Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Эйнштейн Альберт 1879 - 1955


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:17

Эйнштейн Альберт 1879 - 1955 А.Эйнштейн 1879 ж. Ульмада туылған (қазiргi ФРГ). 14 жасында Швейцарияға көшiп№ 1900 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1902-1908 ж.ж. Бернде патент бюросында эксперт болоады, 1909-1913 ж.ж. Цюрих политехникумының профессоры, 1914-1933 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры және физика институтының директоры болады. Фашистер үкiметi құрылғаннан кейiн Германиядан кетуге мәжбүр болады. 1933 ж. АҚШ-қа көшедi, өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн Принстон институтының перспективтi зерттеуiнде қызмет етедi. Эйнштейн кеңiстiк, уақыт және материя туралы түсiнiктi түбегейлi түрде өзгертiп салыстырмалылықтың арнайы және жалпы теориясын құрды. Өзiнiң теориясына 2 постулатты енгiздi: Галилейдiң салыстырмалы механикалық принципiнiң жалпыламасы болатын салыстырмалылықтың арнайы принципi және вакуумдегi жарық жылдамдығының тұрақтылық принципi. Сол теориясының негiзiнде 1905 ж. масса мен энергияның байланыс заңын ашты. Эйнштейн кванттық теорияны құруға да маңызды роль атқарды. Егер 1900 ж. Макс Планк материалды осциллятордың энергиясын ғана кванттаса, ал Эйнштейн 1905 ж. жарықтық сәуле шығаруды, жарық квантының немесе фотондардың ағыны деп қарастырып, кванттық, дискреттiк құрылымын зерттедi. Жарықтың кванттық теориясының негiзiнде фотоэффект құбылысын түсiндiрдi.

Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1879, физика, 1955, альберт, Эйнштейн
Просмотров: 2779 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]