Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Биосфера ұғымы. Биосфераның шекаралары.
[ Скачать с сервера (1.84 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
21.05.2015, 10:48

Ә.Жангелдин атындағы негізгі орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні: Физикалық география
Сыныбы: 6
Пән мұғалімі: Абжалелова Ф.Ғ

Мұқыр ауылы-2015 ж


Сабақтың тақырыбы: Биосфера ұғымы. Биосфераның шекаралары.
Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушыларға биосфера туралы түсінік беріп, биосфера ұғымын қалыптастыру, табиғатының біртұтас екендігін түсіндіру.
Дамытушылық-оқушыны жайдан күрделіге принципті белсенділігін арттыруға өздігінен ізденуге, сабақта алған білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік-табиғатының тұтастығын, сұлулығын тануға, аялауға қорғауға үйрету.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, ойын элементтері, сөзжұмбақ құрастыру.
Көрнекіліктер: Дүниежүзінің физикалық картасы, климаттық белдеулер картасы. Атлас-6кл. Интерактивті тақта
Техникалық құрал-жабдықтар: электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі 2 минут
ІІ.Үй жұмысын тексеру 10 минут
ІІІ.Жаңа сабақ 15 минут
IV.Бекіту 10 минут
V.Қорытынды 5 минут
VI.Үйге тапсырма беру 2 минут
VII.Бағалау 1 минут
І.Амандасу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлау.
ІІ.Үй жұмысын тексеру №5 практикалық жұмыс.
«Өз өлкеңнің ауа райы жайлы материалдарды өңдеу және талдау»
(100-109бет, 106-107 бет)
1.Ауа райы деген не?
2.Климат деген не?
3.Климат сөзі қай тілден енген?
Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік жай күйін ауа -райы дейді.
Климат дегеніміз ауа райының белгііл бір жерге тән көп жылдық орташа жай күйін айтады.
Климат грекше еңкіш дегеннен шыққан.
4.Қандай климаттық белдеулер бар?
Негізгі-4, өтпелі 3 белдеу қосқанда 13 климаттық белдеу бар.
5.Климатты қалыптастырушы қандай себептер?
Географияның ендік, мұхиттарын алыс-жақындағы, жер бедері, ауа массалары.
6.Қазақстан мемлекеті қай материкте орналасқан.
Евразия материгі, түкпірінде.
7.Қазақстан қандай климаттық белдеуде?
Қоңыржай климаттық белдеуде.
8.Климаты қандай?
Шұғыл континенті
9.Біздің жеріміздің климаты қандай?
Шұғыл континенті
10.Жазы қандай жауын-шашын, мөлшері?
11.Қысы қандай, қар қалыңдығы, жату ұзақтығы?
12.Жер бедері қандай?
13.Наурыз айының орташа температурасы қандай болды?
14.Наурыз айында жел көбіне қай бағыттан соқты?
15.Климатты шаруашылықта пайдалануға бола ма?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Табиғат дегеніміз не? Табиғат қандай топқа бөлінеді? Жердің қандай қабаттары бар?
«Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі – бәрі де адамға ләззат береді. Ес білгеннен бері ата-анамыз үлкендердің өне бойы айтып отыратын өсиеттерімен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұқсан келтірмейді және өзгеге де жол бергізбейді.
Ш.Уәлиханов.
атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жеріміздің қабаттарының бірі-биосфера қабатына арнаймыз.
Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш географы, этнограф шығыстанушы ғалымы. Биыл туғанына 180 жыл.
Табиғаттағы өсімдіктер, жануарлар және майда ағзалар – тірі ағзалардың түрлері.
Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады.
Биос-тіршілік, сфера-шар грекше.
Биосфера туралы ілімнің негізін салушы ұлы орыс табиғат зерттеушісі Владимир Иванович Вернадский. Биосфераның жоғарғы және төменгі шекаралары тіршілікке жарамды жағдайлардың шегімен анықталады.
Жоғарғы шекара тірі ағзаларды құртып жіберетін әсіресе күлгін сәулелерді ұстап қалатын озон қабатына сәйкес. Бұл қабат орта есеппен жер білігінен 20км биіктікке орналасқан деп есептелінеді. Төменгі шекара жер қойнауында температурасы +100оС –қа жететін тереңдікте, 3-10 км аралығында. Сонда биосфера қабатының қалыңдығы 20-30км шамасында болады. Биосфера шекарасы. (суреті)
Осы қабықшадағы тірі ағзалардың басты ерекшелігі көбейгіштігі. Бір ғана бактерияның ұрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда 108 сағатта Дүниежүзілік мұхитты толтырар еді.
Екінші қасиеті-тіршілік жағдайына икемділігі. Микроағзалар-жердің мәңгі тоң қабатында да, ыстық гейзерлерде де тіршілік етеді. Солардың кейбіреулері тұзды суда, қалыпты жағдайдан 3млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездеседі. Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі ағзалар ауада, суда жер қыртысында таралған. Ағзалар жердің литосфера қабығында аздаған тереңдікке өтеді. Олардың терең қабатында таралуына жер қойнауының температурасы кедергі жасайды. Температура жер қыртысында тереңдеген сайын артып +100оС-тан асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі дегенде 4 км тереңдіктен табылған. Мұхиттағы тіршілік үлкен тереңдікте таралған, тіпті терең шұңғымалардан табылған. Тіршілік таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады. Ауа ағындары бактерияларды 20-22 км биіктікке дейін таратады. 6км-ден астам биіктікте өрмекшілер, көбелектер байқалған. Тіршілік жер бетінде және гидросфераның 200 м тереңдікке дейінгі беткі қабатта көп шоғырланған. Сонымен тіршілік литосфераның бет жағын, атмосфераның төменгі қабатын, гидросфераны түгелдей қамтиды. Өсімдіктер, жануарлар, майда ағзалар құрлықтың немесе судың белгілі бір алқабына шоғырланады. Олар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланыста болады. Өсімдік-өлі табиғаттың заттарынан минералдық тұздардан, судан, көмірқышқыл газынан күн сәулесінен тіршілік үшін қасиетті зат түзеді, оттекті бөліп шығарады. Өсімдікті шөп қоректі өсімдік жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштарға жем болады. Олардың қалдықтарын майда ағзалар ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіретін қоректік затқа айналдырады. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар, майда ағзалар бірлестігін биоценоз деп атайды. (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ). Биоценозға мысал ретінде батпақ, көл, шалғын, құмды шөл, сор атауға болады. Біздің жеріміздің құмды шөл, шөлейт өсімдіктері, тікенек, қия, жусан, алабота, жануарлары бауырымен жорғалаушылар, бүйі, бозторғай т. б. атауға болады.
Термин сөздермен, дәптермен жұмыс.1. Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш географ ғалымы.2. Биос-тіршілік, сфера-шар. (грекше)
3.Биосфера ілімінің негізін салушы орыс ғалымы В.И.Вернадский.4. Озон қабаты-әсіре күлгін сәулені өткізбейтін қабат.5.Био-тіршілік, ценоз-ортақ. (грекше) озон – грекше «аңқыған»
IV.Бекіту.

1.Семантикалық карта.
20-30 км В.И.Вернадский Биоценоз Тірі ағзалар қасиеті Биосфера Тірі ағзалар түрлері
Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабат
Биосфера ілімінің негізін салушы
Биосфера қалыңдығы,
шекарасы
Тірі ағзалардың көбейгіштігі,икемділігі
Өсімдіктер,жануарлар,майда ағзалар
Біртекті алқапты мекендейтін өсімдіктер,
жануарлар,майда ағзалар бірлестігі

2.Сөзжұмбақ
Б И О С
Г И Д Р О С Ф Е Р А
Я Д Р О
С Ф Е Р А
Ф А У Н А
Ж Е Р
Л И Т О С Ф Е Р А
А Т М О С Ф Е Р А

1.Грекше тіршілік?2.Су қабығы?3.Жердің ішкі қабаты?
4.Грекше шар?5.Жануарлар әлемі?6.Тіршілік бар планета?
7.Жердің қатты қабығы?8.Ауа қабығы?
3.Топпен жұмыс.
І топ ІІ топ
Мақал-мәтелдер. Табиғат туралы эссе,шығарма жазу
«Күте білсең жер жомарт» немесе газет шығару .
«Жері байдың-елі бай»
«Орман,тоғай-жер сыны, көкорай шалғын-көл сыны
«Көлдің көркі-құрақ
Таудың көркі-бұлақ»
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Өрісіне қарап мал өсір,
Өзеніне қарап тал өсір»
V.Қорытынды. Даналық сөздер, өлеңдер.
1. «Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады».
Гете
2.Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.
М.Мақатаев
3.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ол анаң ғой, ол сен кенже ұлысың.- деп М.Мақатаевтың өлең жырларымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Өзіміз тіршілік етіп отырған қоршаған ортаны күтіп аялай білейік!
VI.Бағалау (жетондармен)
VII.Үйге тапсырма. Биосфера ұғымы, биосфера шекаралары §46

Қолданылған әдебиеттер:
1.Физикалық география 6сынып
2. «География және табиғат» журналы №2 2003, №4 2009
3.Жер ғаламшары Алматы «Просвещение-Қазақстан» 2009

Категория: География
Просмотров: 7546 | Загрузок: 63 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]