Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Су ресурстары ҚР-да


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
04.04.2012, 17:18
Су ресурстары
Жер үстi сулары транзиттiк Есiл өзенiмен Аққанбұрлық, Иманбұрлық және басқа да бiрнеше ағындылармен өтедi (Тереңсай, Чудасай, Мальцевский және т.б.), Силеты, Чаглинка, Қамысақты, Ащысу, Қарасу, өзендерiмен және басқа да уақытша ағысы бар бiрнеше су ағындыларымен. Содан басқа, облыс көлдермен бай, олардың арасында кiшi көлдер де бар. Батпақтар да кездеседi.
Солтүстiк Қазақстан облысы аз ылғалданған аймаққа жатады. Су объектiлерiнiң негiзгi ластану көздерi өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрмыстық ағындар және тасқындық сулар болып табылады. Есiл өзенi Обь өзенi жүйесiне жатады. Есiл қармен толықтырылатын өзендер түрiне жатады, ол 80% астам жылдық ағын бередi. Өзеннiң режiмi көктемгi ашық су тасуымен белгiленедi, оның басталуы 10-12 сәуiрге келедi, ал нағыз кезi — сәуiрдiң үшiншi декадасына, және ұзын тұрақты сабамен. Су тасуының төмендеуi шiлде айының ортасына дейiн созылады. Ерекше мол сулы жылдары су деңгейi Петропавл су қоймасы бөгетiнiң төменгi бъефi кестесiнiң нөлiнде 10-11 метрге көтерiледi. Кестенiң нөлiне БЖ (балтық жүйесi) 86,4 метр деңгейi алынды. Судың жайылма алқапқа шығуы су 940 см және одан жоғары көтерiлгенде болады. ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары ең жоғары су тасуы 10-метрлiк белгiден асып кетуi өстi: егер 30 жылда, 1936 ж. бастап 1965 ж. дейiн осындай жағдайлар 4 болса, ал соңғы 30-жылдық iшiнде олардың 9 байқалды, сонымен қатар олардың барлығы 1985 ж. кезеңiне келедi. 1994 ж. көтерiлу деңгейi 11 м асты, бұл максималды белгi барлық байқау кезеңiне арналған. Көктемгi-күзгi саба шiлде айының ортасынан қазан айының ортасына дейiн созылады. Су тартудың көптеген тұйықталған азайтулардың тегiс сипаттамасы, өзен арнасының кiшi еңiстерi және жайылма алқаптардағы маңызды сыйымдылықтар жазғы-күзгi жауын арқылы өзенде су деңгейiнiң өсуiне мүмкiндiк бермейдi. Жазғы-күзгi сабамен қысқыға көшу деңгейдiң төмендеуiмен байқалмайды, керiсiнше, қайраңды өзендерде мұздану процесi ағысты тарылтады және жоғарыда орналасқан терең сулары үшiн тежеу құрайды, соның салдарынан олардағы деңгей аздап көтерiледi. Бұл өзендегi мұздану шебi ағысқа қарсы жүретiнiмен түсiндiрiледi, яғни солтүстiктен оңтүстiкке қарай. Жер асты суларының ағысы арқылы қоректену және облыс шекараларындағы учаскеде жайылма алқаптарға су беру шамалы, бiрақ жазғы-күзгi-қысқы саба кезiнде көлдегi судың тұрақты ағысын ұстап тұру үшiн жеткiлiктi. Байқау кезiнде 1937 жылы өзеннiң кеуiп қалуы байқалды және қатып қалуы 1936-39 жж. және 1986 ж. Өзеннiң орта жылдық ағысы 2,5 км3 жуық құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында болады, мұз басудың ұзақтығы — 5 ай. Есiл жоғары минералдандырылған сулы көлдерге жатады, бұл су тарту бассейнiнiң құрғақшылық климатымен белгiленедi және өзендi суаратын жер асты суларының жоғары тұздылығымен. Есiлдiң минералдануы маусымға байланысты ауысып отырады, су кермек болса. Оттегiлiк режiм қанаттандырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ағыс Вячеславское, Сергеевка, Петропавл су қоймаларымен реттеледi. Есiл өзенi — облыстың ең iрi су тамыры және сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi.

Су ресурстары жағдайының мониторингі
________________________________________
Су ресурстары жағдайының мониторингі – жер үсті және жерасты сулардың сапасы жағдайын бақылау жүйесі.

Су ресурстары жағдайының мониторингі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің «Қазгидромет» РГБ арқылы жүзеге асады .

Қазгидромет» РГБ өнімін 7 (3272) 67-51-57 и по E- mail ulzhabaeva@meteo.kz тел/факсі арқылы гидрометеорологиялық қамту Басқармасы және халықаралық бірлестікпен байланыса отырып ала аласыз.

«Қазгидромет» РГБ өнімдерінің тізімі:
гидрология бойынша:
• су деңгейлері мен шығындары
• су температурасы
• мұз қалыңдығы, мұздағы қар биіктігі, мұздағы құбылыстар
теңіз гидрологиясы бойынша (Каспий теңізінің Қазақстандағы жағалауы):
• теңіз деңгейі
• теңіздің толқуы
• судың тұздылығы
• мұзды қабат (жағдай)
• мұз қалыңдығы
табиғи ортаның ластануы бойынша:
• қалалардағы атмосфералық ауаның ластануы
• гидрохимикалық көрсеткіш бойынша құрғақ жерлердің үстіндегі су сапасының сипаттамасы
• ақпарат алу үшін жедел түрде жоғарыда көрсетілген факс пен электрондық адреске «Қазгидромет» РГБ Бас директоры Күдеков Тұрсынбек Керімұлына қажетті ақпаратты нақты көрсете отырып, өтініш жазу қажет. Ең бастысы байланыс телефонын көрсету керек, себебі Гидрометеорологиялық қамту мен халықаралық бірлестік басқармасының мамандары сізге қажетті ақпараттың құнын, өтінішті орындау мерзімін, төлеу туралы мәселелерді анықтау қажеттілігінде.
Категория: География | Добавил: Admin | Теги: география, ресурстары, ҚР-да, су
Просмотров: 6624 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]