Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Томсон Уильям 1824 - 1907


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:19
Томсон Уильям 1824 - 1907 Ағылшын физигi Уильям Томсон әкесi Джеймс Томсонның жетекшiлiгiмен бастауыш бiлiм алды. 1834 ж. Томсон Глазго университетiне түседi, одан Кембридж университетiнiң Святой Петр (Питерхаус) колледжiне ауысады. 1845ж. универститеттi тәмамдағаннан кейiн, Париждегi Анри Виктор Реньоның лабораториясында бiрнеше ай жұмыс iстеп тәжiрибе жинайды. 22 жасында Томсон Глазго университетiнiң табиғи философия, яғни физика ғылымының профессоры болып тағайындалады. Глазгода Томсон Ұлыбританиядағы алғашқы физикалық лабораторияны ашты. Томсонның тәжiрибелерi жылудың динамкалық теориясын жасауға мүмкiндiк бердi. Термодинамиканың ең басты принциптерi Томсон (Кельвин) температурасының абсолют шкаласына және оның тапқан энергия диссипациясының принципiне негiзделген. 1851 ж. термодинамиканың екiншi бастауын тұжырымдап, энергия теориясын жасап шығарды. 1856 ж. Томсон өткiзгiштен ток өткен кезде жылу бөлiнетiнiн немесе жылу жұтылатынын байқаған. Бұл құбылысты Томсон эффектiсi деп атаған. 1870 ж. қаныққан будың серпiмдiлiгi сұйық бетiнiң пiшiнiне байланысты екенiн көрсеттi. Томсон – сымсыз телеграфтың негiзiн құрушы. 1854 ж. бастап трансатлантикалық телеграфтық кабельдердi жүргiзу жұмыстарына көп көңiл бөлдi. Телеграфтық байланысты шын мәнiнде жүзеге асыруда Томсонның тек теориялық бiлiмi ғана емес, сонымен қатар оның техникалық ашқан жаңалықтары де негiзгi роль атқарды. Томсонның магнетизмнiң математикалық теориясы, серпiмдiлiк теориясы, эфирдiң жаратылысы, атомның өлшемi және т.б. жөнiндегi еңбектерi бар.
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1907, 1824, уильям, физика, Томсон
Просмотров: 3517 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]