Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Попов Александр Степанович 1859 - 1905


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:23
Попов Александр Степанович 1859 - 1905 Попов Александр Степанович – 1859 жылы туған, 1877 жылы Санкт-Петербургтегi университетке оқуға түстi; 1882 жылы физика-матема- тикалық факультетiнiң математикалық бөлiмiн бiтiргеннен кейiн физика кафедрасында профессор атағын алу үшiн университетте қардылырған. Крондштадтағы теңiз техникалық училищеде офицерлiк класста физика мен электротехника пәндерiнен лекция оқыған. 1893 жылдан бастап Императорлық техникалық қоғамдастықтың IV бөлiмiнiң төрағасы. Негiзiнен электротехникамен айналысқан; 9 жыл бойы жаздық кезеңдерде Нижегородтық жәрмеңкенiң электр станциясының меңгерушiсi болды. Баспа жұмыстарынан келесi мақалаларды атап көрсетуге болады: "Орыс физика-химиялық серiктестiктiң журналында" жарық көрген " Жылулық энергияның механикалық энергияға айналуы" (1894), "Электр тербелiстердi табу мен регистрациялау құралы" (1896); осы құрал кейiннен өткiзгiшсiз электромагниттiк толқындардың көмегiмен телеграфтауда қолданылды. Кейiннен осы мақсаттта Англияда Маркони жасаған құрал Поповтың құралының аналогы болып шықты. Сонымен қатар "Электричество" журналында Попов әртүрлi кезде электротехника саласынан бiрнеше мақала жариялады. 1905 жылы 31 желтоқсан күнi қайтыс болды. Попов Герцтiң керемет тәжiрибелерiн жасаудаң нәтижесiнде өткiзгiшсiз телеграфтауды ашты. Алғаш рет өзiнiң құралдары мен тәжiрибелерiн1895 жылы Орыс физика-химиялық серiктестiктiң отырысында көрсетiлдi және үлкен қызығұшылық тұғызды. Өзiнiң ашулары үшiн 1898 жылы Императорлық техникалық ұйымның премиясын алды, 1900 жылы құрметтi инженер-электрик атағын алды, ал 1901 жылы Императорлық техникалық қауымдастықтың құрметi мүшесi болды. Попов өзiнiң ашқан құралдардың қолдануына броненосец "Генерал-адмирал апраксин" –дi құтқарғанда қатысты. 1901 жылы электротехникалық институттың физика профессоры болып, ал 1905 жылы қыркүйекте осы институттың директоры болып сайланды. Александр Степанович Поповтың атымен физика мен электротехника салаларында жасалған еңбектер үшiн берiлетiн премия аталды.
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1859, Степанович, Попов, александр, физика, 1905
Просмотров: 2319 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]