Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Гюйгенс Христиан 1629 - 1695


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:00

Гюйгенс Христиан 1629 - 1695 Х.Гюйгенс – голландиялық физик, механик, математик және астроном. Ол 1629 ж. Гааге қаласында туылған. 1645-1647 ж.ж. Лейден университетiнде және 1647-1649 ж.ж. Бред университетiнде оқыған. 1665-168 ж.ж. Парижде тұрып, Париж ғылым академиясының мүшесi болып тағайындалады, 1681 ж. бастап Гаагада тұрады. Гюйгенстiң физикалық зерттеулерi механика, оптика, молекулалық физика салалары бойынша болды. Ең алғаш 1656 ж. маятниктi сағатты ойлап тапты. Физикалық маятниктiң тербелiс центрiн және оның тербелiс периодын анықтау бойынша есеп шығарды. Сонымен қатар серпiмдi денелердiң соқтығысуын зерттеп, 1669 ж. оның заңдарын қорытты және "тiрi" күштердiң қозғалыс мөлшерiнiң сақталу заңын орнатты. 1678 ж. жарықтың толқындық теориясын ашты. Жарықтың таралу механизмiн түсiндiрiп, өзiнiң атымен аталатын әйгiлi принципiн ашты (Гюйгенс принципi). "Кристалл осi" деген түсiнiктi енгiздi. 1678 ж. жарық поляризациясын ашты. 1665 ж. Р.Гукпен бiрге термометрдiң тұрақты нүктелерi – мұздың еру нүктесi және судың қайнау нүктесiн орнатты. 1667 ж. су қатқан кезде ұлғаятынын көрсеттi.

Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1695, Христиан, физика, 1629, Гюйгенс
Просмотров: 2537 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]