.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген мәліметтерді талап етуге құқылы емес.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік жасауы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.

2. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салық салу ауыртпалығын азайту тәсілдері

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Жеке кәсiпкердiң , мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.
Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн – он екі ай, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
Мыналардың:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдардың;
4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
Арнаулы салық режимi:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
6) мыналарды:
медициналық, дәрiгерлiк қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзудi; мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткiзудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-профилактикалық қызметтерiн;
тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
емдiк препараттар дайындау мен сатуды;
жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарын;
алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;
жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;
іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;
өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды және пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;
астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;
темiр жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеудi;
шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрiн;
экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.

2.1.Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi
Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.
Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.
Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден босатылады.
Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды қызметі ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;
Нарықтағы қызметті жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жүргізеді, сондай-ақ оны жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкілі қызметкердің біржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатын және салық төлеуші (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға) куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде жүргізуі мүмкін.

2.2. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне өтiнiш негiзiнде ауысады.
Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.
Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.
3. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті табыс етеді.
Патент дара кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Дара кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтінішті;
2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін растайтын құжаттарды;
4) дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.
Дара кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.
Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.
Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептемелердi ұсынбайды.
Патенттің құнын есептеудi жеке кәсiпкер мәлiмделген кiрiстiң 2 процентi мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;
2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
Жеке кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң күшi жойылған мерзiмге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеушi бес жұмыс күнi iшiнде асып кеткен соманы мәлiмдейдi және осы сомадан салық төлейдi. Салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша бұрын берiлген патенттiң орнына оған нақты табысы көрсетiлген жаңа патент берiледi.
Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттiң құны салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық органы жүргiзген хронометраждық зерттеуден кейiн қайтарылады.

2.3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiштi заңды тұлға мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына бередi.
Жаңадан құрылған жеке кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеуге қойылған күнi өтiнiш береді.
Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды.
Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
1) жеке кәсіпкерлер үшiн:
жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.
арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшедi.
Жеке кәсiпкер ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.
Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiнен оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептiлiктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне 3 процент мөлшердегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей болса, онда салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс.
Табыстың шектi мөлшерi белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.
Оңайлатылған декларация есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-ынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.
Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады
Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.
Салық төлеуші оңайлатылған декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде:
1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті;
3) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді табыс етпейді.
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: тәсілдері, экономика, салық, азайту, салу, субьектілеріне, Шағын, ауыртпалығын, бизнес
Просмотров: 3937 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]