Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Больцман Людвиг 1844 - 1906


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 15:48




Больцман Людвиг 1844 - 1906 Л.Больцман – австрия физигi, классикалық статистикалық физиканың негiзiн құрушылардың бiрi. Ол 1844 ж. Венада туылған. 1866 ж. Вена университетiн бiтiрген, Грац (1869-1873), Вена (1873-1876), Мюнхен (1889-1894), Лейпциг (1900-1902) университеттерiнiң профессоры болған. Оның негiзгi жұмыстары газдардың кинетикалық теориясы, термодинамика және сәуле шығару теориясы салаларына байланысты. 1866 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу заңын қорытты (Больцман статистикасы). Идеал газдардың кинетикалық теориясына статистикалық әдiстердi қолданып, 1872 ж. физикалық кинетиканың негiзi болып табылатын газдардың негiзгi кинетикалық теңдеуiн қорытып шығарды. 1872 ж. физикалық жүйенiң энтропиясын оның күйiнiң ықтималдығымен байланыстырып, термодинамиканың екiншi бастамасын статистикалық түрде дәлелдедi. Больцман алғаш рет сәуле шығаруға термодинамика принциптерiн қолданды. Дж.Максвеллдiң жарық қысымы туралы болжамын пайдаланып, 1884 ж. абсолют қара дененiң сәуле шығару энергиясы дененiң абсолют температурасының төрт дәрежесiне пропорционал болатыны туралы жылулық сәуле шығару заңын теория жүзiнде ашты. Бұл заңды тәжiрибе жүзiнде 1879 ж. Й.Стефан дәлелдедi. (Стефан-Больцман заңы).
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1844, Больцман, 1906, физика, Людвиг
Просмотров: 3778 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 1
1 Аманбек Әсем  
Керемет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]