Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Нильс Бор 1885 - 1962


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:02

Нильс Бор 1885 - 1962 Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында жұмыс iстедi, ал 1912-1913 ж.ж. Манчестерде Э.Резерфордтың жетекшiлiгiнде болды. 1916 ж. бастап Копенгаген университетiнiң профессоры болып, ал 1920 ж. бастап өзi құрған теориялық физика институтының директоры болып қызмет еттi. 1913 ж. Планктың квант энергиясы туралы идеясы бойынша Резерфордтың атомдық моделiнiң негiзiнде өзiнiң классикалық заңдарға қарама-қайшы келетiн 2 постулатқа негiзделген сутегi атомының теориясын құрды. Бұл атомның бiрiншi кванттық моделi болды. Бор теориясы атом құрылымындағы күрделi сұрақтарды түсiнуге мүмкiндiк бердi. Атомның кванттық теориясын ашқаны үшiн 1922 ж. Нобель сыйлығына ие болды. Бор ядролық физиканың дамуына да көптеген ықпалын тигiздi. Ол 1936 ж. құрама ядро теориясын ашты, ядроның тамшы моделiн және атом ядросының бөлiну теориясын құраушылардың бiрi. Бор Копенгагенде физиктердiң үлкен интернационалдық мектебiн құрды.

Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1885, бор, 1962, физика, Нильс
Просмотров: 3958 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]