Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Айнымалы типтері
[ Скачать с сервера (1.88 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Информатика]
21.11.2015, 09:31

Сабақ жоспары

Сыныбы: 7                                 Күні:

Сабақ тақырыбы: Айнымалылар типтері

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға айнымалылардың типтерін ажырата білу және практикада қолдану жағдайын қарастыру;

2. Есеп шығару барысында айнымалыларды айқындай білу дағдыларын дамыту;  жұмыс жасауда нәтижеге қол жеткізу;

3. Ой –тұжырымы нақты, дәл болуына бағыт беру;

Түрі: дәстүрлі;

Типі: жаңа сабақты меңгеру;

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау, анықтау

Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, ноутбуктар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

Б) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

  1. Алгоритм дегеніміз не? (Орындаушы белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталған әрекеттер тізбегін орындап шығуға арналған нұсқаулар.)
  2. Команда дегеніміз не? (Алгоритмнің нұсқаулары)
  3.  Алгоритмнің қасиеттерін ата? (Дискреттілігі, анықтығы, жалпылығы, нәтижелігі )
  4. Алгоритмнің қандай түрлері бар? (Сызықтық, тармақталған, циклдік)
  5. Алгоритмді графикалық түрде қалай кескінделеді? Бұл тәсілдің қандай артықшылығы бар? (Блок-схема, алгоритм қосымша түсіндіруді қажет етпейді, өйткені ол әрекеттер тізбегін көрнекі түрде кескіндейді)
  6. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? (Әрекеттердің рет-ретімен орындалуын айтады? )
  7. Алгоритмдерді кескіндеу тәсілдері қандай? (Табиғи тілде, графикалық тілде; алгоритмдік тілде; Программалау тілде;)
  8. «Алгоритм» сөзі қайдан шыққан? («Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми есіміні латынша жазылуынан шыққан. )

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

а) тақырыбын айту,

Б) мақсатын айту;

В) тақырыпты түсіндіру; Көптеген практикалық есептерді шығарғанда айнымалылармен жұмыс істеге тура келеді.

 Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар атаумен белгіленіп, әр уақытта әртүрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауын VAR түйіді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Категория: Информатика | Добавил: daulet200908
Просмотров: 4383 | Загрузок: 36 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]