Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Физика кабинетінің паспорты
[ Скачать с сервера (317.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
22.02.2012, 21:17

Қауіпсіздік техникасының ережелері

1.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек.
2.Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылап жүру керек.
3.Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет.
4.Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды. Спирт шамын қалпақпен өшіреді.
5.Ашық спиральды электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады.
6.Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін қадағалау қажет.
7.Пробиркада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру қажет: Пробирканың ауызын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды. Пробирканы арнайы штативке бекіту қажет. Пробирканы қағаз кесінділерімен ұстауға болмайды.
8.Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және резеңке түтікшелерінің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет.
9.Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанда ұстамай, жанынан ұстау керек.
10.Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез шытынайтынын және сынатынын ескерген жөн. Шыны кесіп кеткен жағдайда кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды. Жараны дәріленіп тазартылған дәкемен тазалап, сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты спирт тұнбасын жағу керек.
11.Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар.
12. Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт т.б.) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар. Ток көзін айырмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар.
13.Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.
14.Ток көзін айырған бойда конденсаторларға, олардың қысқыштарына, стационар электр қондырғылардың корпустарына тиіспеңдер.
15.Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.
16.Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратыңдар.
17.Кабинетте алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті аптечка болуы керек.


Кабинетті байқау жөніндегі
комисссияның қорытындысы

Физика кабинеті әдістемелік және санитарлық талаптарға, қауіпсіздік техникасы ережелеріне сай ұйымдастырылды. Осыған байланысты бұл оқу кабинетінде сабақтар жүргізуге рұқсат берілді.

Физика кабинетінің
оқу жылына дайындығы туралы акт

1 қыркүйек 2009 жыл
Біз төменде қол қойған комиссия мүшелері мектеп директоры Ғ.Б. Жапақов, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі М.Т. Сыхов,
кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Е. Абакиев,
шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Т. К. Жұлдызбай,
физика пәнінің мұғалімі Б.С. Ғабдығалиев

физика кабинетін тексеріп, ол барлық талаптарға сай келеді деген шешім қабылдадық. Осыған байланысты физика кабинетінде сабақтар жүргізілсін.


Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз

Категория: Физика | Добавил: Admin | Теги: кабинетінің, физика, паспорты
Просмотров: 13989 | Загрузок: 843 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.8/46
Всего комментариев: 2
2 Сандуғаш  
Рахмет, көп-көп, жұмысыңыз жемісті, табысты болсын. Шәкірттеріңіз биітен көріне берсін.

1 akerke  
жүктеу
Ответ: Енди жуктеуінізге болады

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]