Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ғарыш 25 бет
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
04.04.2012, 17:27
Тәуелсіздіктің 16 жылдығын тойлап отырған еліміз бүгінде ғарыш саласындағы жетістіктерімен де мақтана алады
Уақыты:2007-12-19
Байқоңыр ғарыш айлағында экологиялық жағынан қауіпсіз «Бәйтерек» кешенін салу, ғарыш техникасын шығаратын зауыт құрылысы, қазақстандық ғарышкерлердің қатарын көбейту – мұның бәрі кең ауқымды ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар.
17.12.2007 20:17 Тәуелсіздіктің 16 жылдығын тойлап отырған еліміз бүгінде ғарыш саласындағы жетістіктерімен де мақтана алады Байқоңыр ғарыш айлағында экологиялық жағынан қауіпсіз «Бәйтерек» кешенін салу, ғарыш техникасын шығаратын зауыт құрылысы, қазақстандық ғарышкерлердің қатарын көбейту – мұның бәрі кең ауқымды ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар. Астананың солтүстігінде орын тепкен Ақкөл атты шағын қалашықты Қазақстанның инновациялық саясатта қол жеткізген табысының шынайы көрінісі деуге болады. Мына күрделі технологиялық қондырғылар арқылы еліміздің тұңғыш ұлттық байланыс спутнигі басқарылады. Ғарыш қондырғысы бір жылдан бері еліміздің мүддесіне қызмет етуде. Ғабдулатиф Мырзақұлов, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының вице-президенті: - Қазір біздің жер серігі арқылы 2011 жергілікті стансалар жұмыс істеп жатыр, халқымызға қызмет істеп жатыр. Біздің жер серігі арқылы халқымызға интернет, телефон және байланыс хабарлары және де теледидар қызметтері көрсетіліп жатыр. Біздің спутнигіміз 75 пайызға қолданылып жатыр, Жылдың аяғына шейін 2-3 пайыз қосамыз ба деген ойымыз бар. Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығының қарсаңында тұңғыш қазақстандық жер серігінің ұшырылуына бір жыл толды. Бұл күнді «Ақкөлдегі» мамандар әдеттегідей жұмыс орнында өткізді. Алыстағы ғарыштан келген телеметриялық мағлұматтарды мұқият қадағалау арқылы олар қондырғының хал-жағдайы туралы біліп отырады. Ғабдулатиф Мырзақұлов, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының вице-президенті: - Айта кететін ерекше жағдай- биылғы жылдың қыркүйегінен бастап жер серігін басқару тек қана Ақкөлдегі кешеннен ғана жүзеге асырылып жатыр, өзіміздің қазақстандық мамандар басқарып жатыр. 2007 жылғы үлкен жетістігіміз осы деп есептейміз, себебі бұрын жер серігін Ресей арқылы басқарып, өзіміздің мамандар олардан тәжірибе алған еді, қазір өзіміздің мамандар басқарады да, Ресей мамандары бізді тек сыртымыздан бақылап тұрады. Осылай, біздің мамандарымыздың біліктілігіне көзіміз жетіп жатыр. Бүгінде қазақстандық жер серігі Ақкөлдегі басқару орталығынан 39 мың шақырым қашықтықта өзінің белгіленген тұрғылықты нүктесінде тұр. Бұл 103 градус шығыс бойлықта орналасқан. Ғарыш қондырғысымен параболикалық антенна сәулесі арқылы байланыс орналастырылған. Бұл инемен басқа планетадағы құм түйіршігін нысанаға алғанмен бірдей. Виктор Лейфтер, «Ғарыш байланысы» республикалық орталығының президенті: - Бүгінде Қазсат ғарыш қондырғысы негізінен қазақстандық операторларға қызмет көрсетуде. Олардың саны 17-ге жуық. Болашақта олардың қатары көбейетініне сенім мол. Себебі қазірдің өзінде көршілес Қырғыз, Өзбек елдері біздің спутниктің қызметін пайдалануға қызығушылық танытып отыр. Қазсат – Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру бағытында жасаған алғашқы қадамы. 2009 жылдың соңында «Қазсат-2» Жер серігі ғарышқа аттанады. Оны құрастыру жұмыстары бүгінде Ресейдің Хруничев атындағы орталығында қарқынды түрде жүруде. Екінші қазақстандық спутниктің сыртқы бедері алғашқы қондырғыға ұқсас болғанмен, оның техникалық сипаттамалары біршама өзгертілген. Қондырғының сыртқы сауыты полимерлік материалдан жасалады. Полимер жеңіл материал болғандықтан, мамандар бұл шешім арқылы жер серігінің бортында қосымша қондырғылар орнатуға мүмкіндік алып отыр. Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы: - Қазақстанның ғарышты бағындырудағы алғашқы қадамы жаман болған жоқ деп санаймын. Жер серігі жұмыс істеп тұр, қазір мені түсіріп тұрған телевидение біздің отандық Қазсат арқылы көрсетеді. Мен таяу уақытта, дәлірек айтсақ, келесі жылы басқа елдердің де бұл жүйеге қосылатынына сенімдімін. Ал болашақта біз ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын Жер серіктерінің тобын жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашқы қазақстандық спутник туралы алып-қашпа әңгіме де, күмән да болғаны рас. Дегенмен, бұл жобаның сәтті жүзеге асқанына бүгінде ешкім де жоққа шығара алмайды. Болашақта еліміз ғарышты игеруге бағытталған батыл қадамдарын жалғастыра бермек.

Осы бағытта енді ғарыштық құрылғылар мен зымырандар жасау жұмыстары жолға қойылып, ғарыштық зерттеулерді іске асыруға қадам жасалмақ.
Қазақстанның бұл ғарыш саласын өркендетуге арналған ауқымды жобалары бүгін Алматыда өткен ғылыми-тәжірибелік жиында кеңінен талқыланды. Ғалымдардың пікірінше, бұл саланы дамытуға Қазақстанның қауқары жеткілікті. Айталық, елімізде ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Зымыран тасығыш ракеталарды ұшыру алаңы салынды. Ең бастысы, ғарыш саласын дамыту стратегиясы жасалды. Бүгінде көптеген тәжірибелі елдермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекетіміз үшін ғарыш саласындағы жобаларды жүзеге асыру аса қиынға түспейді. Қазір Қазақстанда ғарыш саласын 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр. Отандық мамандардың айтуынша, алғашқы жобада кеткен қателіктерге бұл құжатта жол берілмейді.
Мейірбек Молдабеков, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары
Казсаттағы болған сәтсіздік бізге үлкен сабақ. Біз қазір талдау жасап жіберген қателіктерді түсіндік. Соны есептеп біз екінші бағдарламаны жасағанда бізбен бірге жұмыс істейтін шетелдің кәсіпорындарын таңдауды өте мұхият қарап жатырмыз.Өйткені келешек жасалған ғарыштық техниканың сапасы тікелей соған байланысты. Жоғары деңгейлі компаниялармен жұмыс істсесек соған сай сапалы техника жасай аламыз.



ТЫҢ САЛАНЫҢ ТАЛПЫНЫСЫ

Қазіргі кезде Үкіметтің алға қойған мақсаттарының бірі – еліміздің ғарыш саласын дамыту, оған мемлекет тарапынан жағдай жасау болып табылады. Осыған байланысты Үкіметтің қаулысы¬мен “Қазғарыш” ұлттық компа¬ниясы құрылған болатын. Кейін ол Ұлттық ғарыш агенттігінің бастамасымен компанияның атауы “Қазақстан ғарыш сапары” болып өзгертілді.
Бұл күндері компания Үкі¬меттің ғарыш саласын дамыту жұмысының аясында “2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысып, компанияның 2008-2010 жылдарға арналған даму жоспары бойынша жұмыс істеп келеді.
“Қазақстан ғарыш сапары” ұлттық компаниясы” АҚ президенті Азамат БатырҒажин кәсіпорынның даму жоспары жөнінде ойларымен бөліскен еді.
– Ең әуелі компания туралы айтып берсеңіз. Оның қызметі мен негізгі бағыттары қандай?
– Компанияның қызметі ұлттық экономика мүддесінде дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті ғарыш техникасын және ғарыш инфра¬құ¬ры-лымын әзірлеу, өндіру және пай¬далану мақсатын көздейді. Ал оның негізгі бағыттары – салааралық ғарыш бағдарламалары мен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге арналған тиімділігі жоғары ақпараттық және ғарыштық техноло-гия¬лар құру, ғылымға қажетті ғарыш технологиялары мен техниканы құру жөнінде ғылыми-зерттеу және тәжіри¬бе¬лік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, еліміздің экономикалық мүд¬десіне сай келетін мемлекеттік тап-сырысты орындау болып табылады.
– Компания “2005-2007 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту” мемлекеттік бағдарламасын орындау жөнін¬дегі жұмыстарды қалай жүр-гізуде?
– Компания құрылған кезде оның негізгі мақсаты осы бағдарламаны іске асыру болатын. Осыған орай біздің компания бағдарлама аясында 7 жо-баны орындады. Соның нәтижесінде ғарыш техникасының арнайы конс-трукторлық-технологиялық бюросы құрылды, әмбебап ғарыш тұғырна¬ма-сын құрудың техникалық-экономи¬калық негіздемесі әзірленді, ұлттық геостационарлық байланыс спутнигін жасау және ұшыру жөнінде ұсыныстар дайындалды, жерді қашықтықтан зон¬дтау ғарыш аппаратының нобайлық жобасы әзірленді, ғылыми мақсаттағы ғарыш аппаратын жасау жөнінде жобалық материалдар дайындалды, көп қызметті спутниктік байланысты пайдалану жөнінде серпінді жобалар орындалды, зымыранта-сы¬ғыштарға қатысты ұшу аппаратын бей¬нелеу орталығы құрылды. Осы уақыт аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында компанияға 3 млрд. 437,5 млн. теңге, оның 535,8 млн. теңгесі өткен жылы бөлінді. Жо¬баларды іске асыру кезеңінде қаржы игеру 3 млрд.55 млн.теңгені құрады.
– Компания бағдарлама аясынан тыс басқа қандай жұмыстар атқарды?
– Компания мемлекеттік бағ¬дарламадан тыс Байқоңыр кешенінде арнайы экономикалық аймақ мәр¬те¬бесімен Ғарыш индустриясы орталы¬ғын құрудың техникалық-экономи¬калық негіздемесін әзірлеу, ғарыш айлағы нысандарының техникалық жағдайын, мүлкін бағалау және оларды еліміз мүддесіне пайдалану жөнінде жұмыстар атқарды. Сонымен бірге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Сарышаған сынақ алаңындағы “Неман” стан¬сасында жұмыс істеу және пайдалану жөнінде қызметтер көрсетті. Осыларға орай компания шамамен 142 млн. теңге сомасында кіріс енгізді.
– Жаңа сіз жеті жобаны орындадық дедіңіз, осылар жөнінде айтсаңыз?
– Жобалардың ішінен төртеуімен жұмыс жалғастырылды. Мәселен, екі жоба ғарыш жүйелерін құруға дейін кеңейтілді. Осы жобалардың бірі – “Қазақстан Республикасының жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі” болып өзгертілсе, екіншісі “Ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесі” деген атауға ие болды. Осының біріншісі ғарыш жүйелері мен кешендерін құру жөніндегі технологияларды қабыл¬дауға, елдің халық шаруашылығының қажеттіліктері үшін мақсатты ақпарат алу және өңдеу әдістемесін пысық-тауға мүмкіндік береді. Ал екіншісі жер сілкінісі хабаршылары туралы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды. Үшін¬ші жоба – ұшу ақпаратын бейнелеу орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының жағдайлық орталығын құруға дейін кеңейтілді. Ал төртінші Ғарыш техникасының арнайы конструк¬торлық-технологиялық бюросын құру жобасы ғарыш айлағындағы отандық құрастыру-сынау кешені болып өзгертілді.
Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында компанияның бөлімшесі жұмыс істейді. Компания үшін Байқоңыр ғарыш айлағы базасында еліміздің жер үсті ғарыш инфрақұрылымының негізін құру басым бағыт болып саналады. Бізді ғарыш техникасын құру және пайдалану сала¬сында отандық стандарттардың болмауы қатты алаңдатады. Осыған байланысты Ұлттық ғарыш агенттігінің тапсырмасы бойынша компанияның қарамағында техникалық комитет құрылды. Ол дүние жүзіндегі ғарыш қызметін стандарт¬тау¬дың ең жақсы жүйелерін талдап, соның негізінде отандық стандарттарды әзірлеу жұмысымен айналысатын болады.
– “Байқоңыр” кешенінде жоғары білікті мамандарға қандай жағдай жасалған?
– Қазіргі кезде компания оларға жағдай жасау үшін екі тұрғын үйді, сондай-ақ бұрынғы ақпараттық-есептеу орталығын ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы¬ның әкімшілік ғимараты ретінде қайта салу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жер¬де еліміздің ғарыш саласының ұйым¬дары мен кәсіпорындары орналасты¬рылатын болады. Биылғы жылға және жақын арадағы келешекке арналған басым жобалар 2020 жылға дейін ғарыш қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасында көрсетілген.
– Енді компанияның даму жоспары жөнінде айтып берсеңіз?
– Жақында біз компанияның 2008-2010 жылдарға арналған даму жоспарын жасадық. Ол Үкіметте талқылаудан өтіп, қабылданды. Даму жоспары үш бөлімнен тұрады. Онда өнім өндірісі, әлеуметтік саланы дамыту, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау жөніндегі іс-шаралар, күрделі салымдар көлемі, өзіндік құн құрылымы баға және тарифтік саясатты негіздеу, кадрлық саясат, компанияның инвестициялық бағдарламасы, кәсіпорын дамуының инвестициялық жоспары сынды мәсе¬лелер қамтылған.
– Даму жоспары аясында ком¬пания қандай жұмыстарды бірінші кезекте басшылыққа алады?
– Біздің компания 2008-2010 жылдары “Қазақстан Республикасының жерді қашықтықтан зондтау ұлттық ғарыш жүйесін құру”, “Ғарыш техни-касының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының құрастыру-сынау кешенін құру”, “Жоғары нақтылы спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын құру” жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Осыған бай¬ланысты компания маркетингтік зерт¬теулер, ғылыми-зерттеу және тәжірибе¬лік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді, ғарыш қызметі саласында мамандар даярлауға қатысуды, елімізге ғарыш технологияларын әкелуді, компанияның бөлімшелерін дамытуды басшылыққа алатын болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН.

ИІНКӨЛДІҢ ИІНІНДЕГІ ИГІ ІСТЕР

Соңғы жылдары Үкіметтің қуатты қолдауымен кеңге қанат жайып, керегесін кеңейтіп келе жатқан кеніштердің бірі Шиелідегі №6 кен басқармасы. “Қазатомөндіріс” компаниясы қарауындағы бұл өндіріс орны, әсіресе, мұнда басшы болып Тайыр Назаров келгелі бері өзінің екінші тынысын ашқандай әсер қалдыруда. Кешегі Кеңес заманынан осы аумақта уран өндіру ісін қолға алған басқарманың өз аумағы – Шиелі кентінің іргесіндегі “Көкшоқы” шағын ауданы осы басшы келгелі бұрынғыдан бетер көріктене түсті. Егемендіктің елең-алаң шағында болған алғашқы аласапыран тұста шетел асып кеткен көптеген мамандардың қаңырап қалған үйлері де қайтадан қалпына келіп, тіршілік жандана бастады. Қысқа уақыттың мұғдарында елді мекенде аурухана, емхана, мәдениет үйі, жабық спорт кешені, ойын-сауық орталығы, тігін цехы секілді нысандар ашылып, көпшіліктің игілігіне айналды. Ал жақында басқарманың күшімен жаңа балалар бақшасы да іске қосылды.



Жаңа басшының тағы бір ерекше айтар жетістігі, баяғыда түгелге жуық басқа нәсіл өкілдерінен құралған ұжымды біртіндеп қазақыландырып шықты. Бұл ретте ол мұндағы негізгі бастама “Қазатомөндіріс” акцио-нерлік қоғамы президенті Мұхтар Жәкі¬шев мырзадан басталғанын айтқанды тәуір көреді. “Бұрын осынау түгін тартса майы шығатын шұрайлы жердің иесі де, ондағы байлықтың киесі де болып табылатын қазақ жұрты үшін мейлінше құпия сала саналып келген уран өндірісі өнеркәсібіне жергілікті ұлт өкілдерін тартуды, негізгі мамандарды өзіміздің ортамыздан даярлап шығару мәселесін сол кісі ұдайы қадағалап келеді, – дейді осы орайда Тайыр Назаров. – Мұның да жөні бар. Кешегі Кеңес кезеңінде осында нағыз ұстын болып тіреп тұрған мамандардың дені тәуелсіздік таңы атқан бойда өздерінің негізгі мекендері – Ресейге қарай үдере көшіп кетті де, өндіріс шын мәнінде қараусыз қалды. Сол кезге дейін кен орнына жұмысқа, тіпті, осы тұрғылықты жердің кәрісі мен чешені, немісі мен грегі алынғанымен, қазақ қалқама келгенде есік тарс жабық болған ғой. Біз осы кемшілікті ақырындап түзетіп, әділдік әспетіне жол аштық. Енді қайран қазақ бу бүркіп, бұлт төнсе де, осы жерден қазық үзіп, қарайғанға қара ұзап кетпейтіні айдай анық”. Өткенде кен басқармасына қос Мұхтар – облыс әкімі Құл-Мұхаммед пен компания президенті Жәкішев екеуі бірге ат басын бұрып келгенде де, осы кадр дайындау мәселесіне айрықша мән бере қарасып еді. Аймақ басшысы сол жолы Шиелі ауданының әлеуметтік дамуына жыл сайын 1 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы шығарып келе жатқан өндіріс қамқорлығына ризалық сезімін де білдірген болатын.
Иіркөл алабындағы уран кенін игеру бағытында тіршіліктің түтінін түтетіп отырған №6 кен басқармасы бірқатар уақыттан бері жапон ғалымы Масаки Имайдың “Гемба Квидзен” деп аталатын бір жобасы бойынша өндірісті одан әрі дамытуды қолға алып келеді. Сол жұмыстың сы¬ңайын¬да бүгінде Сырдария өзені жаға¬сындағы Иіркөл кен орнында өндіріс алаңдары, қойма мен сараптау цехы¬ның құрылыстары қызу жүріп жатыр. Сол сияқты осында жаңа жерлерді бұрғылау, өнім алуға дайындалу тірліктері қоса атқарылуда. Мұнда алғашқы кезектегі шикізат – сарыкек алынуға қадам басты. Оның 50 тонна көлемі былтырғы жылдың аяғына дейін өңдеуге жіберілді. Ал биыл өнім мөлшері 300 тонна болады деп күтілуде. Жоба бойынша алдағы мамырға дейін Иіркөлдегі барлық құрылысқа қатысты ұйымдастыру жұмыстары толық аяқталып бітуі тиіс. Дарияның ұрма иініне орналасқан осы кеніш елдің несібесін арттыра берер түрі бар.
Серік ПІРНАЗАР, Қызылорда облысы. Суреттерді түсірген Светлана Вервай.

МАЛ ӨНІМДЕРІНЕ ТЕКСЕРІС КҮШЕЙЕДІ

Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бекеттерді халықаралық талаптарға сай жасақтау басталды. Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсетілуіне орай, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанынан бастап облысымыздағы бекеттер тұрғын-жай (вагонша), оргтехника, қауіпті ауруларға қарсы арнайы киім жиынтығы және басқа да қажет құрал-жабдықтармен қамтылмақ.
Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысына арнайы сапармен келген АШМ Шекара мен көліктегі мем¬лекеттік ветеринариялық қадағалау¬дың Солтүстік-Батыс аймағы бас¬қармасы¬ның бастығы Ниғмат Жақыпбаев мәлімдеді. Облыстық ауыл шаруашы¬лығы департаментінде өткен семинар-кеңесте ол көршілес елдер әртүрлі мал мен құс ауру¬ларының ошағына айналып отыр¬ғанын айтты. Сол себепті, басқа мемлекеттерден келетін азық-түлікке, мал өнімдеріне тексеру талаптарын күшейту керек. Мәселен, биылдан бастап Кавказ елдерінде африкалық шошқа обасы атты жаңа ауру шықты. Чешенстанда белең алып тұрған бұл ауруды онымен шек-тесіп жатқан Астрахань облысында жоқ деп ешкім айта алмайды. Ал Ресейдің бұл губерниясы болса, еліміздің батыс аймағымен шектесіп жатыр. “Еліміздегі ветеринарлық жағдайдың мәз еместігіне біз, яғни осы сала мамандары тікелей кінәліміз, — деді Ниғмат Хамитұлы. — Егер вете-ринарлық инспекторлар дұрыс қадағалау жүргізсе, өткен жылы Шыңғырлау ауданындағы Лубен ауылында 442 бас ірі қара мал аусыл ауруына шалдықпас еді”.
Жиында АШМ республикалық ветеринарлық зертханасының облыстық филиалының директоры Бисенғали Аманжолов бүгінгі таңда Ақтөбеден еш тексеріссіз келетін құс етін өзекті мәселе ретінде көтерді. Бұл өнім ауылдарға да жіберілуде. Сол себепті облыс арасында тексеру бекеттері болғаны дұрыс.
Облыстық аумақтық инспек¬ция¬ның мемлекеттік ветеринариялық инс¬пек-ция¬сы бөлімінің бастығы Асылжан Хайрет¬динов былтыр өңірде 20 аса қауіпті індет ошақтары тіркелгенін мәлім етті. Олар¬дың алдын алу үшін республикалық бюд¬жеттен 47 млн. теңге бөлінген. Уақ¬ты¬лы шаралар қабылданып, қаржы толық иге¬рілді. Облыс әкімдігінің арнайы қаулысы негізінде өңірдегі барлық 163 ауылда ветеринарлық-санитарлық нысандар салу ісі қолға алынды. Және бір қаулы құс тұмауын болдырмау бағытына арналған. Соған сай, облыстық бюджеттен 53,5 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға 18 УАЗ автокөлігі, 18 залалсыздандыру қондырғы¬сы, арнайы киімдер, құрал-жабдықтар алынды. Қосымша бөлінген 5,3 млн. теңгеге жанармай қоры жасақталды.
Сәкен МҰРАТҰЛЫ, Батыс Қазақстан облысы.

ЭНЕРГЕТИКТЕР КӨШЕСІ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Қаланың сәнін келтіріп, қаншама жылдар бойы қаңырап бостан-босқа тұрған көп қабатты тұрғын үйдің айналасы бес-алты айдың ішінде жарқырап шыға келгенін көргенде, екібастұздықтар қатты қуанды. Энергетиктер көшесі бойындағы 35-ші үйдің қайтадан қалпына келтірілуіне қалалық бюджет 180 миллион теңге қаржы бөлді. Қалалықтарды қуантқан бұл құрылысты Хамит Татаев басқаратын “Нарық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Терезелері үңірейіп бос тұрған үйдің іші-сыртын жөндеп, бір-ақ күнде жайнатып жасап берген құрылысшыларға осы үйден пәтер алған 63 отбасы қазір дән-риза болып отыр. Кәсіптік-техникалық білім беретін мектепте қызмет істейтін “Үміт” балалар үйінің түлегі Мария Кучинаның жеке пәтерге ие болғанына орай қуанышында шек жоқ. Ал, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасыларына, ардагерлерге жаңа пәтер кілттерін табыс еткен қала әкімі Нұрлан Нәбиев олардың қоныс тойларына құтты болсын айтты.
Фарида БЫҚАЙ, Екібастұз қаласы.

ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫ ӨЗ ЕРКІҢІЗДЕ ДЕСЕК ТЕ…

Өткен жылдың аяғында республика Үкіметі азаматтардың қолында заңсыз сақталған қаруларды өткізу жөнінде арнайы қаулы қабылдаған болатын. Жуырда құқық қорғау органдары тарапынан өткізілген баспасөз мәслихатында содан беріде қала бойынша он бес қару өткізілгені ресми түрде мәлімделді.
Олардың ең алдымен қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы анықталған. Екінші кезекте сапасы тексерілген. Ақаусыз қару иелеріне заң бойынша жүз пайыз, ал жарамсыз қару үшін елу пайыз мөлшерінде өтемақы төленетін көрінеді. Мұның сыртында оны өткізгендер тиісті құжаттарын реттестірсе, өз қаруларын қайтып алуларына да болады.
Ал органға өтіп кеткен қарулар тиісті акт жасалып, жойылмақ. Халқымызда “аш пәледен қаш пәле” деген сөз бар. Сондықтан заңсыз суық қару иелерінің қайсысы болмасын, өздеріне ұсынылған екі мүмкіндіктің бірін таңдағаны дұрыс, әрине. Ал үшінші мүмкіндіктің орны толмас өкінішке итермелейтіні айтпаса да түсінікті.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.

Суреттерді түсіргендер Орынбай БАЛМҰРАТ, Шүкір ШАХАЙ.

ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz
Ішкі істер министрлігі www.mvd.kz
Қорғаныс министрлігі www.mod.kz
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі www.nature.kz
Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz
Сыртқы істер министрлігі www.mfa.kz
Денсаулық сақтау министрлігі www.darі.kz
Көлік және коммуникация министрлігі www.mtk.gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі www.enbek.kz
Қаржы министрлігі www.mf.mіnfіn.kz
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі www.mіnplan.kz
Әділет министрлігі www.mіnjust.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі www.emer.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі www.sana.gov.kz
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі www.memr.gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі www.mіnagrі.kz
Индустрия және сауда министрлігі www.mіt.kz
Туризм және спорт министрлігі www.mts.gov.kz
Жер ресурстарын басқару агенттігі www.auzr.kz
Байланыс және ақпараттандыру агенттігі ww.alc.gov.kz
Статистика агенттігі www.stat.kz
Көші-қон және демография агенттігі www.demomіgratіon.kz

Қазанның 24-і «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні
1955 жылғы ақпанның 12-інде КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.
1960 жылғы қазанның 24-інде М.Янгель құрастырған Р-16 атты жаңа континентаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармаймен жабдықталған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышы жүйеге рұқсатсыз қосылып кеткен. Осының нәтижесінде өрттен және жанармайдан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың ішінде артиллерияның бас маршалы . M. Неделин, полигоннан сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташев бар. Бүгінде олардың есімдері Байқоңыр қаласындағы көшелерге
берілген.

Байқоңырда ғарыш аппараты апатқа ұшырады

Кеше, 27 шілде күні Астана уақытымен 01 сағат 43 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан жұлдызды зеңгір зереніне көтерілген Ресейдің «Днепр» конверсиялық ракета тасығышы (РН) ұшып шыққаннан кейінгі 74-секундта двигателінің бірінші сатысы істен шығып, ашық аспан аясында жарылып кетті.
Бұл ракета тасығыш осы жолы өзімен бірге «БелКА», «Бауманец», «УниСат-4», «ПикПот» және 6 контейнерлі «КубСат» секілді, Ресейдің, Беларусьтің, Италияның, АҚШ пен Колумбияның 18 ғарыштық аппараттар тобын орбитаға шығаруға тиіс еді. Ракета қалдығы ұшырғыш қондырғыдан шамамен 190 шақырым қашықтықта, Қазақстанның Өзбекстанмен шектесер шебіне құлаған көрінеді. «Жарылыстың сыртқы ортаға әсерлерін зерттеумен айналысатын апат жөнінде арнаулы комиссия құрылды, – деді «Роскосмос» ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы Игорь Панарин біз кеше арнайы хабарласқанда. – Ракетаның сарқыншақтары түскен аумақта қоршаған орта мен елді мекендерге келтірілген ешқандай зиян жоқ деп отырмыз. Мұның нақтылы жауабын бірер күннің ішінде беретін боламыз». Ал «Роскосмос» басшылары апаттың неліктен болғанын ашық айтудан әзірге жалтарып отыр. «Бұл – ең бір сенімді, штаттағы негіздегі, әбден сыннан өткен сериялы ракета еді, – дейді осы орайда агенттік директорының орынбасары Юрий Носенко. – Бірақ өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кездесіп қалады». Расында да «Роскосмос» мамандары «Днепрді» ерекше сипаттамалары бар, өте сенімді ракета тасығыш санап келген. «Ракетаның сенімділігіне бұған дейінгі 160-тан астам баллистикалық ракеталар мен 6 ғарыштық аппаратты сынақтан өткізу арқылы көз жеткізген едік», – дейді агенттік директорының келесі орынбасары Сергей Блюм. Ал директор Анатолий Перминовтың өзі әзірге көп адамның қолына түспей тұр. Бұл жолғы ұшу сапарында негізгі жүк Беларусьтің ең бірінші микроспутнигі – «БелКА» (Беларусь космостық аппараты) атты Жерден қашықтықтан басқару жүйесімен жұмыс жасайтын корабліне артылған екен. Аппарат әдепкіде орбитаға маусымның 28-і күні жөнелтілмек болған. Бірақ «ракета тасығыштың бортты цифрлы есептегіш кешенінде кезіккен олқылықтар» мерзімді кейінге шегертіпті. Осы жерде бізге «осы олқылықтарды жөндеу ақырына дейін жеткізілмеген болар» деген де ой келеді. Әйткенмен мұның нақтылы жауабын білетін күніміз тым қашық емес. Ең өкініштісі, тап осы түні аталмыш спутниктің космос көгіне жол тартқанын өз көзімен көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағына арнайы ұшып келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко мырзаның жолы оң бола қоймады. Сол шақта Минскіде жаңадан ұшырылатын жер серігі арқылы ақпараттар алудың барлық дайындық деңгейі жасап қойылыпты. Белоруссияның Ұлттық ғылым академиясының Информатика проблемалары біріккен институты ғимаратының шатырына космостан сигнал алу үшін екі орасан зор спутник тәрелкесі орнатылыпты. Беларусь мемлекеті мен белорус халқының көптен күткен осы үміттері, сөйтіп, ақталмай қалды. «Орбитаға шыққан ракета тасығыштың, сонымен бірге беларусьтық «БелКА»-ның жанып кеткенін көргенде, Александр Лукашенко әлдеқандай бір мазасызданушылық, реніш пен толқу танытқан жоқ, – дейді Игорь Панарин. – Ол болған оқиғаны болғанындай қабылдады». Енді «Днепр» ракета тасығышы жөнінде бірер сөз. Негізінен, ол жауынгерлік континентаралық баллистикалық РС-20 («Воевода») ракетасының базасында жасалған. Кеңес Одағы кезінен бері қолданыста келе жатқан корабль соғыс мақсатында пайдаланылатын ракеталық қару ретінде құрастырылып шығарылған. Сол тұста оның атауы жоғарыдағыдай «РC-20 В» болып аталған. Ал 1999 жылдан бері ракета тасығыш аздаған өзгерістер арқылы бейбіт мақсаттағы жұмыстарға көшірілген. Сол кезден бастап оған азаматтық «Днепр» аты берілген. Дегенмен оны кез келген уақытта бұрынғыдай жауынгерлік сапқа қайта қоса салуға болады. Ракета тасығыш бейбіт тірлікке көшкелі оның қызметін Ресейдің өзінен басқа көптеген елдер (соның ішінде АҚШ та бар) көре бастаған. Ракета тасығыш 1999 жылдың 12 шілдесінде АҚШ-тың «Генезис-1» космостық аппаратын ғарышқа сәтті шығарыпты. Ал ракета тасығыштың жауынгерлік қалпындағы түрін АҚШ-тың мамандары «Сатана» деп атаған. Болмаса SS-18 деген классификацияға жатқызған. Аталмыш ракета тасығыштың, өткенде біздің «КазSатты» ғарышқа жеткізген «Протон-К» түрінен айырмашылығы – бұл алқара көк аспанның алпарына тікесінен тік көтеріледі екен. Сондықтан ол үш сатының қайсысында апатқа ұшыраса да, қай жерге барып құлайтынын ешкім болжай алмайды. Және ол «Протон» сияқты Байқоңырдан кейін Жезқазғанның төбесі арқылы Алтайға жетіп, содан соң Камчатканың тұсында біржола орбитаға шығып кетпейді, қай сатыда да қазақ жерінің үстінде шарлап барып, Галактиканың қойнауына жол тартады. Ендеше, апатқа ұшыраған ракета тасығыштың қаңқалары тап үйлеріміздің шатырына келіп түспегеніне шүкіршілік еткеніміз жөн болар.

Жұмыр жердегі барлық адамзат тебіреніп, бір қас-қағым сәтте тұңғыш ғарышкерді бауыр тартып, жақын көрген ғажайып сәт. Ақынның тілімен айтылғандай “балықтың судан құрлыққа шығуына” барабар ұлы қадам, адамның ғарышқа ұшуы өркениет тарихындағы тағы бір ренессанстық параққа айналды, сананың көкжиегі ашылып кеткендей еді. Адамзат тарихы жерден ұзап шығып жұмбақ кеңістікке бет түзеп, алыстап бара жатты. Ғалым масаттанды, тіршілік шаттанды, ақын шабыттанды, ғалам таңдай қағып таңданды! Сол сәтте…

ҒАРЫШ ПОЭЗИЯСЫ
1.
Ғарыш – жаңа сөз. Әлдеқайда берідегі ұғым.
Бірер ғасыр бұрын туған жасанды сөз сынды түйсінесің, кейде… Бәрібір әсерлі, сұлу, жанға жақын, құлаққа жылы тиеді. Ертедегі дәуір, орта ғасыр, Қазақ хандығы тұсындағы жәдігерлерде кездесе бермейді.
Ғарыш!
Түп-төркіні – Көк. Тәңірі Көк.
Таза өлең қашанда Тәңірдің сөзіндей, пейіштің лебіндей нұрлы, шуақты, қуатты. Таза өлең һәм аз өлең. v Хас поэзиядан ғарыштың демі сезіледі. (“Поэзия” да “лирика”, “эпос” секілді қазақ ішіне кейіндеу келген термин).
Ғарыштың демі арбайды да тұрады. Сиқырлы, жұмбақ, арда, аяқ астынан кездесе бермейтін асыл дүние… Аңсарлы ғалам. Онсыз адам қайтер еді!? Жер бауырлап күн кешер ме еді? Жер бетінде не жоқ, не кездеспейді!?
Ғарыш демі – хас поэзия желпімесе қасіретті, мәнсіз. Адам санасы оны әлдеқашан сезінген, түйсінген. Түйсінген де әуелі Жаратушы алыптар қатарынан, мифтік ғаламнан жер бауырлаған пенде қатарына қуып түсірген. Адам баласын қайтадан аспандатпаққа құлшынған. Инквизиция езіп сілесін қатырған, бойындағы рухын сығып алып, құр сүйек пен етін қалдырған, қиналған, кеспірі қашқан, қаны қарайған, көкке көз тігуден қалып, күннің күркірінен түршіккен бір уыс пенденің бойын қайта тіктеу, бүгілген еңсесін түзеу қандай қиын, қандай қасиетті іс. Іс емес, өнер. Адамның рухын көтеру. Күллі ұлы мәртебелі Ренессанс алқалап, ардақтаған қасиет. Адамның ғарышқа ұшып шығуын “техникалық жетістік” десе де, әлдебір “стратегиялық мүдделерге” шендестірсе де, арғы астарында тағы да сол Ренессанстың жұмбақ қасиеті арбап тұрған. Пенде біткеннің жүрегі жан баласының өзіне де түсініксіз ықылым заманғы туа бітті түйсіктің әлдебір тылсым лебімен соны сезінген. Жұмыр жердегі барлық адамзат тебіреніп, бір қас-қағым сәтте тұңғыш ғарышкерді бауыр тартып, жақын көрген ғажайып сәт. Ақынның тілімен айтылғандай “балықтың судан құрлыққа шығуына” барабар ұлы қадам, адамның ғарышқа ұшуы өркениет тарихындағы тағы бір ренессанстық параққа айналды, сананың көкжиегі ашылып кеткендей еді. Адамзат тарихы жерден ұзап шығып жұмбақ кеңістікке бет түзеп, алыстап бара жатты.
Ғалым масаттанды, тіршілік шаттанды, ақын шабыттанды, ғалам таңдай қағып таңданды! Сол сәтте… Өркениет өрге сүйреген дүбірлі дүниенің төрінен қазақ ақынының үні естілді. Алаштың аспанынан алысқа шығандап, әлемге құлақ түргізіп, жеті қат көкті кеулеп. Саңқылдап. Қазақ поэзиясының қанат суылы дыбыстан да ұшқыр жылдамдықпен жарысқандай еді. Арқалы, ақынжанды халықтың аруағы ұстап, арғымақ жыр арқырай кісінеп аспандасын бір! Сөйтіп қазақ поэзиясы бір сәтте, бір демде орбитаға шығандап шықты да кетті! Әрине, бұған дейін де сандаған ғасырлық ақындық, жыраулық дәстүрі бар қазақ жыры көкке талай самғап, талай шырқау биікке көтерілген-ді. Бірақ Байқоңырдан бастау алған ұлы құбылыс сезім серпінін ғаламат бір қуатпен ағытып жіберді. Сол арқылы қазақ ақынының аузынан өркениет тарихының ренессанстық аңсары адамды асқақтату, адамды ұлықтау, адамның төбесін көкке қайта бір жеткізу ниеті естілді. “Адамға табын, Жер, енді!”. Мифтік түйсік пен поэтикалық түйсіну пернелері күй сазындай үйлескен тұс. Бір сәт қана. Бір сәттің шындығы. Ақиқаттың қас-қағымы!
Символдық ұғыммен, азаматтық пафоспен оны өзгеге ұқсамайтын өзгешелікпен айтқан кім еді? Олжас Сүлейменов.

2.
Иә, “Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның қаламгерлік символы.
“Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның космодромы Байқоңыр.
“Адамға табын, Жер, енді!” – жырдың жаңа бір дәуірінің таңы, жаңа поэтикалық кезеңнің белгісі. Осылайша ғарыш ақынның төл тақырыбына айналды. Кейін журналистикада жүрсін, кино саласында істесін, мемлекеттік, қоғамдық қызмет атқарсын, әр жылдың 12 сәуірінде ақынның да ғарышпен іштей бір жақындығы сезілді де тұрды. Бірде ол ғарышкерден ойша “интервью” алды. Байқоңыр… 12 көкек 1981 жыл. Мерекелік сұхбат… Ақын мен “ғарышкер әңгімесі”. “Өміріңіздегі ең есте қаларлық, ең бір қымбатты, әсерлі сәтті айтып беріңізші!” – дейді ақын. – “Ең бір әсерлі дейсіз бе? Ең бір әсерлі… Иә, бірде ғарыш кемесін ұшыруға дайындалып болғанбыз. Сақадай-сай әзірлік. Санаулы секундтардан кейін ұшуға бұйрық берілмек. Сонсоң кемеміз шексіз де шетсіз ғарышқа қарай самғай жөнелмек. Кенет… Ұшу алаңының шетіне ақ бота шыға келгені. Моп-момақан, кіп-кішкентай ақ бота. Шақырайған күнге бір қарап қойып, алаңсыз келе жатыр.
Маң дала…
Аппақ сүттей ақ бота…
Сүйір тұмсығы көк тіреген ғарыш кемесі…
Ұшуға бұйрық берілмеді. Қолма-қол тоқтатылып, ботаны шетке, қауіпсіз жерге жекізгеннен кейін ғана алыс сапарға бет алдық. Есімнен кетпес бір әсерлі сәт осы…” – дейді ғарышкер. Үнсіздік. Мағыналы, қасиетті үнсіздік. Атақты ғарышкер мен атақты ақын сұхбаты болғандықтан емес, өмірдің ғажайып сұлулығын, кереметтей күрделілігін, адамға ғана тән сезім қасиетін білдіретін қас-қағым сәттік өмір суреті. Бір сөзбен айтқанда – поэзия. Иә, поэзия. Сұлулықты, әсемдікті пір тұтып қастерлеу. Көкіректе тұнған сезімді, адамдық қасиетті қорғау.
Бұл – Олжас Сүлейменов ойының бір қыры. Ал екінші… Иә, екінші, ақынға ғарышкер айтқан ақ бота туралы қарапайым естелік темір ғасырда туып, технократияға тартылып бара жатқан толқынның жанайқайы секілді. Ақ бота дәуір таңбасы, қайшылықты уақыттың қастерлі де қасіретті белгісі. Кім біледі, азаматтың, адамның бүкіл ғұмыры, мынау алып әлемдегі қас-қағымдай ғана тіршілігі сол бір ақ ботаны адам рухының, сезімнің, өнердің ақ ботасын сақтап қала алуымен құндырақ, мәндірек шығар.

3.
Олжас Сүлейменовтің “Адамға табын, Жер, енді!”, “Арғымақтар”, “Шапағатты шақ” жинақтарынан кейін алуан-алуан пікір тудырған “Қыш кітабының” өз жұмбағы бір басына жетерлік. “Қыш кітап” бүгінде қазіргі күннің кітабы! Театрда ретроспекция деген ұғым бар. Мұнда да уақыт ретроспекциясы әлеуметтік түйіндер мен ақынның концепциясын қыр-сыры мен ұңғыл-шұңғылына дейін ақтара көрсеткен. Мәселен кітаптағы Көтен бейнесі заманнан заманға ауысып келе жатқан кейіпкер болып қалды. Шолақ белсенді, әсіреқызыл, кеудемсоқ оның араласпайтын ісі жоқ. Олақты көріп олақтығын бетіне басады, жалқауды көріп оның да ісіне бас-көз жоқ араласады, жауға да ұрандап бірінші кіреді, ағаш еге алмай жатқан қарияны көріп, ұрсып-сөгіп, ағашын отырғызып тастайды.
Ақыры, сайтан түртіп, патшаның жарлығы да ұнамай, осылай да ел басқара ма екен, бұл не масқара деп, елді қалай басқаруды, жарлықты қалай шығаруды көрсеткісі келсін! Сарбаздар Көтенді шап беріп ұстап алып, өлім жазасына кессін де тастасын. Баскесердің жайбасарлығына іші пысып, назаланған Көтен енді жендеттің қолындағы балтасын жұлып алып, өзін жыға салып, басын шауып жіберсін. Осыларды көріп тұрған патша сүйсініп кетіп: “Жасасын білгіш Көтен, жаса әмбебап, бесаспап Көтен!”, – деп арфаға қосылып мадақтай жөнелсін. Ақыры Көтен патшаның қолынан арфаны да жұлып алып: “Мені осылай мадақтай ма екен!”, – деп, сұңқылдауға өзі кіріссін. “Бірақ оның сөзі есте қалмапты…” деп бітіреді ақын Көтен туралы кекесінді хикаясын. Бұл әлі де ұзақ уақыт заманнан заманға ауысып жүре беретін жаны сірі, жағымсыз кейіпкер бейнесі. Бұл біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдың Көтені, ХХ ғасыр Көтені, ақырында бүгінгі біздің ХХІ ғасырымыздың Көтені. Сондықтан да “Қыш кітабы” түркі дүниесі қайта оянған, қазақ санасы құлдық психологиядан арыла бастаған тұста тағы бір оқылатын, ой жүгіртіп қарайтын шығарма. Өйткені бұл туындының кіндігі (“золотое сечение”) дала ақынының дара тәсілімен түйілген. Ондағы шендестіру мен меңзеулер шығыс өркениеті тұрғысынан жаңа бір танымдық парақтарды ашатын жұмбақ кілт. Уақыт пен таным өрімінің символы.

4.
Өз басым Олжас Сүлейменовтің кітаптарын қолыма алған сайын, сонау бір жылы Ташкентте “Ақ өзендер аспанында…” деген атпен шыққан өлеңдер мен проза жанрындағы дүниелері топтастырылған жинақтағы кіріспе сөзді есіме түсіремін. Екі-ақ беттік көлеміне қарамастан, сол еңбектегі “Бір сөздің төркіні” атты мақала ақынның әдебиет әлеміндегі өмірінің елеулі, бедерлі сәттерін, арман-мұраттарын аңғартады. Осы жерде арнайы айтылатын жай: өлең сөз бен қарасөзде таланттың қыры мен сыры, суреткерлік шеберлігі бірдей көрінетіндігі. Өлеңде болсын, қарасөзде болсын, тіпті публицистика мен ғылыми еңбектерінде болсын, тек Олжас ақынға тән ұшқырлық пен ойшылдықты, қиыннан қиысатын қисынды айнытпай дөп танимыз. Сірі ой емес, тірі ойлар. Сол екі беттік туындысынан да Олжас ақынға тән ұшқырлық, аз сөзбен көп мағына жеткізушілік, ең аяғы жанға жайлы әзіл, уытты мысқыл – бәрі де табылады. Орыс тілінде жазатын ақынның таза қазақы өмірбаяны, тірлік-тұрмысы, өлеңдерінде ауыздықпен алысып, күмбір-күмбір кісінеген қазақы рухтың қайнар көзі тамаша сезіледі.
“Орыс тілінде жазатын” демекші, осы мәселені тілге тиек еткенде “Егемен Қазақстан” бетінде бес жыл бойы жарияланып келген “Жиырмасыншы ғасыр жырлайды” атты авторлық антологияның Олжасқа арналған ұсынымындағы мына бір ой орамы оралады: “Әлемде бір ұлт өкілінің екінші тілде жазып, сол ұлт әдебиетінің өкілі болып кеткен мысалдары аз емес. Мысалы, молдован Антиох Кантемир орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғалардың бірі болып саналады, поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский болса, Джозеф Конрад деген атпен ағылшын прозасының шебері ретінде мәлім, тағы бір поляк азаматы Гийом Альбер Владимир Александр Аполлинарий Костровицкий француз поэзиясының даңқын Гийом Аполлинарий деген атпен шығарған, украин Николай Васильевич Гогольдің туындылары орыс прозасының мақтанышы, тіпті бертінге түссек, Булат Окуджаваның да, Фазиль Искандердің де жазғандары орыс әдебиетінің игілігі делінеді… Алайда, ұлттық әдебиет ұғымын екшеудің классикалық өлшемдері солай сөйлей тұрғанмен, ешкім де орыс тілінде жазатын Олжас Сүлейменов жырларын орыс әдебиетіне теліп көрген емес.
Олжас Сүлейменов – орыс тілінде жазатын қазақ ақыны деген байламға жұрттың бәрі тақ тұрады. Тақ тұрғызған – Олжас өлеңдеріндегі көне дәуірлерден жетіп жатқан қыпшақы қағым-қағыстар, ұлттық қанық бояулар, жер-жаһандағы құбылыстың қай-қайсысына да тек қазақтың көзімен қарайтын қымбат қасиеті, ең бастысы – қай кезеңде де алтын басының азаттығын сақтай алған алаштық асқақ айбыны, өршіл рухы. Ұлы ақын, ұлы редактор Твардовскийді “Новый мирден” кетіріп, бір жылдан кейін көрге тығып тынған сұр кардинал Сусловтың өзі Сүлейменовтің сағын сындыра алған жоқ.
Ақын досы Андрей Вознесенскийге арнаған өлеңінде: “Аз и Я” – Азия деп оқталып, Жаңылдым ба? Жатпаймын мен ақталып… Танып-біліп өзімізді өзгеден, Көшеміз біз өзімізді бетке алып”, деп жазғанындай, Олжас жырының көші өзімізге өзімізді бетке алдыртқан күйі бір ғасырдан бір ғасырға ауысып барады. Олжастың кешегі кеңестік кезеңде, бір одаққа біріккен халықтар арасындағы дабырайтылмағанымен байқалмай да тұрмайтын бәйге-бәсекеде алғашқы “Арғымақтарымен”-ақ арындап шығып, “Қазақтар осындай болады екен ғой” дегізген, ұлтымызды мойындамасқа, құрметтемеске қойғызбаған еңбегін біз ешқашан ұмытпауға тиіспіз”. Ақынды алғаш сөздің сиқырына, сөздің әуезді әуеніне еліктірген сонау бір зұлмат жылдар, балалық шағында атасымен бірге өткізген күндер екен: “Соғыс кезінде атамның қолында тұрдым…”, “Құранның бірнеше сөздерін білемін. Бисмилля рахмани… Мен әуенді дыбыстарға ғашық едім. А-а… я-я, и-и…”, – деп жазады ақын. Әрі қарай осынау әріптердің әрқайсысының сәби санасындағы әуендік елесін, мәнін әңгімелейді.
Ұлы классик Абайдың бала кезін, алғашқы поэтикалық әсерлерін еске салмай ма? Тіпті, ақынның осы бір-екі ауыз естелігі исі қазаққа тән көрініс ретінде кімге болсын тосын ба екен, кім тосырқасын! Ашығын айтсақ, бәріміздің көз алдымызға ауылдың қара шалдары – аталарымыз елестеп, құлағымызға Құранның жылы мақамы жеткендей ғой. “…Атам қырық төртінші жылы көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау, қаралы күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нан тауып алдық”. Өмірбаянның осы жолдары Олжас Сүлейменов жырларының бүлкілдеп, қайнап шығып жатқан тұнық қайнар-бастауындай дерсіз. Қазақ тұрмысы, қазақы тіршілік елесі. Міне, қаршадай баланың Отанға, туған елге, ата-анаға, қала берді, адамзат баласына махаббаты солай туған. “…Бір үзім қара нан…” Нан ғана ма? Атаның балаға, ұрпақтың ұрпаққа деген киелі махаббаты ғой. Және қандай күндердегі сезім десеңізші! Сол бір түйір қара нанның өзі тіршілікке, өмір сүруге деген ұмтылысқа іңкәрлік нәрін шашқандай.
Бір үзім… Қара нан… Мұнда көп мағына бар.

5.
ХХ ғасырдың екінші жартысында құбылысты, өмір шындығын қорытып ақындық көзбен жеткізу бағыты басымдықпен көрініп, белең алды. Классикалық канондардың, декларациялық поэзияның орнын поэтикалық астастыру, сөздік, ырғақтық, мағыналық әуездік нәштердің түрлі құбылыстары ауыстыра бастады. Еуразия әдебиетінде алпысыншы жылдардан бері белең алған осы көркемдік ағым Олжас Сүлейменовтің поэзия әлеміне енуімен сәйкес келеді… Әрқайсысы әр полюстегі ақындар болса да Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенко, Эдуардас Межелайтис, Роберт Рождественский таланттарының жаңашылдық рухы, қоғамдық-әлеуметтік белсенділігі күшті болды. Міне, осы дүлдүлдердің ортасында Олжас Сүлейменов поэзиясының шоқтығы ерекше көзге түседі. Ал ол мұндай биікке бірден көтеріліп, шынар шеберлікке қиналмай қол жеткізді ме? Оған ақынның өмірбаяндық мақаласындағы мына сөйлемдер жауап бергендей.
Категория: Физика | Добавил: Admin | Теги: физика, Ғарыш
Просмотров: 8521 | Загрузок: 936 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]