Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ом Георг Симон 1789 - 1854


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:28
Ом Георг Симон 1789 - 1854 Немiс физигi Георг Симон Ом Эрланг қаласында дүниеге келген. Георг алғашында гимназияда, кейiннен Эрланг университетiнде оқиды да, Швейцарияда жеке мектепте сабақ бере бастайды. 1811 ж. ол университеттегi емтихандарын тапсырып, философия докторы деген дәрежеге ие болады. Ол Кельндегi гимназияға аға оқытушы болып орналасады. Кельнге көшiп келгеннен бастап Ом физикалық тәжiрибелермен айналыса бастайды. Көптеген оқыған кiтаптарының әсерiнен, әсiресе Эрстедтiң ашқан жаңалығынан кейiн Ом 1820 жылы электромагнетизмдi зерттеуге кiрiседi. 1826 ж. өз заңын тұжырымдаған еңбегiн жарыққа шығарады. ЭҚК-i, кернеудiң азаюы, өткiзгiштiк деген ұғымдарды енгiзген Ом болатын. Ол тiзбектiң бөлiгi үшiн ток күшiнiң кернеуге тәуелдiлiк заңын, сондай-ақ тұйық тiзбектегi ток күшiн анықтайтын заңды ашты. Ом кедергiнiң өткiзгiш ұзындығына және оның көлденең қимасының ауданына тәуелдiлiгiн тапты, ток күшiн өлшейтiн сезгiш приборды жасады. Ом кернеу көзi ретiнде термопараны пайдаланды (термопара – ұштары жалғанып дәнекерленген әр түрлi металдан жасалынған екi сым). Дәнекерленген ұштарының температуралар айырмасын арттыра отырып, кернеудi өзгерттi. Ол ток пен жылуөткiзгiштiк арасындағы ұқсастықты пайдаланып, электр тiзбегiнiң теориясын жасамақ болды. Бiрақ Омның ашқан жаңалықтары немiс ғалымдары арасында дұрыс қабылданбады. Өмiрiнiң соңғы жылдарында ғана оның еңбектерi таныла бастады. 1841 ж. Омға Лондон хандық қоғамының ең жоғары марапаты – Копли медалi берiлдi, ал 1850 ж. Мюнхен университетiнде кафедраны басқару ұсынылды
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: Симон, Георг, 1854, Ом, 1789, физика
Просмотров: 7582 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.8/13
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]